Либерал көшбасшылық
бағынушылардың қабілеттерін жоғары
дәрежеде пайдалануды мақсат тұтады. Сол себепті бағынушы-
лардың өз қызметтеріне қатысты әртүрлі іс-әрекеттерде еркіндік
беріледі. Бағынушылар ұйым мақсаттарын жүзеге асыру үшін
жоғары белсенділік танытады. Алайда бағынушылар өздеріне
берілген еркіндіктің арқасында қабілеттерін көрсетуге және оларды
дамытуға мүмкіндік алады.
235
Көшбасшының атқаратын қызметінің ерекшелігі өзі басқара-
тын топтың ерекшелігіне негізделеді, мәселен «демократиялық»
топтардағы атқару қызметі топқа «беделдігі, билігі бар» сапасы
жағынан бөлектенеді.
Көшбасшы тұлғасының сипаты бойынша келесідей тұжырым
жасайды:
көшбасшы топпен бірге өмір сүреді; топ ішінен
суырылып шығады; барлық басқарушылар көшбасшы бола
бермейді; жаңа көшбасшы бұрынғы көшбасшыны алмастырады
және т.б.
Не үшін мұғалім көшбасшы болуы қажет, деген сұраққа
былайша жауап беруге болады. Себебі мұғалім:
білім
алушылардың көшбасшылық сапасын дамытуы; өз тобын тиімді
басқаруы; білім алушыларға үлгі бола білуі; білім алушылардың
алдында мерейінің үстем болуы; білім алушыларды соңынан ерте
алуы; стратег, көшбасшы бола білуі; білім беру жүйесінде өзгеріс
жасай алуы және т.б. мақсатында өзінің көшбасшылық сапаларын
дамытуы қажет.
Мұғалім көшбасшылық сапаларды меңгеріп қана қоймай,
оларды дамыту қажеттігін көрсетеді.
Мұғалім келесідей рөлдерді өзінің қызметімен қатар атқара
алғанда ғана көшбасшы бола алады.
Көшбасшы
м
ұғалім - администратор.
Мұнда көшбасшы
топтың жоғары үйлестірушісі қызметін атқарады. Оның іскерлік
саясатының негізгі бағыттарының бірі жоғарыдан түсіріледі.
Мұғалімнің лилерлік рөлді атқаруы оның сыныпты басқару
саясатын өзі жасай алатындығымен немесе сыныпты жоғарыға
тәуелсіз
қадағалауға
тікелей
жауапкершілік
енетіндігімен
сипатталады. Оның үстіне әкімшілік тапсырмаларын жеке
орындауынан емес, ол тапсырмаларды топ мүшелеріне орындауға
бөліп беруден де көрінеді.
Көшбасшы
м
ұғалім - стратег.
Стратегиялық қырағылыққа,
бағыттылыққа ие тұлға. Оның атқаратын қызметіне топтың даму
саясатын, болашағын алдын ала болжап білу, ұзақ мерзімді
жоспарлар жасау, дұрыс тактика таңдау енеді.
Көшбасшы мұғалім - сарапшы.
Функцияны атқару тұрғысынан
көшбасшы нақты ақпарат беруші немесе білікті маман ретінде
сипатталады. Сынып оқушылары, ата-аналар, мектеп әкімшілігі,
ұжым мұғалімге осы тұрғыдан қатынас жасайды.
236
Көшбасшы
м
ұғалім - топ жетекшісі.
Мұғалім мектеп
әкімшілігі тарапынан арнайы тағайындалған сынып жетекшісі.
Жетекшілікті ол көшбасшы тұрғысынан атқаруы тиіс.
Көшбасшы
м
ұғалім - топ мүшесі.
Мұғалім аудитория алдында
көшбасшы болу үшін, алдымен сол топтың толық мүшесі сапасына
ие болуы тиіс. Білім алушылармен дос, жолдас, серік болып,
олардың немен тыныс алатын жағдайына дейін жетік біледі, және
олардың орнында болып көріп, олармен бірге ойнайды, тапсырма
орындайды, топқа берілген қоғамдық тапсырманы да қатар
жүргізеді.
Көшбасшы
м
ұғалім - үлгі өнеге көрсетуші.
Көшбасшы топтың
басқа мүшелері үшін мінез-құлықтың үлгісі болып табылады,
олардың кім болатынын және нені жасауы тиістігінің көрнекі
көрсеткіші болуы тиіс.
Көшбасшы мұғалім - мадақтау мен жазалаушы.
Көшбасшы
топ мүшелерінің іс-әрекетін бақылау мақсатында мадақтау мен
жазалау жүйесін қолданады. Көшбасшы әрбір топ мүшесінің іс-
әрекетінің жеке мотивациясын, әрбір топ қатысушысына қатысты
мадақтау мен жазалаудың өлшемін білуі тиіс. Топ мүшелерінің
арасында дау туған жағдайда көшбасшы сот және жұбатушы
рөлінде бір уақытта болады, істің нәтижесіне қарай не мадақтайды,
не жазалайды.
Көшбасшы
м
ұғалім - топтың «символы» тұрғысынан
. Аса
ынтымақты топ сыртқы ғана емес ішкі ерекшеліктерінің бірдей
болуына ұмтылады. Осындай топ мүшелері киімдегі және мінез-
құлықтағы әр түрлі ерекше белгілерге қызығады. Осындай
жағдайда көшбасшы символ қызметін атқарады: оның атын барлық
қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке, жасаған бұйымға және т.б. береді.
Көшбасшы
м
ұғалім - жаңалық жаршысы.
Көшбасшы
жаңалыққа жаны құмар, жаңалық ашушы, новатор. Білім алушы-
лардың алдында оның көшбасшылық тұлғасының жоғарылауына
әкеледі.
Көшбасшы
м
ұғалім - дүниетаным өзгертуші.
Көп жағдайларда
көшбасшы топтық дүниетанымды, көзқарасты құрайтын құнды-
лықтар мен нормалардың дереккөзі болып табылады. Тұтас алғанда
ол топтың қоғамдық идеологиясын танытады.
Көшбасшы мұғалім - ата-ана.
Көшбасшы топ мүшелерінің ең
жақын, жанашыр, қамқор, сырлас, «жүрегін бала үшін жұлып
беруші» рөліндегі адам. Топ мүшесінің әрбір іс-әрекетіне
237
жанашырлықпен, сезімталдықпен, жауапкершілікпен, сеніммен
қарайтын, оларды дамытушы, өсіруші тұлға.
Көшбасшы мұғалім - тәрбиеші.
Топ мүшелерін жан-жақты
тәрбиелейді, олардың ізгі, игі қабілеттерін шығармашылық
тұрғыдан дамытады, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
Көшбасшы мұғалім - әдіскер.
Көшбасшы - үйрету, оқыту
шебері. Әдістің барлық түрімен қаруланған, инновациялық
технологияларды меңгерген.
Көшбасшы мұғалім – көсем.
Көшбасшы білімге құштар,
білімпаз жан. Топ мүшелерінің алдында мол білімділікті, терең
танымдылықты танытады. Шешен сөйлейді.
Мұғалімнің көшбасшылық сапасы құрылымындағы
тұлғалық
гумандық
тобына адами қасиеттер, мінез-құлықтар жатады. Соның
ішінде
адами қасиеттерге
төзімділік, шыдамдылық, табандылық,
қайырымдылық, қамқорлық, ізгіліктік, арлылық, намысқойлық,
адалдық, әділдік, әдептілік және т.б.,
мінез-құлықтарға
ақылдылық,
алғырлық, қажырлылық, зеректік, көпшілдік, ұжымшылдық,
аңғарымпаз, қанағатшыл, еңбекқор және т.б. жатқызамыз.
Аталған
құрылымның
кәсіби-дидактикалық
тобына
интеллектуалдық білім, дидактикалық біліктер, коммуникативтік
іскерліктер жатады.
Көшбасшы мұғалімнің өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамытуға
бағытталған стратегиясын іске асыруға қабілетті, адамгершілік
құндылықтарды дамытушы болуы аса маңызды. Кәсіби
қабілеттерді болашақ мұғалімдердің бойына дарытуда жоғары оқу
орны мүмкіндіктерін пайдалану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |