«Моншақ» жаттығуы
Нұсқау: үстел үстіндегі моншақтан өздеріңіз қалағанда-
рыңызша алыңыздар. Енді алған моншақтың санына қарай өз
есіміңізді атай отырып, жақсы қасиеттеріңізді атаңыз. Олай болса,
мына ине жіпке жақсы қасиеттеріңізді тізіп көрейік. Үш адамнан
біріксеңіздер болды.
Психологтың талдауы: Көрдіңіздер ме осы жақсы қасиеттерді
біріктіре отырып, сізде әлі талай шыңдардан көрінетіндеріңізге мен
де сіздерде сенімдісіздер. Бір-бірімізге қол соғып қояйықшы
әріптестер.
261
«Өз жұбыңызды тап» жаттығуы
Нұсқау: қатысыушылар шеңбер құрып тұрады. Мен сіздерге
жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін.
Атаулар екі текшеде қайталанаған. Мысалы, егер сіздің
қолыңыздаға піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында
сондай текше бар екенін біліңіз (жаттықтырушы текшелерді
таратады, егер қатысыушылар саны тақ болса, жаттығуға
жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана
көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсыңыздың
міндеттеріңіз өз сыңарларыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер,
өздеріңіздің жануарларыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек
әр түрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ
үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде
ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Қатысушылар өз
сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап
шығады.
Әдетте бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде
қатысушылардың көңіл-күйі көтеріліп, шаршағандығы тарайды.
Жаттығу қатысушылардың әрі қарай ашыла түсуіне септігін
тигізеді.
«Оның есесіне мен...» жаттығуы
Барлық
қатысушыларға
аяқталмаған
сөйлемдері
бар
үлестірмелер таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен
аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре аламаймын, оның есесіне...
- Мен шаршадым, оның есесіне...
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне...
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне...
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне....
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола аламаймын, оның
есесіне...
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне...
- Мен Парижде болған жоқпын, оның есесіне...
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне...
- Мен өзім туралы көп ойлаймын, оның есесіне...
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне...
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне...
262
- Мен тым толықпын, оның есесіне...
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне...
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне...
- Мен сыр сақтай аламаймын, оның есесіне...
- Мен тігін тіге алмаймын, оның есесіне....
Достарыңызбен бөлісу: |