Әдістемелік нұсқау:Қоғам ұғымын, оның құрылымын, болмысын, ондағы формациялық жүйені, саяси әлеуметтік проблемаларды қоғамдық ұйымдар мен институттарды қарастыру, танысу, талдау
Әлеуметтік философияның пәнін, қоғамның философиялық ұғымы ретінде антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің "Политикасының" негзгі тұжырымдамаларын қарастыру. Сонымен қатар Августин: "Фәни шаһар" және "Бақи" шаһар, қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория: Т.Мор және Т.Кампанелла, Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы, Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо), К.Маркс: таптық қоғам, К.Поппер "Ашық қоғам","Қоғамдық сана" ұғымы туралы еңбектерді энциклопедиядан қарау. Материалдық және рухани мәдениетті ажырата білу. Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның "Рухани жаңғыру" жобасы аясында дамуын талдау.
Әдебиет: Кенни А. Антика философиясы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2018. -364 б.
Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы – 2018. – 224 б.
Кенни Э. Орта ғасыр философиясы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы – 2018. – 352 б.
Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы – 2018. – 368 б.
Алексеев П.В. Философия: учебник/ П.В.Алексеев; П.В.Алексеев, А.В.Панин. – 4-е изд., перераб. И доп. – М.: ТК Велби; Изд-во Проспект, 2013