ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

 
Қостанай облысы, Жетіқара қаласындағы №2 
орта  мектебінің  II  категориялы  денешынықтыру  пәні  мұғалімі.  Өз 
тәжірибесінде  Денсаулық  сақтау  технологиясын  2011  жылдан  бері  қолданып 
келе  жетыр.  Елімізде  «Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Кодексінің  жобасы  туралы  арнайы  заң  бар. 
Осындай  негіздемелерге  сүйене  отырып  денсаулық  сақтау  технологиясын 
оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сай  пайдалана  отырып,  оны  мынандай  екі 
топқа бөліп қарастырады:  
1. Денсаулық сақтау және ынталандыру.  
2. Салауатты өмір салтын сақтауға үйрету.  
Дене  шынықтыру  сабағында  денсаулық  сақтау  технологиясын  пайдалану 
арқылы  оқушылардың  денсаулығын  шыңдау  тиімді  тәсіл  деп  ойлайды.  Осы 
технология  арқылы  сабақты  ұйымдастыруда  баланың  денсаулығына  зиянды, 
қатты  шаршаттатын  әсерлерді  азайтып,  жас  ерекшеліктеріне  сай  тапсырмалар 
береді.  Мұның  маңыздылығы  қауіпсіз  іс-әрекеттер  арқылы  бала  денсаулығын 
шыңдап,  психологиялық  және  интелектуалдық  тұрғыдан  жан-жақты  дамыту 
қажет.  Денсаулық  сақтау  технологиясын  оқушылардын  жас  ерекшеліктеріне 
327 
 

сай  дұрыс  пайдаланып,  дұрыс  шынықтыру  –  ағзаның  қорғаныш  механизмін 
жоғарлатады,  әр  түрлі  ауруларға  қарсы  тұру  қабілетін  тұрақтандырады,  көңіл 
күйді  жақсарып,  сабаққа  қызығушылығын  арттырады,  өзін  сергек  сезініп, 
жұмыс  істеу  қабілеті  жоғарылайды,  мақсатқа  жету  мен  дегеніне  ұмтылуын 
қалыптастырады.  
Ақтөбе  қаласындағы  №15  орта  мектебінің  денешынықтыру  мұғалімі  II 
категориялы  20  жыл  тәжірибесі  бар  Зайрымбетов  Мейрамбек  Ильясұлы 
денсаулық  сақтау  технологиясын  қолданады.  Білім  берудің  денсаулық  сақтау 
технологиялары  –  бұл  көпшілік  педагогтерге  етене  таныс  жұмыстың  психо-
педагогикалық  әдістері  мен  тәсілдері,  технологиялары  мен  мүмкін  болатын 
мәселелерді  шешудің  жолдары,  сондай-ақ  педагогтың  үнемі  өзін-өзі 
жетілдіруге  ұмтылысы.  Мұғалім  қолданылып  отырған  педагогикалық  жүйе 
қатысушы  педагогтердің  денсаулықтарын  сақтау  міндетін  шешуді  жүзеге 
асырған  жағдайда  ғана  оқыту  мен  білім  беру  үдерісі  денсаулық  сақтау 
технологиясы  бойынша  жүргізіледі.  Дені  сау  бала  –  бала  дамуындағы  іс 
жүзінде қол жетімді норма. Сауықтыру – емдеу-профилактикалық өлшемдердің 
жиынтығы емес, керісінше балалардың психофизиологиялық мүмкіндіктерінің 
даму  формасы.  Индивидуалды-дифферциациялаушы  ыңғай  –  оқушылармен 
сауықтыру  –дамыту  жұмыстарының  негізгі құралы.  Осыдан  дені  сау  белсенді 
оқушы тәрбиеленеді.  
Теңізбаева  Алтынай  Аманқызы  Маңғыстау  облысы  Бейнеу  ауданы 
Манашы орта мектебінде 10 жылдан бері информатикадан сабақ беріп келеді. 
Соңғы  төрт  жылдан  бері  өз  сабақтарында  «электронды  оқулықтарды 
пайдаланып  оқушылардың  ой-өрісін  арттыру»  бағытында  жұмыс  істеп  жүр. 
Электрондық  оқулық  гипермәтіннің  негізінде  және  оқу  материалы 
мазмұндалған,  үйренушіге  интерактивті  маман  ретінде  ұсынылады. 
Гипермәтіндік  құрылым  үйренушіге  тек  қана  материалдың  аймағынын  ғана 
бермейді,  сонымен  қатар  жұмыс  барысының  дұрыс  ырғағын,  материалды 
үйрену,  оны  дұрыс  психофизиологиялық  қабылдау  қасиетімен  беріледі. 
Электронды оқулықтың негізгі функцияларына төмендегі іс-әрекеттер жатады: 
үйретушіні  тіркеу;  мәліметтерді  қорғау;  навигация;  оқыту  траекториясын 
анықтау;  оқу  ақпаратын  ұсыну;  оқыту,  диалог  жүргізу  және  көмек  көрсету; 
білімді  бақылау;  тест  өткізу;  оқу  қызметінің  нәтижесін  өңдеу,  сақтау  және 
тіркеу.  Электрондық  оқулықтар  өзіндік  сабақ  оқу  барысында  білім  алатын, 
жеке  оқу  жағдайын  жасайды.  Үйренуші  оның  субъектісі  бола  отырып, 
электрондық оқулық одан өзін басқаруды талап етеді. Тақырыптың үлкен, қиын 
бөліктерін  өткенде  қосымша  бейнехабар,  клиптер,  аудиохабарларды 
пайдаланады.  Таңдап  алған  хабарды  көшіруге  мүмкіндік  бар.  Сарамандық 
жұмыстар  жылдам  түсіндіріледі.  Бағдарламаны  меңгеруге  арналған  тест 
сұрақтармен  қамтамасыз  етілген.  Көрнекілік  құралдарға  деген  мұқтаждықты 
азайтады.  Мұғалім  әр  оқушымен  дербес  жеке  жұмыс  жүргізуіне  мүмкіндік 
туғызады. Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал 
етеді.  Зерттеушілік  қабілеті  бар  тұлға  қалыптасады.  ҰБТ-ге  даярлаудағы 
тиімділігі жоғары. Мұғалімнің ұсынысы:  
328 
 

1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;  
2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;  
3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;  
4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу.  
Себебі  электронды  оқыту  –  оқу  пәнінің  негізгі  ғылыми  мазмұнын 
қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, 
тестілеу  т.б.  бағдарламалардың  жиынтығы.  Электрондық  оқулық  жай 
оқулықтарға  өте  тиімді  қосымша  мүмкіндіктер  береді.  Заман  табына  сай  жас 
ұрпаққа  сапалы  білім  беруде  электрондық  оқулықтарды  информатика 
сабағында  пайдалану  –  оқытудың  жаңа  технологиясының  бір  түрі  ретінде 
қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын, 
жас  ұрпаққа  білім  беру  жолындағы  ортақ  міндетті  өз  мәнінде  жүргізу  қажет 
деп ойлайды.  
 
 
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмысты ұйымдастыру  
 
Қызылорда  қаласы  №4  Облыстық  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-
интернатының математика пәнінің мұғалімі Әбжанов Ералы Әбдіғапарұлының 
сабақтарынан  «Ынтымақтастық  және  топтағы  бірлескен  жұмысты 
ұйымдастыруды»  көруге  болады.  Ынтымақтастық  оқу  –  өзара  іс-әрекет  жасау 
философиясы,  ал  бірлескен  жұмыс  соңғы  нәтижеге  немесе  мақсатқа  жетуге 
ықпал  етуге  бағытталған  өзара  әрекеттің  құрылымы  болып  табылады. 
Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланылатын әдіс қана емес, жеке философия 
болып  табылады.  Адамдар  топтарға  бірлескен  барлық  жағдайларда  топтың 
жекелеген  мүшелерінің  қабілеті  мен  іске  қосқан  үлесі  құрметтеліп,  атап 
көрсетілетін  адамдар  мен  жұмыс  істеудің  басқа  тәсілі  орын  алады.  Топтың 
жұмысы  тиімді  болуы  үшін  билік  пен  жауапкершілік  топ  мүшелері  арасында 
бөлінеді.  Ынтымақтастық  оқудың  негізгі  аспектісі  топ  мүшелерінің 
ынтымақтастық арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген. Бұл тәсіл 
сыныптағы  баяу,  енжар  оқушының  сабаққа  қатысуына  жол  ашты.  Себебі  ол 
достарымен  бір  топта  жұмыс  істеп,  сұхбаттасты.  Тапсырмаларды  орындап, 
белсенділік  танытты.  Топ  жұмысына  үлес  қосып,  бір  қырынан  көрінеді. 
Бірлескен  жұмыстың  мақсаты  -  оқушылар  арасында  ынтымақтастық 
атмосферасын  қалыптастыра  отырып,  тақырыпты  өздігінен  игереді. 
Нәтижесінде  оқушылар  арасында  ынтымақтастық  атмосферасы  қалыптасады. 
Бір-бірімен  әңгімелесу  арқылы,  сұрақ  қою  арқылы  тақырыпты  игереді,  бірін-
бірі  тыңдап,  бағалай  алуға  машықтанады.  Топтық  жұмыстардың  көмегімен 
бұрын  сабақта  құлықсыз  отырған  оқушылар  белсенділік  таныта  бастады. 
Көсбасшы оқушылардың ықпалымен үнсіз оқушыларым ашылып, тұжырымды 
ойларын  ортаға  салды.  Оқушылар  бір-бірімен  еркін  ашық  қарым-қатынасқа 
түсті.  Өзара  талқылау  арқылы  жаңа  сабақты  игерді.  Жаңа  дарынды 
оқушылар анықталды.  
 
329 
 

Жекелей оқыту әдіс технологиясын  
 
Павлодар  облысы,  Лебяжье  ауданы,  Малыбай  ауылы,  Малыбай  орта 
мектебінің математика пәнінің мұғалімі Темірғалиева Айжан Ермұханбетқызы 
«Жекелей  оқыту  әдіс  технологиясын»  ұсынып  отыр.  Қазіргі  таңда  қоғам 
алдында  қойылып  отырған  басты  мақсаттардың  бірі  –  бүкіл  білім  жүйесін 
түбегейлі  жаңартып,  жастарға  сапалы  білім  беру,  жеке  бастың  тұлға  ретінде 
қалыптасуына бағытталған. Сапалы білім беру үшін мұғалімнің сабақ беру әдіс-
тәсілдері әр оқушының жоғарғы деңгейде болуына ықпал тигізу керек. Әдіс –
тәсілдер өте  көп, бұл  тәсілдерді  қолдану  мұғалімнің  шеберлігіне  байланысты. 
«Жекелей  оқыту  әдісі  технологиясының»  мақсаты:  оқытудың  әдістемелік 
жүйесін қолдану, танымдық қызығушылығының дамыту, өздігінен жұмыс істеу 
деңгейін арттыру, нақты білім мен біліктілікті қалыптастыру, шығармашылық 
ойлау  қабілеттерін  дамыту.  Болжамы:  ұсынылып  отырған  ЖОӘТ  бойынша 
математиканы  оқытудың  әдістемелік  жүйесі  танымдық  қызығушылықтың 
дамуына,  оқытуда  өздігінен  жұмыс  істеу  деңгейін  арттыруға,  берік  білім  мен 
біліктіліктің  қалыптасуына,  шығармашылық  ойлаудың  дамуына  әсер  етеді. 
Теориялық  маңыздылығы  жекеге  –  бағытталған  оқыту  әдісі  технологиясы 
шеңберінде  математика  курсында  оқушылардың  өнімді  оқу  әрекетін 
ұйымдастыру  тәсілдерінің  бірі  берілгені  болып  табылады.  Практикалық 
маңыздылығы  орта  мектептің  математикадан  ЖОӘТ  бойынша  әдістемелік 
жүйесі оқу үдерісінде пән тақырыптары, модуль тақырыптары, оқу парақтары, 
оқу  жұмысының  формалары,  білімді  бақылаудың  өлшеуіштері  түрінде  жүзеге 
асырылғандығы. Бұл технологияны 2011-2012 оқу жылдан бастап 7-сыныптың 
алгебра  пәнінен  «Қысқаша  көбейту  формуласы»,  «Рационал  өрнектер» 
тарауына  апробация  жасап,  оған  Павлодар  облысының  педагог 
қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  институтының  математика  әдіскері 
Б.А.Жаукеновадан  рецензия  алып,  бүгінгі  таңға  дейін  қолданып  келеді.  Қазір 
сол оқушылары 10-сыныпта оқиды, білім сапасы жоғарылады.  
 
Биоақпараттану және синергетика  
 
Биоақпараттану  және  синергетика  (БжС)  технологиясының  мақсаты- 
айқын  бейнелейді,  қажетті  есептер  мен  нәтижелер  оқу  сапасын  басқаруды 
қажет етеді. Сапаны қамтиды, шынайылық сапаны тиімді басқаруда мүмкіндік 
береді.  Технологияны  нақты  және  жоспарлы  түрде  енгізуде  нәтижелері  -  екі 
және  көбірек  оқу  сапасын  көтереді,  оқушылардың  оқу  және  жетілу  сапасын 
бірнеше есе көтереді.  
«БжС» технологиялық пирамидасы мынадай құрылымдардан тұрады:  

 
Әлеуметтендіру.  

 
Бейімделу.  

 
Білім берудің сапасы.  

 
Технологиялық карталар.  

 
Жоспарлау.  
330 
 


 
Өлшеуіш құралдары.  

 
Технологиялық қызмет.  
Биоақпараттану  –  бұл  бір  тірі  организмнен  екінші  біреуіне 
ақпаратты жеткізу.  
Синергетика  –  бұл  әр  түрлі  серіктес  қоғамның  өз  бетінше  ұйымдасқан 
түрдегі жалпы бірдей мақсатқа жету үрдісі.  
Технологияның  мақсаты  мен  міндеттері  –  оқушылардың  төмендегідей 
ойлау  сапасының  әлеуметтік  қажетті  түрде  даму  негізіндегі  оқыту  мен  оның 
әлеуметтік нәтижесіне жету:  
1.
 
Шапшаңдық (скорость).  
2.
 
Жады (память).  
3.
 
Сөздік қоры.  
4.
 
Логика.  
5.
 
Сыни көзқарас (критика).  
6.
 
Шығармашылық.  
7.
 
Талдау (Синтез).  
8.
 
Ақпараттық шыдамдылық (информационная выносливость.  
Технологиялық қызметтің міндеттері:  

 
Мектептегі технологиялық үрдіске қойылымды ұйымдастыру.  

 
Сапалы білім беруді басқару.  

 
Өздік жұмыстар мен нормативтерді бақылау.  

 
Оқушылардың ойлауын шынықтыру мен дамыту.  

 
Әр түрлі ойлау жолдары бойынша жарыстар өткізу.  

 
Мектепте «Ұжымдық ақыл-ой» бірыңғай кеңістігін құру.  
Астана  қаласындағы  №55  орта  мектебінің  I  санатты,  20  жыл  тәжірибесі 
бар,  физика  пәні  мұғалімі  Исаева  Каракөз  Жарқынқызы  БжС  технологиясын 
2014  жылдан бастап  физика  сабағында  қолданып  жүр.  БжС  технологиясының 
материалын меңгеру деңгейі бойынша өлшеу, бақылау және мазмұнды даралау 
механизмі үш өлшем бірлігінен тұрады: Қиындықтың төменгі деңгейі. (ТҚШ) 
Бұл  баланың  негізгі  даму  деңгейіне  сәйкес  келеді.  (Выготский  бойынша) 
төмендегі  көрсетілген  кері  байланысты  синергетикалық  өлшемдерге 
байланысты  ең  аз  мөлшердегі  оқу  элементтерін  беруді  жоспарлайды. 
Қиындықтың  орташа  деңгейі.  (АҚШ)  Жоғарыдағы  оқу  элементтерін  аралық 
мөлшерде  меңгеруді  жоспарлайды.  Қиындықтың  жоғарғы  деңгейі.  (ЖҚШ) 
Баланың жақын арадағы даму деңгейіне сәйкес келеді. (Выготский бойынша). 
Бұл  қиындықтың  орташа  деңгейіне  қатысты  оқу  материалындағы  оқу 
элементтерінің  мазмұнынан  екі  есе,  қиындықтың  төменгі  деңгейіндегі  оқу 
элементтерімен  салыстырғанда  үш  есе  күрделі.  «Биоақпараттандыру  және 
синергетика»  технологиясы  бойынша  тақырыптық  жоспарлау  төмендегідей 
қадамдардан тұрады: берілген тақырып бойынша қандай білім, білік, дағды бар 
екенін анықтай білу; білім, білік, дағды уақыты бойынша бөлу; жеке сабақтағы 
білім, білік, дағдының әрбір компонентін меңгеруін жоспарлай білу. Бұл жерде 
мынадай  қағидаларды  басшылыққа  алу  керек:  меңгеру  сапасын  жоғалтпай, 
білім  берудің  ақпараттық  бөлігін  мейілінше  азайту;  білік,  дағдыларын 
331 
 

практикалық  меңгеруге  арналған  уақыт  ресурсын  ұлғайту;  жекелеген 
тақырыптарды  ілгерілей,  оза  меңгеру  есебінен  уақыт  ресурсын  босату,  сол 
арқылы пәндік білімді тереңдете меңгерту мүмкіншілік жасау. Оқушылар көп 
уақыт  бойы  белсенді,  тапсырмаларды  өз  беттерінше  орындайды;  дағды 
қалыптасады,  шаршамайды  және  өз  білетінін  басқаға  үйретеді;  өзара  қарым-
қатынас қалыптасады; жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады; 
бағалаудың  түрлі  формаларын  пайдаланады;  машықтандыру  жаттығулары 
жасалады;  оқушылардың  шебер  орындауы  үнемі  уақытпен  шектеледі; 
сыныптағы  ешбір  оқушы  қалыс  қалмайды;  сыныптағы  әр  оқушымен  жұмыс 
жасауға 
мүмкіндігі 
бар. 
Нәтижесінде 
«Биоақпараттандыру 
және 
синергетика» арқылы:  
1.  Оқушылардың  білім  сапасы  көтеріледі,  олар  әрбір  пән  бойынша 
мемлекеттік  стандарт  деңгейінің  ең  аз  қажетті  көлемін  100%  үлгеріммен 
қамтытуына кепілдік алады.  
2.  Оқушы  қабілеті  жететін  пәндерден  жоғары  деңгейлерге  дейін 
көтеріле алады.  
3. Дарынды балалар дер кезінде анықталынып дами алады.  
4.  Оқыту  сапасының  мониторингісі  және  диагностикасы  оқушы  білімін 
бағалаудың әділеттілігі қамтамасыз етіледі.  
 
Мәтінді алгоритммен мазмұндау  
 
Алматы  облысы  Іле  ауданы  Өтеген  батыр  кентінің  №13  орта  мектебінің 
«Химия»  пәнінің  мұғалімі  Унасбаева  Бота  Мәдениетқызы  2010  жылдан  бері 
«Мәтінді  алгоритммен  мазмұндау»  технологиясын  қолданып  келеді.  Бұл 
технологияны  қолдану  барысында
 
тақырыптың  өзекті  мәселелері  іріктеп 
ұсынылады. Оқулықтағы түсіндірулер жинақталып, тұжырымдап алынады. Әр 
параграф  мәтіні  тірек-сызбаға  айналады.  Технологияны  қолданудың 
нәтижелілігі:  2012-2013  оқу  жылында  55%,  ал  2014-2015  оқу  жылында  65% 
сапалық көрсеткішке қол жеткізілді.  
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, №4 дарынды балаларға арналған 
облыстық  мектеп-интернатының  физика  пәнінің  мұғалімі  Ескейұлы  Аманжан 
өз  тәжірибесінде  талантты  және  дарынды  балаларды  оқыту  тәсілін 
қолданатынын  айтады.  Дарынды  және  талантты  оқушылар  біртекті  топ  емес, 
олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дарынды және 
талантты  оқушыларды  әрқашанда  мінез-құлқы  бойынша  бірден  табу  мүмкін 
емес.  Өйткені  кейде  олардың  айрықша  қабілеттілігі  айқын  болмайды.  Барлық 
мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу 
үшін  қолайлы  орта  жасауға  тырысады.  Қазақстан  Республикасының  «Білім 
туралы»  заңында  мемлекеттік  саясат  негізінде  ең  алғаш  рет  «Әр  баланың 
қабілетіне  қарай  интеллектуалдық  дамуы  жеке  адамның  дарындылығын 
таныту»  сияқты  өзекті  мәселелер  енгізіліп  отырғаны  белгілі.  Дарынды 
балаларға  білім  беруді  әр  ғылымның  бүгінгі  дәрежесіне  сәйкес  жүргізу  бір 
жағынан  қоғамға  талантты  мамандар  даярлауда  тиімді  болса,  екінші  жағынан 
332 
 

қоғамға  ерекше  дарынды  балалардың  тек  өзінің  интеллектуалдық  дамуын 
қамтамасыз  етеді.  Жас  жеткіншектің  бойындағы  табиғат  берген  ерекше 
қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере 
білу  ерекше  қиын  іс.  Алайда  әр  баланың  жеке  қабілетін  анықтап,  оны  сол 
бағытта  жетелеу  –  ұстаз  парызы.  Баланы  заманына  қарай  икемдеп,  өз 
заманының озық  өнегесін  оның  санасына  сіңіре білу,  оларды  шығармашылық 
бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Дарынды оқушымен 
жұмыс  істеудің  негізгі  мақсаты:  олардың  шығармашылық  жұмыста  өзінің 
қабілетін  іске  асыруға  дайындығын  қалыптастыру.  Ал  мақсат  қажет  оқу 
бағдарламасын  тереңдетіп,  оқыту  және  оқушының  танымдық  белсенділігін 
дамыту  арқылы  жүзеге  асады.  Дегенмен,  әлі  де  болса  бізді  ойландыратын, 
толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олардың білім сапасын арттыру, 
оқушылардың  дарындылығын  айқындап,  біліміне,  ойлау  қабілетіне  сай, 
деңгейіне оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, өйткені ХХІ ғасыр 
білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты, 
парасатты ұрпақ керек екенін бір сәттен естен шығармағанымыз жөн.  
Ақтөбе  облысы  Әйтеке  би  ауданы,  Комсомол  ауылы  Темірбек  Жүргенов 
атындаға  орта  мектебі,  5-11  сыныптары  мұғалімі  Ешімбетов  Айболат 
Кенжеғалиұлы өз сабақтарында «Геогебра» жанды математика» технологиясын 
қолданады.  Математика  сабағында  жаңа  тақырыпты  түсіндіру  ауқымды,  көп 
уақытты  қажет  етеді.  Бұл  технология  жаңа  тақырыпты  визуалды  түсіндіруге, 
уақытты  тиімді  жұмсауға  мүмкіндік  береді.  Екіншіден  оқушылардың 
қызығушылығын  арттырады.  Себебі  бұл  технология  көмегімен  негізгі 
геометриялық  фигураларды,  графикті  әр  түрлі  жағдайда  қозғалысқа  келтіруге 
болады.  Математика  компьютерлік  модельдеу  жүйесімен  тығыз  байланыста 
болады. Бұл технология көбіне геометрия сабағында қолданылады, себебі түрлі 
геометриялық түрлендірулерді салуға тиімді. Таңбалары әртүрлі сандарды қосу 
және  азайту,  қисықсызықты  трапецияның  ауданын  табуда  қолданған  өте 
пайдалы деген усынысын айтады.  
Қарағанды  облысы  Абай  қаласының  А.Құнанбаев  атындағы  №5  мектеп-
гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Абишева Гүлдана Төлеубекқызы BMG 
технологиясы  жөнінде  өз  іс-тәжірибесін  назарға  ұсынады.  Мұғалім  аталмыш 
технологияның  маңыздылығына  ерекше  тоқталған.  Мұғалім  BILIM MEDIA 
GROUP BILIM 
білім беруге қызмет етіп қоймайды, ол біздің өмірімізге де мән 
беретін  басты  құндылық  деп  есептейді.  MEDIA  –  білім  беруге  қажетті 
мазмұнды  жасауға  және  оны  таратуға  қажетті  технология.  GROUP  –  білімнің 
қадірін түсінетін және технологияның пәрменіне сенетін кәсіби мамандар тобы 
дегенді  білдіреді.  Олардың  арасында  мектептің  жайын  жақсы  білетін 
тәжірибелі  мұғалімдер  мен  әдістемелік  мамандар,  жандарына  жақын  ермегін 
сүйікті  кәсіпке  айналдырған  жас  ғалымдар,  аниматорлар,  дизайнерлер  мен 
компьютер  инженерлері  де  бар.  BMG  жобасы  ниеттері  мен  пікірлері  ортақ 
осындай  адамдардың  қиялы,  қабілеті  мен  еңбегінің  арқасында  пайда  болған. 
Мұғалім өз тәжірибесінен түйгеніндей, 8 сынып оқушыларымен жаңа сабақты 
өту барысында, яғни мағынаны тану кезеңінде, бейнебаян арқылы тақырыптың 
333 
 

мазмұнын  ашудың  өте  пайдалы  болғанын  айтады,  сонымен  қатар  өтілген 
тақырыптар  бойынша  немесе  үй  жұмысын  тексеру  мақсатында  онлайн  тест 
тапсырмаларын  орындау  да  тиімді  болып  табылған.  Бұл  ресурстар  арқылы 
түрлі суреттер мен бейнекөріністерді, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге 
болады.  Ақпараттық  технологиялар  мен  техникалардың  жетілдіруінің 
нәтижесінде  кез-келген  ақпаратты  мәтін  және  сандық  кесте,  сурет  және 
фотобейне, анимация және видео, саз және сөйлеу түрінде сақтау мүмкін болып 
отыр.  BMG  технологиясын  сабақта  пайдаланудың  нәтижелілігі:  оқушының 
пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады;  оқушының  ынтасын,  танымдық 
қызметінің белсенділігі артады, тақырыпты терең меңгеруіне септігін тигізеді; 
оқытудың  көркемділігі  артады,  яғни  оқушыларға  қиын  да  күрделі 
материалдарды  көрнекі  түрде  түсіндіруге  болады;  оқытудың  тиімділігі 
жоғарылайды  және  оқыту  материалын  түсіндіру  мүмкіндігі  артады; 
оқушылардың  ғылыми-дүниетанымдық  көзқарастарын  қалыптасып,  олардың 
білімге  құштарлығын,  табиғи  сұраныстарын  қанағаттандырады;  мұғалім  мен 
оқушының жұмысын жеңілдетеді; оқулықтан тыс қосымша мәліметтер береді. 
Компьютерлер  мен  интерактивті  тақтаны  оқушылардың  тілдік  құзыреттілігін, 
шығармашылық  потенциалын  дамыту  құралы  ретінде  пайдалану  олардың 
интеллектуалдық,  эстетикалық  және  ақпараттық  сауаттылығын  арттыруға 
көмектеседі,  ал  көрнекі  құрал  ретінде  пайдалану  оқу-танымдық  процестің 
тиімділігін арттырады. Мұғалімнің ұсынысы: тек қана бір пәннің емес, барлық 
пән мұғалімдері интернет ресурстарын пайдаланатын болса, бұл оқушылардың 
қызығушылығын қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бірге еселей түсер 
еді.  Жалпы  BMG  компаниясының  ұсынып  отырған  ресурстары  өте  пайдалы, 
себебі,  жаңа  технология  –  мұғалімнің  мүмкіндігін  арттыратын, 
қуаттандыратын құрал.  
 
Кейс технологиясы  
 
Жылқыайдарова  Ақайша  Бекетқызы  –  Жамбыл  облысы,  Тараз  қаласы, 
Айша  бибі  атындағы  дарынды  қыздарға  арналған  мамандандырылған  мектеп-
интернатында биология пәнінен сабақ беретін жас ұстаз. Кейс технологиясы – 
шынайы  әлеуметтік  және  экономикалық  ситуацияларды  қолданып  оқыту 
техникасы.  Алғаш  рет  бұл  әдіс  ХХ  ғасырдың  басында  Америка  Құрама 
Штаттарының  Гарвард  университетінің  бизнес  мектебінде  қолданылған.  Олар 
бизнесті оқытуда ірі кәсіпкерлердің шынайы өмірі мен жағдаяттарға сүйенген 
дұрысырақ  екеніне  көз  жеткізген.  Жаратылыстану  бағытында  алғаш  бұл  әдіс 
Ресейде қолданылып, жақсы нәтижелер көрсеткен. Кейс әдісі бойынша мұғалім 
тақырыпқа сай, шынайы өмірден немесе қиялдан алынған жағдаяттарды жинап, 
сол  берілген  материалды  талдап,  талқыға  алып,  өзіндік  баға  беру  және 
ситуацияға шешім ұсыну мақсатымен оқушыға ұсынады. Кейс бір сағат немесе 
бірнеше  сағаттық  зерттеу  жұмыстарына  ұласуы  мүмкін.  Сонымен  қатар,  оны 
жекелей  және  топтық  жұмыс  ретінде  де  ұсынуға  болады.  Кейс  әдісі  бірнеше 
кезеңнен  тұрады:  1-мұғалімнің  тақырыпқа  сай  материалдарды  жинауы 
334 
 

(видеобаяндар, жағдайдың қысқаша сипаттамасын беру және соған байланысты 
суреттер мен құжаттар, т.б.), 2-оқушыға материалдың ұсынылуы, 3-оқушының 
анализі мен шешімі. Кейс әдісінде қолданылатын материалдардың ішіндегі ең 
тиімдісі – видеобаяндар. Мұнда телебағдарлама, бейнедеректердің рөлі өте зор. 
Кейс әдісін қолдану арқылы, берілген шынайы өмірдегі материалдарды талдау 
барысында баланың сыни тұрғыдан және шапшаң ойлау қабілетін дамытамыз. 
Егер  жұмыс  ұзақ  мерзімді  болса,  оқушының  зерттеушілік  дағдыларын  да 
қалыптастырамыз.  Қазіргі  кезде  жасөспірімдердің  алған  білімін  қолдана 
алмағандықтан, оның өмірде қажет еместігін алға тартады. Соның салдарынан 
оқушы  жекелеген  пәндерді  ғана  оқуы  немесе  оқу  процесінде  оқушының 
селқостығы байқалады. Кейс әдісінде аталмыш жағдайға шешім ұсыну арқылы 
оқушы  алған  теориялық  білімін  практикада  қолданып,  оқуға  деген 
құштарлығын  артады.  Жеке  басымның  тәжірибесі  бойынша,  кейс  әдісін 
қолдану арқылы кейбір қиын тақырыптардың оңай қабылданғанын байқадым. 
Мысалы,  10  сыныптарда  генетиканың  мутация  және  соның  салдарынан 
туындайтын  аурулар  тақырыптары  теория  жүзінде  оқып  қабылдау  балаға 
қиынға соғады. Әрі, осы тақырыпқа байланысты ішінде қаншама сұрақтары да 
жауапсыз  қалады.  Сол  кезде  кейсті  ұсыну  арқылы  баланы  қызықтырып  қана 
қоймай,  баладан  шешім  күту  арқылы  тақырыпты  игеруге  итермелейсіз. 
Мысалы,  мутациялық  ауруларды  өтіп  жатқанымда,  мұғалім  америкалық 
Сильвия есімді әйелдің сырқаты туралы бейнебаян көрсетті. Шынайы өмірден 
адамды  көру  оқушыларға  қатты  әсер  етті.  Тіпті,  атақты  адамдардың 
қайсысында  қандай  сырқаттың  болғаны  туралы  суреттер  көрсеткенде  бұл 
сырқаттар  туралы  түсінік  оқушылардың  жадында  тіпті  жатталып  қалды.  Ал 
оқушылардан  тақырыпты  қорытындылау  қажет  болғанда,  олар  тек  биология 
пәнінен  ғана  емес,  ғылымның  басқа  салаларынан  (медицина,  фармакология, 
агроөнеркәсіп  т.б.)  және  техникадан  хабардар  болғанын  білдірді.  Сонымен 
қатар, оқушылар тақырып бойынша тек теориялық білімді ғана емес, жүргізіліп 
жатқан  зерттеулер,  проблемалар,  күнделікті  өмірдегі  қолданысы  мен  пайдасы 
туралы  да  білді.  Мұғалімнің  ұсынысы:  Видеобаяндарды  ВВС,  National 
Geographic, Discovery science 
телеарналарының  жобаларынан,  Tedtalks 
бағдарламасына  келетін  адамдардың  жаңалықтарын  және  www.twig-world.com 
(мұнда видеобаяндар ғана емес, кескіндер мен емтихан материалдарын да алуға 
болады) сайтынан таба аласыздар.  
Қызылорда  қаласы  №4  облыстық  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-
интернатының  жас  ұстазы  Тәуенова  Толқын  Маратқызы  оқу  сапасын 
жақсартуда  формативті  бағалауды  өз  сабақтарында  пайдаланып  жүр.  Бұл 
технологияны пайдалану нәтижесінде: оқушылар оқудың мақсатын білуі және 
түсінуі қажет; мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек; бала қандай 
нәтижеге келетінін толық білу керек; нәтижелер нақты, бақыланатын, өлшемді 
мақсатқа жауап беру керек; оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз 
ету.  Кері  байланыс  оқушылар  мен  мұғалімдерге  жетістіктер  мен  даму  туралы 
хабарлама  беру  болып  табылады.  Мұғалім  бала  дұрыс  жауап  беру  үшін  оған 
уақыт беруі қажет. Егерде бала қателессе, жетекші сұрақтар қойып, баланы өзі 
335 
 

дұрыс жауап табуға бағыттайды. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады 
және  де  ол  мұғалім  мен  оқушы  арасында  сенім  мен  сыйластық  орнатады. 
Сөйтіп,  мұғалім  әр  оқушының  нені  біліп,  нені  ойлап,  қалай  оқитыны  туралы 
неғұрлым  көп  білсе,  соғұрлым  оқушылардың  жетістіктерін  арттыруға  және 
өзінің білімін жетілдіруге мүмкіндігі көп. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді 
қатысуы  қажет  және  «Оқу  түбі  тоқу»  дегендей,  оқушы  алған  білімін  қолдана 
білуі  керек.  Сондай-ақ  алған  білімін  түрлендіруі,  дамытуы  және  толықтыруы 
қажет.  Әртүрлі  қалып  пен  мәнмәтінде  қарастыра  білуі  керек.  Оқушылардың 
өзін-өзі  бағалай  алуы  және  өздерінің  оқуын  қалай  жақсартуға  болатындығын 
түсінуі  қажет.  Бағалау  үдерісін  шынайы  және  бәріне  түсінікті  болу  үшін 
бағалау  критерийлерін  құру  керек.  Оқушылардың  өз  жұмыстарын  талдауға 
мүмкіндіктері  мен  біліктері  сай  болуы  қажет.  Өзінің  оқу  мақсаты  мен 
жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренуі керек. 
Ол үшін оқушылар өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау парақтарын, өз ойын 
пайымдайтын  сұрақтар  беруге  болады.  Бағалау  нәтижелерін  ескере  отырып, 
оқытуды  өзгертуге  болады.  Бағалау  –  оқытудың  құрамдас  бөлігі  және 
қорытындылау  сатысы.  Формативті  бағалауды  пайдалану  тиімді  оқытудың 
негізі  болып  табылады.  Себебі,  бағалау  оқушылардың  пәнге  деген 
қызығушылығын  арттыру  жолдарына  елеулі  әсер  етеді.  Мұғалім  орта  сынып 
оқушыларын  бағалауды  алдымен  «Екі  жұлдыз,  бір  тілек»  арқылы  бағалаудан 
бастайды. Мұндағы мақсаты –өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе 
өзгенің  жетістігі  арқылы  өз  кемшілігін  тауып,оны  түзетуге  бағыттау. 
Технологияның  тиімділігі:  сауалнаманың  нәтижесін,  білім  сапасы 
мониторингісінің  нәтижесін  анықтау  мүмкіндігі  және  проблема  бойынша  жұмысқа 
талдау  жасау  (SWOT-анализ)  мүмкіндігі.  Күшті  жағы:  барлық  жастағы  балалардың 
зерттеу  әрекетін  қолдайтындар  жарыстардың,  түрлі  конкурстардың  болуы.  Әлсіз 
жағы:  барлық  балалармен  бірге  жоба  жазу,  қатысуының  тиімді  жолдарын 
білмеушілік.  Мүмкіндіктері:  мұғалімнің  дарындылықты  дамытудың  тәжірибесінің 
қалыптасуы,  жинақталуы,  басқа  оқушыларды  тартуы.  Қауіп:  бала  бойындағы 
ерекшеліктерді  уақытында  қолға  алмау,  бала  қажеттігін  қанағаттандыра  алмау. 
Информатика  сабақтарында  формативті  бағалау  әр  сабақта  және  күнде  жүргізіліп 
тұрады.  Оқыту  үшін  бағалау  –  білім  алушылар  өздерінің  оқудың  қандай  сатысында 
тұрғанын, қандай бағытта дамуы керектігін және қажетті деңгейге қалай жету керек 
екендігін  анықтау  үшін  оқушылар  және  олардың  мұғалімдері  қолданатын 
мәліметтерді әзірлеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы 
тұлға  болмайтындығына  назар  аударылады.  Оқушылар  өздерінің  сыныптастарын 
және  өздерін  бағалауға  тартылуы  мүмкін  және  мұғалімдер  бағалауды  белсенді 
жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Формативті бағалау мұғалімдерге 
сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.  
Сонымен, жалпы білім беретін мектептерде оқытудың жаңа инновациялық 
технологияларына, 
әдіс-тәсілдеріне 
ізденіс 
жүргізілуде. 
Сондықтан 
педагогикалық  технологиялар  процессуалдық  категориялар  болып  табылады 
және өздерін белгілі қызмет жүйесі деп табады.  
Жаңа  технологиялардың  пайда  болуы  мен  таратылуы  педагогикалық 
қызметтің өзінің өзгеруін және мақсатты тапсырмалар, құндылық бағдар, нақты 
білім, білік, дағдыларға маңызды қайта құруларды.  
336 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет