221
қасында ешбір шәкірт қалғысы келмейді. Ақылы асқан шәкірттер
мұндай ұстазды пір тұтпайды.
2. Өзін-өзі басқара білу.
Өзін-өзі билей алмайтын адам басқаны
да басқара алмайды. Басшының осылай өзін-өзі басқара білуінің
оның қол астындағыларға да тигізер әсері ұшан-теңіз. Ақылды
басшы мұны естен шығармағаны дұрыс.
3. Қылыштай өткір әділдік.
Әділетсіз
басшының басқаларға
ұсынары шамалы, сол себептен де оның қол астындағылар мұндай
басшыны сыйламайды.
4. Шешімнің нақтылығы.
Нық шешім шығара алмайтын,
шешім шығару мәселесіне келгенде тұрақсыздық білдіретін
басшылар, негізінен, өзіне сенімді емес адамдар қатарынан болады,
ондай адам басқаларды да басқара алмайды.
5. Жоспардың нақтылығы.
Жолы болғыш басшы жұмысын
жоспарлай білуі қажет және жоспарланған жұмысын іске асыра
білуі қажет. Нақты жасалған жоспары жоқ, тек ойша кесіп-пішіп
жұмыс жасайтын басшылар желкенсіз қайық іспеттес.
Жел қайда
соқса, солай жүретін олар, ерте ме, кеш пе, қайраңдайтыны айдан
анық.
6. Белгіленген межеден тыс жұмыс істеу.
Басшының басты
қасиеттерінің бірі – оның өз қол астындағылардан талап еткеннен
де артық уақыт жұмыс істей білу қасиеті. Сонда ғана ол
басқалардың көрсетілген межеден артық жұмыс істеуін талап ете
алады.
7. Тұлғаның тартымдылығы.
Менмен, өркөкірек басшы еш-
қашан да басқаларға үлгі бола алмайды. Басшы болу үшін
сыйлы
болу қажет. Өз беделі мен өзінің атақ-абыройын ардақ тұтпайтын
басшыны басқалар да қадірлемейді.
8. Басқаларға жанашушылықпен және түсіністікпен қарау.
Жолы болғыш басшының басқалармен мұңы мұңдас болу қажет.
Олардың жай-күйін, өмір-тіршілігін, басына түскен ауыртпашы-
лығын, тіптен, қуанышын да бөлісе білген басшы ғана нағыз
басшы.
9. Жағдайға қанық болу.
Нағыз басшы айналасында не болып
жатқанын жіті қадағалап отыруы қажет.
10. Жауапкершілікті толығымен көтере білу.
Білікті басшы
қол астындағылардың жіберген кемшіліктері
мен қателіктерін
толығымен қабылдап, өз мойнымен көтере білуі қажет. Егер ол бұл
жауапкершіліктен бас тартып, оны басқаларға аударар болса, онда
оның жақсы басшы болмағаны. Қол астындағылардың бірі қателік
222
жасап, сол арқылы өзінің біліксіздігін көрсетсе, басшы мұны өзінің
кемшілігі деп қабылдауы қажет.
11. Ынтымақтастық.
Білікті басшы басқалармен ынтымақтасу
қағидасының берер пайдасын түсініп, оны өмірде қолдана білуі
шарт және қол астындағылардан да соны талап етуі қажет.
Көшбасшылық үшін адамда жігер болуы қажет, ал оған тек
ынтымақтастық арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Көшбасшылықтың
екі түрі
бар.
Бірінші
және ең тиімдісі – қол
астындағылардың қолдауымен және мақұлдауымен қол жеткізген
басшылық.
Екінші түрі
– ешкімнің қолдауынсыз, күш қолдану
арқылы жеткен басшылық.
Күш арқылы қол жеткізген
басшылықтың ұзаққа созылмай-
тындығы туралы тарихтан жақсы білеміз. Осылайша қол жеткізген
патшалар мен диктаторлардың ғұмыры ешқашан да ұзаққа
созылмаған, бұл – ең басты кемшілік. Бұл адамдардың күшпен
алған басшылықты жақтамайтындығын, оны ұзақ уақыт бойы
қолдамайтындығын білдіреді.
Наполеон, Муссолини және Гитлер және т.б. мемлекет
басшылары – мұндай басшылықтың айқын көрінісі, олардың қай-
қайсысының да дәуірі ұзаққа созылған жоқ.
Адамдардың
қолдауымен қол жеткізген басшылықтың ғана дәуірі ұзақ болмақ!
Күшпен қол жеткізген басшылықты қолдағанымен, ол –
уақытша ғана құбылыс және ол адамдардың өз еркімен болмайды.
Басшылықтың қолдауға ие болған жаңа түрі жоғарыда айтып
өткен он бір қасиетті және кейіннен сөз болатын басқа да
факторларды толығымен қамтиды. Бұл қасиеттерді өз бойына сіңіре
білген басшы, өмірдің қай саласында болса да, жетістікке
жететіндігі сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: