Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет94/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

13 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ
САПАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
13.1
Көшбасшылықтың басты сипаты 
13.1.1
«Көшбасшы», «көшбасшылық», «көшбасшылық сапа» 
ұғымдарының мәні 
 
13.1.2
Көшбасшы мұғалім тұлғасының сипаттамасы
 
13.1.3
Болашақ 
мұғалімдердің 
көшбасшылық 
сапасын 
қалыптастыру
 
 
Көшбасшылықтың басты сипаты 
Кел-келген адамның алдына қойған биік мақсаттары мен асқақ 
армандары болады. Алайда әрбір адам сол межелі мәреге жетуде 
түрлі жолдарды таңдайды. Ол күрделі жолдың, бұралаң 
бұлтарыстары мен қия-құз қалтарыстары да болуы заңдылық. 
Жеңіс деген оңай беріле салатын белес емес, ол таудай талап пен 
ерен еңбекті талап етеді. Өмір жолы қаншалықты күрделі болса, 
қиындығынан қорықпай қадам жасағандарға соншалықты мол 
мүмкіндіктер береді. Бірақ осы мүмкіндікті мерзімінде ұғынып, 
толық деңгейде пайдалану әр адам үшін маңызды міндет.
Тарих толқынында осы сыйды сапалы салмақтай білген талай 
табысты тұлғаларды білеміз. Осы орайда, Абай бабамыздың 
«Үйрен де, жирен» деген қанатты сөзін қаперімізге алып, 
жадымызда ұстай отырып, танымал көшбасшылар асқарлы 
армандарына қол жеткізген. 
Жастар – еліміздің болашағы. Еліміздің – дамыған, бәсекеге 
қабілетті мемлекет ретінде қалыптасуы, бағындырған белестері мен 
өзіндік сара жолы бүгінгі жігерлі жастарға байланысты екені 
айқын. Талапты жастарға мол мүмкіндіктер беріп, кемелді 
болашаққа инвестиция салу қоғам алдында тұрған басты міндет.
Бұл ретте, қоғамдағы қозғаушы күшке ие жастар білімі мен 
білігінің нәтижесінде еліміздің жас көшбасшылары ретінде 
қалыптасып, қоғамның жақсы жаққа бой түзеп, өсіп өркендеуіне өз 
үлестерін қосуы тиіс.
Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, 
өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, қиыншылыққа төзе білетін 
тұлға.
Көшбасшылыққа жетудің негізгі факторлары: 
1. Ештемеден қаймықпайтын батылдық.
Бұл қасиет өзінің 
өмір бойы
 
жинақтаған біліміне негізделген болуы қажет. Өзіне-өзі 
сенімді емес және істе батылдық көрсете алмайтын басшының 


221 
қасында ешбір шәкірт қалғысы келмейді. Ақылы асқан шәкірттер 
мұндай ұстазды пір тұтпайды. 
2. Өзін-өзі басқара білу. 
Өзін-өзі билей алмайтын адам басқаны 
да басқара алмайды. Басшының осылай өзін-өзі басқара білуінің 
оның қол астындағыларға да тигізер әсері ұшан-теңіз. Ақылды 
басшы мұны естен шығармағаны дұрыс. 
3. Қылыштай өткір әділдік. 
Әділетсіз басшының басқаларға 
ұсынары шамалы, сол себептен де оның қол астындағылар мұндай 
басшыны сыйламайды. 
4. Шешімнің нақтылығы. 
Нық шешім шығара алмайтын, 
шешім шығару мәселесіне келгенде тұрақсыздық білдіретін 
басшылар, негізінен, өзіне сенімді емес адамдар қатарынан болады, 
ондай адам басқаларды да басқара алмайды. 
5. Жоспардың нақтылығы. 
Жолы болғыш басшы жұмысын 
жоспарлай білуі қажет және жоспарланған жұмысын іске асыра 
білуі қажет. Нақты жасалған жоспары жоқ, тек ойша кесіп-пішіп 
жұмыс жасайтын басшылар желкенсіз қайық іспеттес. Жел қайда 
соқса, солай жүретін олар, ерте ме, кеш пе, қайраңдайтыны айдан 
анық. 
6. Белгіленген межеден тыс жұмыс істеу. 
Басшының басты 
қасиеттерінің бірі – оның өз қол астындағылардан талап еткеннен 
де артық уақыт жұмыс істей білу қасиеті. Сонда ғана ол 
басқалардың көрсетілген межеден артық жұмыс істеуін талап ете 
алады. 
7. Тұлғаның тартымдылығы. 
Менмен, өркөкірек басшы еш- 
қашан да басқаларға үлгі бола алмайды. Басшы болу үшін сыйлы 
болу қажет. Өз беделі мен өзінің атақ-абыройын ардақ тұтпайтын 
басшыны басқалар да қадірлемейді. 
8. Басқаларға жанашушылықпен және түсіністікпен қарау. 
Жолы болғыш басшының басқалармен мұңы мұңдас болу қажет. 
Олардың жай-күйін, өмір-тіршілігін, басына түскен ауыртпашы- 
лығын, тіптен, қуанышын да бөлісе білген басшы ғана нағыз 
басшы. 
9. Жағдайға қанық болу. 
Нағыз басшы айналасында не болып 
жатқанын жіті қадағалап отыруы қажет. 
10. Жауапкершілікті толығымен көтере білу. 
Білікті басшы 
қол астындағылардың жіберген кемшіліктері мен қателіктерін 
толығымен қабылдап, өз мойнымен көтере білуі қажет. Егер ол бұл 
жауапкершіліктен бас тартып, оны басқаларға аударар болса, онда 
оның жақсы басшы болмағаны. Қол астындағылардың бірі қателік 


222 
жасап, сол арқылы өзінің біліксіздігін көрсетсе, басшы мұны өзінің 
кемшілігі деп қабылдауы қажет. 
11. Ынтымақтастық. 
Білікті басшы басқалармен ынтымақтасу 
қағидасының берер пайдасын түсініп, оны өмірде қолдана білуі 
шарт және қол астындағылардан да соны талап етуі қажет. 
Көшбасшылық үшін адамда жігер болуы қажет, ал оған тек 
ынтымақтастық арқылы ғана қол жеткізуге болады. 
Көшбасшылықтың 
екі түрі
бар. 
Бірінші
және ең тиімдісі – қол 
астындағылардың қолдауымен және мақұлдауымен қол жеткізген 
басшылық. 
Екінші түрі
– ешкімнің қолдауынсыз, күш қолдану 
арқылы жеткен басшылық. 
Күш арқылы қол жеткізген басшылықтың ұзаққа созылмай-
тындығы туралы тарихтан жақсы білеміз. Осылайша қол жеткізген 
патшалар мен диктаторлардың ғұмыры ешқашан да ұзаққа 
созылмаған, бұл – ең басты кемшілік. Бұл адамдардың күшпен 
алған басшылықты жақтамайтындығын, оны ұзақ уақыт бойы 
қолдамайтындығын білдіреді. 
Наполеон, Муссолини және Гитлер және т.б. мемлекет 
басшылары – мұндай басшылықтың айқын көрінісі, олардың қай-
қайсысының да дәуірі ұзаққа созылған жоқ. Адамдардың 
қолдауымен қол жеткізген басшылықтың ғана дәуірі ұзақ болмақ! 
Күшпен қол жеткізген басшылықты қолдағанымен, ол – 
уақытша ғана құбылыс және ол адамдардың өз еркімен болмайды. 
Басшылықтың қолдауға ие болған жаңа түрі жоғарыда айтып 
өткен он бір қасиетті және кейіннен сөз болатын басқа да 
факторларды толығымен қамтиды. Бұл қасиеттерді өз бойына сіңіре 
білген басшы, өмірдің қай саласында болса да, жетістікке 
жететіндігі сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет