Оқытудың жаңа моделі мен оқу үдерісіндегі ақпараттық технологиялар құзіреттілігі



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі29,9 Kb.
#18893
1   2
Байланысты:
Оқытудың жаңа моделі мен оқу үдерісіндегі ақпараттық технологиялар құзіреттілігі

 корпоративтік оқыту орталығына басқа лекторларды тарту арқылы дәріс беруді жүргізеді. Оқытулар семинарлар, курстар, тренингтер, симпозиумдар, конференциялар, шеберлік-кластар түрінде өтеді. Бір немесе бірнеше білім беру мекемелері қызметкерлерін корпоративтік оқыту әріптестер арасындағы достастық өзара қарым-қатынастар, білімдерін,тәжірибесін және әртүрлі ақпаратты алмастыру өте пайдалы болып табылады.

Білім беруді ақпараттандыру, ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану тұрғысында сапалы жаңа деңгейге көшу және білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институты «SMART Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері» атты институттың әдістемелік тақырыбы аясында қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары мен тақырыптық шараларда жұмыстар ұйымдастырылуда.

Оқу үдерісін ақпараттық коммуникациялық құралдарсыз көзге елестету қиын. Интернет технологиясы  арқылы оқыту (E-learning) – бұл интернет желісі арқылы оқу үдерісіне қажетті ақпараттың үлкен көлемін тасымалдауды және оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивтік арақатынасты жүзеге асырып, осы үдерістерді компьютерлік бақылауға негізделген. Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат –  білім беру үдерісінің барлық құрамдас бөліктерінің үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтында ақпараттық - коммуникациялық технологияны біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді пәндік курстарына енгізу барысында:

1.«Информатиканы оқытуда "e-learning" және АКТ-ны қолдану»;

2. Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізудің тұжырымдамалық негіздері.

3. Интерактивті тақтамен жұмыс тақырыптарында  тыңдаушыларға дәрістер оқылып келеді.

Инновациялық-технологиялар және ғылыми жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы қысқа мерзімді біліктілікті арттыру пәндік курстарында жоғарыдағы біліктілікті арттыру курсына ұсынылған тақырыптарды институттың әдістемелік тақырыбы негізінде жүргізуде. Электрондық оқыту порталында модульдарымен практикалық жұмыстар жасауға машықтандырды. Курстың соңында тыңдаушылар курсты ұйымдастыру мен оның тақырыптық мазмұндары бойынша пікірін бақылау, білімін анықтау, шығармашылық ізденіс жұмыстарының бағыты бойынша сауалнамалар, тест сұрақтары бойынша кіріс-шығыс бақылау, жоба жұмысын қорғау, дөңгелек үстел (семинарлар) формаларында жұмыстанады және олардың осы дөңгелек столда (семинарлар) тәжірибе алмасуында өздерінің жұмыстарында кездесетін қиындықтар, жетістіктерін, ұсыныстарын талқылайды.

Intel® бағдарламасы бойынша қысқа мерзімдік біліктілік арттыру курстарында:

1.«Болашақ үшін оқыту» ХХІ ғасырдың ақпарат және білім беру технологияларына кіріспе.

2.«Болашақ үшін оқыту» ХХІ ғасырдағы ақпараттық білім беру ортасындағы жобалау қызметі, тақырыптары бойынша дәрістер оқытылуда.

Мұғалімдер курстың оқу үдерісінде түрлі педагогикалық жағдайларды талқылау, талдау, сезіну; сабақтарға қатысу үдерісінде оқушылардың жеке жобалау-зерттеушілік қызметін ұйымдастыру дағдыларын жаттықтыру; кәсіби тілдесу(оның ішінде желілік) дағдыларын жаттықтыру мүмкіндіктері бар, түрлі эмоциялық және қызметтік тәжірибе алады, өз кезегінде мұғалімнің жаңа кәсіби мәдениетінің дамуына ықпал етеді. Интернет – қорлар:Http://iteach.kz/, http://wiki.iteach.kz/

Біліктілікті арттыру институтында ұстаздарды цифрлық білім беру ресурстарын жүйелі қолдануға бағыттап отырады. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша екі тілде 5-11-сыныптарға,1-11-сыныптарға «Математика», 7-11-сыныптарға «Физика», 2-11-сыныптарға «Қазақ тілі» пәні бойынша цифрлық  білім беру ресурстарын қос тілде қысқа мерзімді курс тыңдаушыларына ақпараттық технологиялар бөлімінің мамандары,электрондық оқыту тренерлері қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларына  цифрлық білім беру контенттерінен практикалық дәрістер беріп отырады. Сонымен қатар «DESMOS» қолданушы нұсқаулығын онлайн ортада математика пәні бойынша курс тыңдаушыларына сабақта пайдалану жолдарынан тәжірибелік кеңестер беріліп келеді.

Электрондық оқыту жүйесі бойынша біліктілікті арттыру курстары 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен  «Өрлеу» БАҰО» тапсырмасы бойынша  Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік тапсырысқа сәйкес электрондық оқыту жүйесіне енгізілген 44 мектептің  (480 мұғалім)   пән мүғалімдері  «Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту (e-learning) жүйесінде оқытуды басқару» біліктілікті арттыру курсына қатысты. 2014  жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу негізінде педагог қызметкерлердің АКТ құзіреттілігі» біліктілігін арттыру курстары Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасы мен «Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ арасындағы өзара келісіммен жасалынған маршруттық бет бойынша 220 мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  және 200 пән мұғалімдері біліктілікті арттыру курсынан өтті. Электрондық оқыту жүйесіндегі (e-learning) іс-әрекетке педагог қызметкерлерді оқыту формасы ретінде тренингтік курстарды ұйымдастыру, жұмыс істейтін мұғалімдердің мамандығын арттыру аясында кәсіптік жетілдіру кезеңінде және жоғары  педагогтік кәсіптік білім беру жүйесіндегі кәсіптік дайындау кезеңінде, жұмыс істеудің ең қолайлы формасы болып саналады.

Қоғам жаһандық ақпараттандыру жағдайындағы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі ақпараттық коммуникативтік технологияны енгізу тетіктері мен жолдарын іздестіру қазіргі білім беру саясатының басты бағыты болып табылады.

Батыс Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында, пән мұғалімдерінің облысымызда енгізіліп отырған электрондық оқыту жүйесін насихаттау мақсатында және осы жүйедегі мектептердің пән мұғалімдерінің дайындық деңгейін анықтау мақсатында «Е-контент» және «Үздік сабақ контенті» байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар контент жасақтайтын әртүрлі бағдарламаларды (Power Point, Prezi, Activ Inspire) дайындап көрсетуінен интернет технологияны жақсы меңгергендері байқалды. «Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту (e-learning) жүйесінде оқытуды басқару»  біліктілікті арттыру курсынан  өткен  пән мұғалімдері өздерінің күнделікті жұмыстарында www.e.edu.kz электрондық оқыту порталындағы сандық білім ресурстарын білім үдерісінде қолданылу деңгейін көру болатын. Екінші жағынан курстың өту барысында кері байланыстың орнағанын көрсету.

Байқауда мына мәселелерге басты назар аударылды:



  • өзектілігіне;

  • негізгі мақсаттың толымдылығына;

  • ғылыми идеялардың баяндалуына;

  • әдістемелік жүйеге;

  • күтілетін нәтижесіне.

Мұғалімдер презентациясы мына бағытта көрсетілді:

  • жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне немесе бөлімдеріне сәйкестілігі;

  • материалды ұсынудың толымдылығы;

  • қолжетімділігі;

  • көрнекілігі;

  • технологиялық сипаттамасы;

  • көбейтіліп шығаруға дайындылығы.

Электрондық оқыту  жүйесі жаңа ақпараттық қатынастық технологиялардың кең мүмкіндігі арқылы жалпы орта білім берудің көптеген маңызды мәселелерін шешуге ықпал етеді. Осыған орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институтында. 2013 жылдың  24 сәуірінде zabak.kz сайты zko ipk бөлмесінде «Е-learning және Smart-learning үдерістерін енгізу жағдайында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» тақырыбында Оn-lіnе режиміндегі халықаралық семинар өтті. Семинар барысында ең алдымен п.ғ.д., доцент, «Өрлеу» БАҰО» ақпараттық технологиялар және менеджмент кафедрасының меңгерушісі С.Т.Мұханбетжанова «Электрондық оқытуды енгізу жағдайында педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында әдістемелік нұсқаулықтың презентациямен безендірілген негізгі бөлімдеріне тоқталып, электронды оқытуды білім беру ұйымдарына енгізудің маңыздылығын ашып көрсетті. Онлайн семинарға қатысушы Сеул Кибер Университеті, Корея республикасының білім министрлігінің тәуелсіз эксперті, профессор Хан Тае Ин «E-Learning in Korea» (Кореядағы электронды оқыту) е- learning  жүйесін енгізу мәселесіне байланысты, өңіріміздегі осы салада жұмыс жасайтын мамандардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берсе, Кембридж Университеті білім беру факультетінің тренер-кеңесшісі Джозеф Майкл Дженго мырза «New Trends In World Education – E-learning and SMART learning» (E-learning және SMART learning – әлемдік білім берудегі жаңа бағыттар) тақырыбындағы баяндамасын оқып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінде барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үдерісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы контексте «Барлық білім беру буынында сапалы ұлттық білім беруді жүзеге асыру» мақсатында 27 ақпан 2014 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «SMART-Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері» атты аймақтық on-line конференциясы болды.

Конференция жұмыстарының негізгі бағыттары:

1. Президент  Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы контексте «Барлық білім беру буынында сапалы ұлттық білім беруді жүзеге асыру».

2. Smart education білім беруді дамытудың жаңа тұрғысы ретінде.

3. E-learning үдерісін мектепке енгізудің өзекті мәселелері.

4. Смарт құрылғыларды белсенді түрде қолдануға бағытталған оқыту.

5. Педагогтің АКТ-құзыреттілігін арттыру.

Мақалалар www.zkoipk.kz сайтында жарияланып, педагогтер мен сайт оқырмандары тарапынан өзара пікір алысулар арқылы желілік қауымдастық жұмыстары қалыптасып институт сайтында тәжірибелер алмасылып ашық пікірлер жазылып талқыға салынды.

Аймақтық конференцияның өзектілігі:

1. Конференция жұмысы ұйымдастыру сәтінен бастап, толығымен сайт арқылы қолдауға ие болды.

2. Конференция контенттері қалыптасты. Сәйкесінше, сілтеме.   zkoipk.kz\ conf. html.

Электрондық оқытуды енгізу оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгiн, оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

2014 жылы Орал қаласындағы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында  қала мектептерінің оқу ісі меңгерушілері, жүйелік әкімгерлер және информатика пәндері мұғалімдерінің қатысуымен «Электрондық оқыту жүйесінде цифрлық контенттерді жасақтау»тақырыбында қалалық семинар өтті.Семинарда АКТ-ны сабақтарда қолдану мүмкіншіліктері ,электрондық оқыту жүйесінде цифрлық білім қорларын жинақтау, АКТ-ны сабақта қолдану және сабақтардағы панорамалық көрністер, сыныптан тыс шаралар көрсетіліп өзара тәжірибе алмасылып және сервер кабинетінің жұмысы таныстырылды.

Семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан ақпараттық технологиялар бөлімі қызметкерлері мен электрондық оқыту тренерлері,қалалық білім бөлімінен информатика пәнінің әдіскері қатысты.

Электрондық оқыту жүйесіне қатысты да филиалда өткен шаралар  «е-learning» және сонымен қатар семинар, конференция, байқаулар тарауларында – бейнетаспалар, фотосуреттер, слайдтар, ақпараттық хаттар, баяндамалар мен сабақтар және онлайн шаралар жинақталды.

Филиалда облыс мұғалімдерінің желілік қауымдастық жұмыстарының барысы trener.orleuzko.kz сайтында сілтемелермен орналастырылды. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайларында педагогтердің АКТ құзіреттілігін  қалыптастырудың ғылыми-теориялық  негіздерді, әдіснамасын, әдістемелік жүйесі және курстық шараларды ұйымдастырудың интерактивті әдіс-тәсілдерді меңгеру және т.б. туралы өзара пікір алмасады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының сайтында деңгейлік курс тыңдаушыларына арналған қауымдастық форумы тұрақты жұмыс жасауда.

АКТ-ны қолдану арқылы ұстаздардың жасаған үздік оқу материалдарын тарату механизмін құру. Институтта өткізілген  байқау, семинарлар, аймақтық республикалық және халықаралық деңгейдегі конференциялар материалдары www.zkoipk.kz сайтында жарияланып мектеп мұғалімдерімен колледж оқытушыларының  желілік қауымдастығында пікір алысылып, кең қолдау тапты.

Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:



  • үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту;

  • коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту;

  • сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру;

  • оқу қызметі мәдениетін дамыту;

  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру  өте қажет», – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үдерісінде үйлестіру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Олай болса,  педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны үйлестірудің ерекшелігі   мыналар болып табылмақ:

жаңа ақпарат беру;

-  заманауи технологияны меңгерту;

-  іздендіру;

-  өз бетімен жұмыстарды орындату;

-  ой-қиялын, сынай ойлауын дамыту;

-  іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;

-  қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру;

-  топпен жұмыс істеуді үйрету және т.б.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.       Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің алдағы мақсатымыз, білім жүйесін құру, қоғамды күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Білім беру үдерісіне жаңа технологияларды енгізу «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу».

Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, ақпараттық - коммуникациялық  технология саласында білімді жетілдіру, кәсіби шеберліктерді ұштау  ақпараттық мәдениеттi қалыптастырумен қатар жүргізіледі. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалімнің өздiгiнен бiлiм алуына және өзiн-өзi дамуына жағдай жасау арқылы бiлiм сапасын көтеру негiзгi шарттардың бiрiне айналып отыр.

Қысқаша айтқанда, ғылым мен техниканың қазіргі даму барысында                  мектептер компьютерлік техникалармен және ғаламтор желісімен қамтамасыз етілуі керек. Ол білім берудің ғылыми базасын және олардың өзара байланысын күшейте түсуді қажет етеді. Сонымен бірге, ғылымның, техника мен мәдениеттің даму барысында педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияны үйлестіру білім беру жүйесінің алға басуы болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «ҚР мектепшілік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту жүйесі туралы ереже». Алматы,2011ж.

2. ҚР Ақпараттандыру туралы заң. 2007ж.



3. «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі».Информатика негіздері 2008 ,№4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет