Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет98/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

 
Көшбасшы
м
ұғалім тұлғасының сипаттамасы 
Қазіргі қоғамдағы жоғары білім берудің көп қырлы құрылымы, 
еліміздегі жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру 
жүйесіне кіріктірілуі, олардың сол талаптарға сай даму мәселелері 
білім беру саласына жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуді қажет етуде.
Бүгінгі 
оқыту-тәрбиелеу 
саласында 
ендіріліп 
жатқан 
жаңалықтардың барлығы арнайы даярлықты талап етеді. Жоғары 
оқу орындарында болашақ көшбасшы мұғалімдердің сапасының 
қалыптасуына мүмкіндік жасау заман талабы.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда оларды жас ұрпақ 
өсіп келе жатқан қоршаған әлеуметке тез сіңісіп, өзінің іскерлігін 
құқықтық нормаларға сәйкес құруға, мемлекет мүддесін үнемі 
жоғары ұстауға, қатар өмір сүріп жатқан өзге ұлттардың 
мәдениетіне, дәстүріне құрметпен қарау дағдысын өзіне де жас 
ұрпақ бойына да қалыптастыра білуге бағыттау қажеттілігі пайда 
болды.
Жоғары білім берудің басты мақсаты
қоғамның, мемлекеттің 
және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін 
қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және 
мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру болса, міндеттері:
іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек нарығы мен 
технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, 
командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман дайындау;
ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, 
әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосу; білім беру 
жүйесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық 
жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін 
күшейту; тұтас алғанда қоғамның, оның ішінде білім жүйесінің 
дамуы мен жақсаруына үлес қосу. 
Мұғалім мамандығын таңдаған адам өзінің соңынан ерте 
алудың ішкі мотивациясына ие болуы керек, демек, көшбасшы болу 
талпынысына ие болуы абзал.
Мұғалім мамандығындағы басты міндет- әлеуметтік мақсаттар- 


232 
ды түсіну және басқа адамдардың күш жігерін сол мақсаттарға 
жетуге бағыттау.
Балаларды оқытуда беделді, байсалды болу керектігін айтып, 
сондай-ақ ол ұлттың бастаушысы, қоғамда қабылданған сыпайы 
мәнерлерді, жоғары адамгершілік қағидаттарын меңгеруші тұлға 
деген ойды нақтылайды (Авиценна). 
Әлеуметтік басқару қызметі тұрғысынан тәрбиелеу мен 
оқытудың ерекшелігі мұғалімнің қос еңбек құралы секілді.
Бір жағынан,
оның басты мазмұны 
адамдармен қарым-
қатынас құрай алуы
: егер басшы өзі басқаратын адамдармен 
қарым-қатынасты дұрыс түзе алмаса, ендеше ол өз қызметіндегі 
басты міндетті орындай алмайды деген сөз.
Екінші жағынан,
бұл типті мамандықтар үнемі адамнан белгілі 
бір арнадағы 
арнайы білікті, білімді және дағдыны талап етеді
(оның кімді немесе нені басқаруына қарай).
Педагог, әрбір басқарушы сияқты топтың 
даму барысын, өзі 
басқаратын оқушылардың қызметін түсініп, білу керек. 
Педагогикалық мамандық арнаулы және адамтанушы қос 
дайындықты талап етеді.
Мұғалімді надандық пен дөрекілікке қарсы аттанған, бар 
жігерімен қол бастаған қолбасшыға теңестіреді (
Я.А.Коменский
)

В.Л.Леви өзінің рөлдік теориясында мұғалімнің мамандығы 
туралы былай дейді: «Мұғалімнің рөлі нақтылы, айқын, бірмәнді. 
Дегенмен қараңыздаршы, бұл өзінде қаншама жасырын, басқаларға 
ұқсастығы мен ұмтылысы бар бұлыңғыр рөлдерді қамтиды» дей 
келе, мұғалімнің рөлін анықтайды: мұғалім - 
серік, жолдас, сүйікті 
адам, пір, шешен, жан сырын тыңдаушы, әңгімеші, әртіс, 
бақылаушы, ғалым, зерттеуші, психотерапевт, сыншы, сот, 
ақпаратшы, 
консультант, 
нұсқаушы, 
тәрбиеші, 
кеңесші, 
ұйымдастырушы, басқарушы, сарапшы, қамқоршы, тәлімгер, 
ағартушы, көшбасшы

Мұғалім тұлғасының сипаты немесе мұғалім тұлғасына қажетті 
құзыреттіліктер көшбасшының сапаларымен сабақтасып жатыр. 
Көшбасшы мұғалімнің тұлғалық сапа
ұғымына бірқатар 
анықтама берілген. Олар кесте 5-те түсіндіріледі. 
Шетелдік еңбектерде қарастыру барысында көшбасшылардың 
жаңа функционалдық жіктелу түрлері төменде көрсетілген:
Транзакциялық 
көшбасшылар бағынушылардың тұлғалық 
мүдделеріне қолдау көрсетіп отыруы шарт. Егер бағынушы 
қызметтерін орындаса марапатталады және алғыс білдіріледі. 


233 
Кесте 5 - Ғалымдардың тұлғалық сапа ұғымына берген 
анықтамалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет