көшбасшылар
,
аз таңдалғандарды немесе мүлдем таңдалмағандарды
аутсай-
дерлер
деп атайды.
Көшбасшылықтың өзін-өзі бағалауы. Бұл сараптама-тест ортақ
іс-әрекет барысында көшбасшылықтың көріну деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Тестті кез-келген жастағы адамдарға жүргізуге
болады. Тест типі - вербалды. Сұрақтар саны он. Әрбір сұраққа екі
жауап беріледі. Тест объективті болуы үшін зерттелуші бірінші
болып ойына келген нұсқаны таңдау керек.
Интерпретациясы өте жеңіл. Нәтижесі «а» немесе «б»
жауаптарының басым болуына байланысты шығарылады.
240
Көшбасшылық сапаларды (қабілеттер мен қасиеттерді)
анықтап қана қоймай, оны қазіргі заман талаптарына сай етіп,
белгілі бір деңгейге дейін дамыту қажет. Көшбасшылықты дамыту
дегеніміз белгілі сапалар мен іскерліктерді мақсатты бағытталған
әрекеттер арқылы тереңдету және қалыптастыруды білдіреді.
Көшбасшылықты дамыту жұмыстарын тренингтер арқылы
жүргізуге болады.
Көшбасшының сапалық белгісінде келесідей парадокс бар: бірі
қалай болып жатқаны туралы бірыңғай ұстаным ұлы ұстаным
болып табылғанымен, бұл ұстанымды ұстанатындар оның
қарапайым ғана екенін біледі.
Өзін-өзі өте жақсы көру адамды ұлы етпейді. Бүкіл
жаратылыстың жалпы негізі кез-келген бөліп тастау дәрежесінен
ұлырақ өмір бастауы болып табылады.
Көшбасшының
үш қасиеттің бағасы биік:
барлық жаратылған
нәрселерге жаны аши қарау; тұрмыстағы қарапайымдылық пен
шамадан асып кетпеу; теңдік сезімі мен сыпайылық.
Жаны ашитын адам әркімнің көңілі үшін әрекет етеді.
Тұрмыстағы қарапайымдылық адамға байлық сыйлайды.
Теңдік сезімі адамның нағыз ұлылығын білдіреді.
Қателік мынада: біреудің көңілі өзіне ғана деген көңілді
білдіреді дейтін адамды ержүрек және өзге адамды артынан ерте
біледі деп есептеу.
Шамадан тыс тұтыну басқаларға жұмыс беру арқылы
өзгелердің аман-есендігіне қосылған үлес деп есептеу қателік.
Қарапайымдылықты ұмытқан немесе өзгелерден үстемдік
мінезін ұстанған адам шын мәнінде өзгелерден ақылдырақ деп
санау да қателік.
Даралық мінез-құлықтың түрлері. Олар адамды өмір сүрудің
толық негізінен ажыратады. Олар қаттылық пен өлімді тудырады.
Жаны ашу, жәрдем бергісі келу және теңдік, бір жағынан
өмірдің құрамдас бөліктері.
Біз бәріміз бір болғандықтан да бұл осындай. Мен Сіз туралы
уайымдасам, онда мен тұтастықтың үндестік қуатын ұлғайтамын.
Өмір деген нақ осы.
Марапат -
қарапайым, дөрекілеу шындықты айтқан, құлаққа
жағымды тиетін заттарды айтқаннан маңыздырақ. Топ қызыл
сөзден жарыс жасап жатқан жоқ. Әркімнің қажеті үшін әрекет ету,
бәсті жеңуді мақсат етуден маңыздырақ. Топ жарыссөз
жасаушылардың қоғамы емес.
241
Не болып жатқанына құлақ асу, барлығын белгілі бір теориялар
терминінде түсіндіруге қабілетті болғаннан маңыздырақ.
Топ оқу орнындағы емтихан емес.
Ақылды
көшбасшы
жеңістердің
шоғырын
жасауға
тырыспайды.
Көшбасшы өзгелерге өз жеңістеріне жетуге жәрдемдеседі.
Өзгелермен жеңісті бөлісудің өзі бақыт.
Бүкіл жаратылыстың соңында жататын бірыңғай ұстаным бізді
нағыз сәттілік барлығын бақытты етеді және ешкімді жойып
жібермейді деп үйретеді.
Ақылды көшбасшы, әрекеті үшін алатын марапаты жұмыстан
табиғи жолмен өзі келетінін біледі.
Өзімен-өзі болу.
Ақылды көшбасшы өзінің қасиеттілігін немесе
алған атағын жақсы атану үшін жария етпейді. Олай болмаған
күнде ол жеңіс пен жеңілістің болу жағдайына бірдей ықпал етеді.
Осыдан барып жарыс пен күншілдік пайда болады.
Тұрмыстық байлыққа сүйену де соған алып барады: ол кімде
көп болса, сол өркөкірек болады, кімде аз болса, сол ұры-қарыға
айналады.
Сіз сыртқы түріңізді жақсартумен әуре болған кезде, адамдар
Сізді рахатқа бөлеуге ұмтылады. Ақылды көшбасшы кез-келген
мінез-құлыққа соған сәйкес назар аударады.
Осылай болса топ мінез-құлықта жаңа мүмкіндіктерге ашық
болады. Егер олар бәріне ашық болса, жұмбақ шешуге мәжбүр
болмаса, көп нәрсеге үйренеді, онысымен олар ұстазына да рахат
әкеледі.
Көшбасшы стиль мәнді ауыстыру емес екендігін, кейбір
ақиқатты білу қарапайым ақылдан гөрі әлсіз екенін, назар аударта
білу жинақылық жағдайынан гөрі әлсіз екенін көрсетеді.
Тиімді әрекет үнсіздік пен тұрмысты айқын сезінуден пайда
болады.
Аяғы жерде тұрған адам, ылғи уақыты жоқ адамнан гөрі қажет
нәрсені тиімдірек жасайды.
Ақылды көшбасшы суға ұқсайды.
Суды алып қарайық: су барлық нәрсені таңдамай тазартады әрі
жаңартады, су заттың бетінен де әрі ішіне қорықпай өтіп кетеді, су
сұйық және қабылдағыш, су заңға зорлықсыз бағынады.
Көшбасшыны алып қаралық: көшбасшы кез-келген жағдайда
алдынан кездескен әрбір адаммен, әрбір көрсеткішпен ешбір
шағынбастан жұмыс істейді, көшбасшы ақысының көлеміне
242
қарамастан, жұрттың бәрі жақсы жұмыс істеп әрі пайда келтіріп
жатқандай болып қызмет етеді, көшбасшы әрі қарапайым әрі
шыншыл әңгімелеседі, мәселеге анықтық пен түсіністік кіргізу
үшін ғана араласады.
Судың қозғалысын бақылағанда көшбасшы әрекет етуде
уақытты есептеудің дәлдігі мен өз уақытында болу ең негізгі нәрсе
екенін түсінді.
Су секілді көшбасшы да кезегін береді (кезегін беру өнім
береді). Себебі көшбасшы асықтырмайды, сондықтан топ
ренжімейді, әрі қарсылық көрсетпейді.
Көшбасшы сапалық көрсеткіш емес, ол деңгейлік өлшем, өмір
сүру тәртібі, терең психология. Сонымен бірге білім алушыға
жұмсақ қана, жайымен тиімді жетекшілік етудің өлшемдерін
көрсетеді, дұрыс ойлауды, түсіну мәнерін, не болып жатқанының
және оның неге олай болып жатқанының тетігін басқару өнерінің
басқа да тәсілдерін түсіндіреді.
Тұлғаның көшбасшылық сапасын тәрбиелеудің міндеті жоғары
оқу орнында болашақ мұғалімдердің шығармашылық жарыстары
түрінде (спорттық сайыстар және т.б.) арнайы ұйымдастырылатын
тәрбие жұмыстарында жүзеге асады.
Тұлғаның көшбасшылық сапасын қалыптастыру үшін негізгі
білім беру бағдарламасын меңгеру жағдайындағы болашақ кәсіби
қызметіне тән жарыстық, бәсекелестік және қарсыластық күрестің
көріну қажеттілігі арасындағы қайшылықтармен күрделенген және
білім беру ұжымымен өзара әрекеттестік тұрғысындағы білім
алушылар үшін барынша қолайлы жағдайды сақтау қажеттілігі
туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |