Мифологиялық кейіпкер - мифтік дәуірде өмір сүріп, мифтік әлемдегі нәрсенің бәрін жасаушы, тіршілік атаулының бәрін дүниеге келтіруші күш. Қазақ фольклорында да мифологиялық кейіпкер бар. Олар өзінің шығу тегі мен мезгіліне, іс-әрекетіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірі - архаикалық мифте бейнеленетін ілкі ата мен жасампаз қаһарман. Алғашқы адамға аң аулап, от жағып, тамақ пісіруді үйретуші және оның әдет-ғұрыптарын орындаушы болып суреттеледі. Екінші топтағы кейіпкерлер - қастандық ойлаушы албасты, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, үббе, күлдіргіш, айдаһар, жалмауыз кемпір, т.б. Бұл кейіпкерлер, негізінен, хикаяда, ертегіде және көне батырлық жырда кездеседі. Іс-әрекетіне, сондай-ақ, шығу тегіне қарай бұл топтың өзі іштей екіге жіктеледі. Албасты, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, күлдіргіш тәрізді кейіпкерлер көне мифтен туған хикаяларда, айдаһар мен жалмауыз кемпір ертегіде болады. Ал кейінгі замандарда, исламның әсерінен бұлармен қатар пері, дию, шайтан сияқты ежелгі араб-иран әдебиетіндегі кейіпкерлер де көріне бастады
лықтың ауыз әдебиетінде бұрыннан келе жатқан, дәуірден дәуірге көшіп жүрген сюжеттік сарындар бар деп қарайды.
XX ғасырдың ортасында Американың фольклорист ғалымы, аңыз-әңгімелерді зерттеуші Стис Томсон «Дүниежүзі аңыз-әңгімелерінің түрлерге бөліну ғылымы» атты кітабында барлық аңыз-әңгімелерді түрге және мотивке бөліп, «Бір мотив бір әңгіменің ұзақ уақыттарға дейін сақтала беретін ең кішкентай дәстүрлі бөлшегі», – дейді. Әрі ол көп қолданылатын мотивтерді мынадай үш түрге бөледі: Олардың бірі «Әңгіменің ішінде жүретін кейіпкерлер құдай немесе бөлекше жаратылған аң, сиқыршы әйел, әулие секілді құдірет иелері, я болмаса дәстүрлі адам образы, мәселен елдің бәрі жақсы көретін сүйкімді жас бала немесе қатыгез өгей ана. Екінші типтегі мотивтер сюжеттің мәлім көрінісіне кіргеді. Сиқырлы аспаптар, сирек кездесетін ғұрыптар, ғажайып діндер, т.т. Үшінші типтегілер жеке мотивтер. Бұлар көптеген мотивтерді қамтиды. Осы түрдегі мотивтер жеке дара сақтала алатындықтан, әңгіменің түрлерін де осы мотивтер белгілей алады. Сондықтан, саны жағынан ең көп дәстүрлі әңгімелердің түрін осы мотивтер құрайды». Жалпы айтқанда, мотив тақырыптық сарын, қалыптасқан дәстүрлі тақырыптық әуен, оқиға желісіндегі кезең. Жазушылардың шығармаларында, әртүрлі әдеби нұсқаларда, әр дәуірдің әдебиетінде белгілі бір сарындар қайталанып келеді.
Германиялық ертегі жинаушы ағайынды Гриммдердің дүниеге әйгілі «Гримм ертегі жинақтары» (1812-1814) баспа бетін көргеніне де екі ғасыр болыпты.
Бұл оқиға ертегі-аңыздарды ғылыми түрде жинақтаудың жаңа тарихи бастамасын ашты. Осыдан бастап әлемнің әр бұрышында ғылыми тұрғыдан фольклорлық прозаны жинап-реттеу жұмысы қолға алына бастады. XIX ғасырдың соңғы жартысы мен XX ғасырдың басында Еуропада аңыз-ертегілерді реттеу, бастыру жұмыстары қауырт жүріп жатқан кезде, Азияда, Африкада, Латын Америка құрлығында бұл үрдіс әлі толық қолға алынбаған болатын