214
әлеуетті серіктестердің барлық қабылдау арналарын белсендіру
тәсілдерін меңгеру.
Болашақ мұғалім үшін қарым-қатынас
барлық субъектілерінің
қабылдау ерекшеліктерін ескеру қажет және серіктестердің
қабылдауына әсер ететін дидактикалық құралдарды кеңінен
пайдалануы тиіс. Атап айтқанда, серіктес-визуаль үшін көрнекі
құралдар; серіктес-аудиаль үшін сөйлеу мен дауыстың дыбыстық
ықпалдары;
серіктес-кинестетик
үшін
(мимика,
қозғалыс,
кеңістіктік
ұйымдастыру, тактикалық іс-әрекеттер).
Болашақ мұғалімнің қарым-қатынас әлеуетінің құраушылары
нақты өмірде өзара біртұтас әрекет етулерімен оған түрлі
жағдайларға, атап айтқанда қиын, стандартты емес немесе кәсіби
қызметте амалсыздан кездесуге тура келетін алғаш рет кездесіп
отырған жағдайларға жылдам бейімделуге жол ашып, оның
коммуникативтік креативтілігінің жеткілікті
қалыптасуына ықпал
етеді.
Болашақ мұғалімнің коммуникативтік креативтілігі қарым-
қатынас пен іс-әрекеттің өзгермелі жағдайларына қатысты өзіндік
қарым-қатынастық
мінез-құлықты
бейімді
оңтайландыруға
қабілеттілік, әрі бұл оның бірқатар психологиялық ерекшеліктері
мен серіктестердің қарым-қатынас тәжірибесіне тәуелді.
Болашақ мұғалімнің
қарым-қатынас
әлеуеті оның болашақ
кәсіби қызметі барысындағы
педагогикалық қарым-қатынас
барысында көрініс табатындықтан оның жоғары оқу орнындағы
педагогикалық қарым-қатынасқа психологиялық дайындығын
қарастыру қажеттілігі туындайды.
Педагогикалық қарым-қатынасқа ұзақ мерзімді психологиялық
дайындық - бұл болашақта мұғалім болуды тұрақты және саналы
түрде қалау, мамандықты меңгеруге шынайы талпынысы.
Педагогикалық іс - әрекеттің табыстылығы үшін осы екі түрін
дамыту қажет.
Педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, оның
құрылымдық бірлікте - коммуникативтік
акте іске асуын назарға
аламыз: сөйлеуші / мұғалім немесе білімгер / тыңдаушы / білімгер
немесе мұғалім.
Достарыңызбен бөлісу: