Оқытуды ұйымдастыру формасы



бет7/7
Дата15.12.2022
өлшемі96,5 Kb.
#57485
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі.
Ол мұғалімге бір сабақтың келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізігі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралақ байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдаланылатын көрнекі және техникалық құралдарды ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.
Жеке сабақ жоспары - әр мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде қандай жұмыс жүргізетіндігін анықтайды. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:
1. Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.
2. Сабақ тақырыбы.
3. Сабақ мақсаты.
4. Сабақ құрылымы (дидактикалық кезеңдері).
5. Мазмұны.
6. Әдіс тәсілдері.
7. Құралдары.
8. Үй тапсырмасы.
9. Қорытынды, сабақтың аяқталуы.
Сабақ жоспарлары мұғалімнің дайындығы мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Тәжірибелі мұғалімдер жоспар бойынша сабақ өткізілгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды. Талдауда төмендегі мәселелер еске алынады:
- тақырып мазмұнын оқушылар қалай игерді;
- сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;
- дидактикалық және тәрбие міндеттері қалай шешілді;
- жетістіктер мен кемшіліктер;
- кемшіліктерді келесі сабақта болдырмау жолдары.
Мұғалім өз пәнін терең біліп қана қоймай, оны оқытудың әдістері мен тәсілдерін де үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Мұғалім алдыңғы қатарлы тәжірибені, мамандығына байланысты жаңа әдістемелік еңбектерді үнемі зерттеп, оқып, тиімді пайдалану жолдарын іздестіріп отыруы тиіс.
Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс. Солндықтан олармен жеке-дара, топтық және ұжымдық, фронтальдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады.
Сабақта оқушылар әрекетін ұйымдастыру түрлерін төмендегідей сызбадан көруге болады.
Сызба. Сабақта оқытуды ұйымдастыру формалары.

Оқыту процесі – мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке-дара жұмысының түрі. Себебі әр оқушы білімді өз шамасына, дайындығына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді. Соған орай, жеке-дара жұмыс әр оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың заңдылықтарын оқып, білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.
Жеке-дара жұмыс түрлері
Ø Оқулықпен жұмыс
Ø Практикалық жұмыс
Ø Мұғалім тапсырмасы бойынша түрлі лабораториялық тапсырмаларды орындау
Топтық жұмыс – сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с. оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруы
Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе бірыңғай және бірнеше бөлшекке бөлу жағдайында ұйымдастыру.
Оқушылардың бірыңғай оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмамен шағын топтарңға бөліп, өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады.
Ал бөлшекке бөліп оқыту – бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.
Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшеленеді.
Топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шарттары
Ø Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету;
Ø Жолдастарымен ақылдасуға үйрету;
Ø Оқу тапсырмасының нақты болуы;
Ø Тапсырмаларды топ арасында үйлестіру іскерлігінің болуы.
Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату-тәтті ұжымдық қарым-қатынасын, жауапкершілігін т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады.
Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз – ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке және топтық жұмыстарының элементтері кіреді. Сондықтан ұжымдық жұмыс ерекшелігі өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әр бір оқушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі.
3. Фронтальдық жұмыс – бір сыныптағы барлық оқушылардың бір бағытта, бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім басшылығымен біркелкі жағдайда орындауы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет