Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Болашақ мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет73/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

 
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық қасиеттері 
Қазіргі таңдағы тұлғаға бағдарланған білім беру саналы 
мақсатқа бағытталған өзін-өзі дамыту арқылы өз өмірінің басшысы 
болуына мүмкіндік беретін қасиеттерді дамытуды көздейді. 
Аталғандармен қоса, тұлғаға бағдарланған білім беру тұлғаның 
бойындағы қасиеттерді қалыптастырумен ғана емес, білім беру 
саласында тұлғалық іс-әрекеттерді дамыту мен олардың ашылуына 
жағдай жасауды міндет етеді. Мұндай тұлғалық іс-әрекеттер: уәж 
(іс-әрекетті қабылдау мен негіздей алуы); орта құру (сыртқы 
ықпалдар мен мінез-құлықтың ішкі импульсіне қатынасы); 
қайшылық (шынайылықтардың жасырын, қарама-қайшылықтарын 
көру); сыншылдық (ұсынатын құндылықтар мен нормалардан тыс 
қатынасында); рефлексия («Мен» бейнесін ұстауы мен құрылымын 
жасауы); шығармашылықтың мәні (өмірдің мәнін анықтау);
бағдары (тұлғаның әлем бейнесін құруы, даралық дүниетанымы);
автономдылық пен ішкі әлемнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
шығармашылық жаңғырту (кез-келген маңызды іс-әрекеттерді 
шығармашылық қамтамасыздандыру); өзін-өзі белсендіру (өзіндік 
«
Мен
» бейнесін қоршаған ортаны мойындатуға ұмтылысы); 
тұлғалық талаптары мен өмірлік әрекеттерінің руханилық 
деңгейімен сәйкестенуін қамтамасыз ету. 
Тұлғаға бағдарланған білім беру білім алушыларға келесідей 
міндеттер қояды: болашақ мұғалімдердің өзін-өзі дамытуына ықпал 
жасау, субъективтілігін дамыту, тұлғалық өсуін қамтамасыз ету; 


170 
интеллектуалды даму үдерісін қамтамасыз ету; тұлға санасында 
тұтас әлем бейнесін қалыптастыру. 
Болашақ мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту 
әдістерін меңгеруінің өзі оның тұлғалық өсуінің, тұлғалық
жетілуінің маңызды белгісі болып табылады.
Шетел ғалымдарының «Тұлғалық жетілуі» түсінігіне жүргізген 
ғылыми зерттеулерін талдаудағы ой-пікірлері келесі кестеде 
көрсетілген (кесте 2). 
Мұғалім 
тұлғасының 
педагогикалық 
іс-әрекет 
пен 
педагогикалық қарым-қатынас барысында дамуының ерекше-
ліктерін 
қарастыру 
қажеттілігін 
көрсетеді 
(А.К.Маркова, 
Л.М.Митина). Ал бұл болса, субъектінің тұлғалық сапаларына 
ерекше талаптар қояды және оның педагогикалық ұстанған жолын 
айқындайды. 
Субъектілердің бойынан табылуға тиіс кәсіби сапалар 
қатарында мыналарды атауға болады: 1. Басқара алу, оқыту, 
тәрбиелеу икемділігі, «адамдардың түрлі қажеттіліктеріне керек 
пайдалы әрекеттер жасау»; 2. Тыңдай алу икемділігі; 3. Дүние- 
танымның кеңдігі; 4. Сөйлеу мәдениеті; 5. «Ақыл-ойдың жанға 
бағытталуы», 
адамның 
мінезін, 
әрекеті 
мен 
сезімдерін 
байқағыштық, өзінің немесе басқаның тәжірибесі арқылы таныс 
емес адамның ішкі әлемін ойша елестете алу біліктілігі мен 
қабілеті; 6. «Адам үнемі бұдан да жақсы бола алады» түсінігіне 
негізделген жобалау бағдары»; 7. Өзге адамның көңіліне ортақтасу 
біліктілігі; 8. Байқағыштық; 9. «Халыққа қызмет ету түсінігінің 
дұрыстығына сенімділігі»; 10. Стандартты емес жағдаяттарды 
шеше алу біліктілігі; 11. Өзін жоғары деңгейде реттей алуы. 
Аталғандармен қатар, зерттеуші «адам-адам» жүйесіндегі 
мамандардың ерекшелігін: тұлғааралық қарым-қатынасқа бағытты-
лығы; қарым-қатынасшылдықтың жоғары деңгейі; өзгенің көңіліне 
ортақтаса алуы (эмпатия); адамдарды дұрыс қабылдау және бағалау 
қабілеті; сөйлеудің тазалығы, нақтылығы, анықтығы; өзін басқара 
алу икемділігі және адамдармен бірігіп өзара әрекет ете білуімен 
сипаттайды. 
Тұлғалық-кәсіби қасиеттің бірі - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет