Оқыту құралдары жүйесін қолдану мынадай принциптерді қанағаттандыруы қажет:
Жабдықтар оқу үдерісі элементтеріне қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Мұндай талаптар: құбылыстағы маңызды нәрсені көрнекі түрде көрсету, көрнекіліктің бәріне бірдей көрінуі және қабылдануын қамтамасыз ету, эстетикалылығы т.с.с
Жалпы қызмет көрсететін жабдықтар бір-біріне және демонстрациялық құрылғыларға сәйкес келуі керек.
Оқыту құралдары саны мен типі оку бағдарламасының материалдық қажеттіліктерін толық қанағаттандыруы қажет.
Оқыту құралдары нақты оқыту жағдайларына сәйкес болуы тиіс.
Көрнекілік кұралдары төмендегі функцияларды орындауы қажет:
мектепте көрсету мүмкін емес құбылыстар, үдерістермен таныстыру;
заттың қазіргі түрін және өткен тарихи дамуын бейнелеп көрсету;
кұбылыстар мен үдерістер сипаттамаларындағы өзгерістерді көрнекі түрде көрсету;
бұйымды қолдану, дайындау немесе жобалау кезеңдерін көрсету;
нәрсенің кұрылысын және жұмыс істеу принциптерін, оларды басқаруды,
техникалык кауіпсіздігін көрнекі түрде көрсету;
— ғылым тарихы мен оның даму болашағымен таныстыру.
Көрнекілік кұралдар үш топқа бөлінеді:
Ақыл-ой әрекеттері идеалдық құралдар көмегімен жүзеге асырылады. Мұраттық (идеалдық) оқыту құралдары — мұғалімдер мен оқушылардың жана білімдерді меңгеру үшін қолданылатын бұрын меңгерілген білім мен біліктері болып табылады. Идеалдық оқыту құралдарына сөйлеу тілі, жазу, сызбалар, шартты белгілер, диаграммалар, енер шығармалары, есте сақтау үшін қолданылатын мнемотехникалық белгілер және т.б. Материалдық және мұраттық оқыту құралдары бірін-бірі толықтырып отырады. Барлык құралдарды қолдану окушылардың білім сапасына көп жақты әсер етеді: материалдық құралдар негізінен оқушылардың қызығушылықтарын, зейінін ұйымдастыру, практикалық әрекеттерді жүзеге асырумен, жаңа білімдер меңгертуге тікелей әсер етеді, ал идеалдық құралдар материалды түсінуге, талдау логикасына, сөйлеу тілі мәдениетіне, интеллектінің дамуына оң әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |