Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет99/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Зерттеуші 
ғалымдар 
Анықтама 
Тұлғалық сапа....... 
Божович Л.И. 
Белгілі қоғамдағы бар тәртіп формасының 
игерілу нәтижесі 
Монахов Н.И.
Тұлғаның тұрақты қарым-қатынастарының 
нәтижесі мен талданып жинақталған айнасы 
Шилова М.И.
Қоғамдық тәртіп пен әрекетті реттеу мен 
бақылау 
барысында 
нормалар 
мен 
принциптердің бекітілуі 
Фридман Л.М., 
Пушкина Т.А., 
Каплунович И.Я. 
Білімнің, 
қарым-қатынастың 
және 
қылықтың бірлігі 
ОрловЮ.М.
Типтік, нақты жағдаяттарға байланысты 
мінез-құлықтың тұрақталған формасы 
Харламов И.Ф. 
Адамның кез-келген өзгермелі жағдаяттарда 
мінез-құлқының тұрақтылығын анықтайтын, 
алғашқы және бекітілген қарым-қатынасы 
Майғаранова Ш. 
Адамның жеке басына қатысты жалпы 
құндылықтарға арақатынасына қарай, мiнез, 
мәдениет, шығармашылық, бостандық, таңдау 
еркі, елін сүю, толеранттық, жеке табыс, жеке 
меншiк, азаматтық қоғам, әдiлдiк, тәртiптiлiк, 
т.б. сапалармен сипатталады: тұлғалық сапа 
сананың тұлғалық құрылымының мазмұны 
және деңгейi арқылы анықталады. 
Этикалық 
көшбасшылықты түсіндіруде жұмыс барысында 
ненің жақсы, ненің жаман екендігіне, ненің дұрыс, ненің бұрыс 
екендігіне сендіру немесе туындаған белгілі бір мәселенің шешімін 
табу кезінде саналы түрде кәсіби этикалық принциптерге деген 
қажеттіліктерге мән береді. Этикалық көшбасшылық белгілі бір 
этикалық 
құндылықтар 
мен 
принциптерді 
қолдайтын 
көшбасшылық шама болып табылады. 
Көреген көшбасшылық
- топтағы барлық адамдарға бірдей 
ықпал ете алатын және оларды іс-әрекетке тарта алатын, нақты 
мақсаттар қоя білетін және оған қол жеткізе алатын көшбасшылық 
шамасы. Көреген және жаңа көзқарастағы басқарушы басқа 


234 
басқарушыларға қарағанда жағдаяттарды көре білетін және 
айрықша өзгерістер енгізе алатын қабілетке ие болуы тиіс. 
Трансформациялық 
көшбасшылық
ұйым 
мүшелерінің 
ұжымдық күштерін ортақ мүддеге жұмсай алатын адамдар. 
Трансформациялық көшбасшылар ұйымға жұмыс береді және 
бағынушыларды марапаттап, олардың әлеуметтік мұқтаждарын 
түсініп, оларға материалдық жағынан қолдау көрсетеді. 
Супер көшбасшылық
теориясында әрбір адам өзіне-өзі 
көшбасшы. Бұл теория көшбасшылық тұлғаның жауапкершілігі 
тұрғысынан көрінеді және оның ішкі жұмысы болып табылады. 
Басқаларды басқара білу үшін өзімізді басқара алатындай деңгейде 
болуымыз қажет, деген ұстанымды ұстанады. 
Мәдени көшбасшылық
ұйымның күші мен қалыптасқан мәдени 
құндылықтарын дамытушы болып табылады. Мәдени көшбасшы – 
ұйым мәдениетінің барлық бағыттарын білетін, бағалайтын, 
дамытатын және көрегендігімен жаңа құндылықтар жасайтын адам. 
Ұстамды көшбасшылық.
Бұл көшбасшылықты топтың 
мақсаттары мен міндеттерін көшбасшы белгілейді. Ұстамды 
көшбасшылыққа көшбасшылардың шешімдері қарастырылмайды. 
Көшбасшы өзін қателеспеймін деп есептейді. Ұстамды көшбасшы 
ұйымның барлық жұмысында сөзі өтетін адам, бағынушылардың 
көзқарастарын білдіруіне және басқару үрдістеріне қатысуларына 
рұқсат етпейді. Осыған байланысты көшбасшы бағынушылардың 
қабілеттерін пайдаланбайды. Ұстамды көшбасшылыққа жұмысшы-
лардың қабілеттерін көрсету мен дамыту мүмкіндігі берілмейді. 
Демократиялық көшбасшылық
стилінде көшбасшы басқару 
амалын бағынушылармен ойласып шешеді. Көшбасшы бағынушы-
ларының жоспарлау, шешім қабылдау мен ұйымдастыру сияқты іс-
әрекеттерге қатысуын қамтамасыз етеді. Шешім шығаруға 
мүмкіндік беріп, белсенділеріне басқаруды тапсырады. Алайда 
соңғы сөзді көшбасшы айтады. Бағынушылар көбінесе шешім 
қабылдауда көмекші әрекет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет