Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет97/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

«жол»
немесе 
«бағыт»
мағынасына келетін «lead» 
болып табылады. Көшбасшылық сөзі скандинавия тілінде (leadar), 
неміс тілінде (leither), голланд тілінде (leider) жазылуы ағылшын 
тіліндегі жазылуына ұқсас келеді. Көшбасшы сөзінің грек тіліндегі 
баламасы 
«hegemon»
сөзі. Римдіктерде көшбасшы мағынасын 


228 
беретін сөз «dux» сөзі болып табылады. Бұл сөздер де 
«жол»
немесе 
«саяхат»
деген мағына береді. 
Академиялық
тұрғыда
көшбасшы сөзінің қолданылуы 1300 
жылдарға саяды. Бұны дәлелдейтін мәлімет 1933 жылы шыққан 
Oxford ағылшын сөздігінде беріледі. «
Көшбасшы
» ұғымына алғаш 
рет анықтама Самуель Джонсон 1755 жылы құрастырған ағылшын 
сөздігінде «(lead), капитан, командир, алда жүретін адам» 
тұрғысынан берілген.
ХХ-ХХІ 
ғасырларда 
энциклопедиялық, 
философиялық, 
педагогикалық, түсіндірме сөздіктерде және ғалымдар еңбектерінде 
«көшбасшы» ұғымына берілген анықтамаларды саралап, талдауда 
«лидер»
:
бір 
топ адам арасында көшбасшы
болу, белгілі бір 
жағдайда басқаларға әсер етуші
(The Oxford Dictionary of 
Philosophy)
; әлеуметтік үдерістерде, жағдаяттарда жеке тұлғалық 
ықпалы басым болатын ұйымның немесе 
топтың абыройлы 
мүшесі

Көшбасшылықтың абыройы
және күнделікті әсерлі 
ықпалы формальды емес сипатта болады, стихиялық жинақталады 
және ресми емес топтық бақылау құралдарымен сүйемелденеді 
(Философский энциклопедический словарь)
; көшбасшы – көшті 
бастаушы әрі басқарушы 
(Қазақстан Ұлттық энциклопедия)
көшбасшы - жетекші
(Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми 
түсіндірме сөздігі: педагогика және психология)

топтың
көшбасшысы
болатын тұлға немесе топ ішінде ықпал етушілік
қабілетіне ие адам 
(Freedman S.L., Sears D.O., Carlsmith J.M.)

ұжымның мақсаттарын сипаттайтын және олардың ауытқымаулары 
үшін қажетті алдын алу шараларын қамтамасыз етуші 
(Драккер 
П.Р.)
; топтың өмір сүруін бағалап, ұйымдастыратын және осы өмір 
сүру жолында 
топтың күшін пайдаланатын тұлға
(Bursalıoğlu Z.)

үлкен өзгерістерді қолдайтын, жаңа мүмкіндіктерді қолдана 
алатын, белгісіздік пен қауіптерге қарамастан қолда бар 
мүмкіндіктерді бағалай отырып, 
ұйымға жаңалықтар әкелетін 
тұлға
(Өзден И.)
; топ мүшелері мен жақсы адамдарға басшылық 
жасайтын тұлға 
(Фиельдер Ф.Е., Чемерс М.М.)
; топтағы 
мүшелердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде ұсынылатын топтың бір 
мүшесі, ол топтық құнды бағдарлар мен ережелерді сәйкестендіре 
келе, өзінің айналасында топты құрайды және топтық мақсаттарға 
жету үшін осы топтың ұйымдастырылуына себепші болады. 
Көшбасшы - топқа жетекшілік жасайды
, ұйымдастырады, 
жоспарлайды және топтағы басқа мүшелерге қарағанда аса жоғары 
деңгейдегі белсенділікті таныта алады, топтың жұмысын басқарады


229 
(Жеребова Н.С.)
; маңызды жағдайларда топтың қалған мүшелеріне 
айтарлықтай ықпал ету қабілетіне ие 
топ мүшесі
(Давлетова А.И.)

кіші топ мүшелерінің бір адамның беделін, билігін және 
өкілеттілігін сөзсіз мойындауы және оның артынан жүруге 
дайындығы 
(Немов Р.С.)
; халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік 
топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына 
саяси қайраткерге 
лайықты қасиеттерді жия білген адам
.
Көшбасшы алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір 
әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін 
қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Көшбасыға алғырлық, ақылдылық, 
қажырлылық, ұйымдастыру-шылық, жұртқа жағымдылық, сондай-
ақ өзіне  жауапкершілік  ала білу және іскерлік таныта білушілік 
т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез-келген тарихи кезеңде, 
қоғамдық-саяси өмірде көшбасшы аса беделді тұлға тұрғысынан 
танылады 
(орысша-қазақша түсіндірме сөздік: педагогика )

көпшілікке қадірлі, ұжымда 
жетекшілік міндетті өзіне алатын 
адамдар
(Егенисова А.Қ.)

Берілген әрбір түсініктерде 
көшбасшы ұғымының
әрбір қыры 
ашылған. Және көшбасшының топпен бірге өмір сүретіндігін, 
жетекшілік, 
іскерлік, 
ұйымдастырушылық, 
көшбасшылық
қабілетін және топ мүшелерінің қарым-қатынасын реттей алуға 
дағдылануы мен топ ішінде беделге, билікке ие болу қажеттілігін 
жоққа шығармайды. Көшбасшы топтың басқа көпшілік мүшелері 
сияқты қабілеттерді меңгергенімен, әрекет етуі бойынша сапа 
жағынан ерекшеленеді.
Көшбасшылық және көшбасшы ұғымдары
– бұрынғы 
уақыттардан қазіргі таңға дейінгі аралықта басқару ғылымы 
саласында көп тартысқа түскен түсініктердің бірі. 
Көптеген психологтар мен педагогтар үшін 
тұлғаның 
көшбасшылық сапаларының
феноменін ұғынуының маңызды 
факторы, бірлескен топтық қызметтің мәнмәтініндегі көшбас-
шылықтың талдануы болып табылады.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына саяды (А.С.Макаренко, 
А.С.Залужный, Е.А.Аркин және т.б.). Олар көбіне балалар 
тобындағы көшбасшылықтың феноменін қозғады. 
Көшбасшылық
– топтық жағдаяттарда жалпы мақсаттарға жету 
үдерісінде бір-біріне бағынышты болатын көшбасшы мен топ 
мүшелері арасындағы өзара ықпалдасу дейді (Е.М.Дубровская).
Көшбасшылықты «ұйымдастыру» және «басқару» деген 
ұғымдар арқылы баяндайды (И.П.Волков).


230 
Көшбасшылықты ол шағын топқа, ұжымға әлеуметтік 
басқаруды ұйымдастыру үдерісінің мәнмәтінінде қарастырады 
және өзара іс-әрекеттестіктегі, көшбасшылықтың феноменін 
анықтайтын екі фактор бар деп есептейді (Б.Д.Парыгин):
1. 
Объективті фактор
(қызығушылықтары, мақсаттары, 
қажеттілігі, белгілі бір жағдайларда топтың міндеттері); 
2. 
Субъективтік фактор
(топтық қызметтің бастамашысы мен 
ұйымдастырушысы тұрғысынан жеке адамның дара ерекшеліктері). 
Педагог ғалым Ұ.М.Әбдіғапбарова мен педагог зертеуші 
Б.М.Баймұханбетов «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
көшбасшылық сапасын қалыптастыру» атты ғылыми еңбегінде 
мұғалімдерінің көшбасшылық сапасын зерттеудің теориялық-
әдіснамалық негізін ашады, зерттеу пәніне қатысты жан-жақты 
бағыттылықты негіздейді: көшбасшы, көшбасшылық, көшбас-
шылық сапа және т.б.; болашақ мұғалімді өзін-өзі кәсіби даярлауда 
көшбасшылық сапаның қалыптастыру моделін ұсынады.
 
Көшбасшылыққа терең талдау жасай отырып, мынадай 
қорытындылар 
жасады: 
көшбасшы 
топтың 
ұсынумен 
тағайындалмайды, топтың жасырын не ашық мақұлдауымен 
көшбасшылық позициясын жоспарсыз иемденеді; көшбасшы 
тағайындалуы кезінде оның тұлғасы мен өзіндік, топтың ресми 
белгіленбеген ережелері мен құндылықтарының жиынтығы да 
сәйкестендіріледі; көшбасшының тағайындалуы әр кезде топтың 
тіршілігі үшін маңызды болатын жағдайдан талап етіледі. 
Көшбасшы
 
– белгілі бір топты жарқын болашаққа, игі істерге 
жетелеу және тәуекелге бел буу мен батыл әрекет жасауға әзір болу 
іскерлігіне ие топ мүшесі. 
Көшбасшылық 
– топ мүшелеріне мәнді ықпал ететін, 
басшылықты қолына ала алатын, тұлғалық бағалауға, өзгеріс 
жасауға бейімді әлеуметтік психологиялық құбылыс. 
Көшбасшылық сапа
- лидерге тән адами қасиеттердің, мінез 
құлықтардың, интеллектуалдық білімдер мен көшбасшылық 
қабілеттердің, ұйымдастырушылық іскерліктер мен коммуни-
кативтік дағдылардың жиынтығы.
Мұндай сапалар адамға көшбасшылық функциялар мен 
қойылған міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз ете алады. 
көшбасшылық сапаны бірнеше тұлғалық сапаларға бөлектеуге 
болады, оларды қалыптастырып, дамыта келе әрбір адам көшбасшы 
болады.


231 
Көшбасшылық сапаларды қалыптастыру – белсенді қарым-
қатынастың қалыптасуы, рефлексті қабілеттіліктің дамуы, 
адамдарға ықпал ету, оларды ниеттестеріне айналдыру, олардың 
күштерін жалпы әлеуметтік мағыналы мақсаттарға бағыттап, өзінің 
құндылықтарын сезіне келе, шеберлігін шыңдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет