ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«СПОРТ ЖӘНЕ ӨНЕР» ФАКУЛЬТЕТІ
«Дене тәрбиесі және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Бастапқы әскери дайындық пәнінің жастарды тәрбиелеудегі ролі.
Қабылдаған: подполковник Мамбеталиев С.
Орындаған: Күнқожа Нияз.
Тобы: БӘД-011
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жастарды болашақ әскери қызметке даярлау
Оқушылар дың әскери техникағақызығушылығын қалыптастырудың тиімділігін бағалау
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін модернизациялаудың қазіргі кезеңінде оқушы-жастар әскери-патриоттық тәрбиесінің рөлі мен маңызы арта түседі. Қазіргі күрделі геосаяси жағдайларда оқушы-жастарды бастапқы әскери дайындығы сапасын жақсарту, мектепте «Бастапқы әскери дайындық» пәнін оқытудың нәтижелілігін арттыру аса маңызды.
Қазақстан Президенті - Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы V
«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуына қатыстып, өз сөзінде «Мемлекет басшысы жастарды әрқашан барлық азаматтарымызды біріктіретін ортақ құндылықтарға – жасампаз еңбекке, бейбітшілік пен келісімге, халықтың бірлігіне, Отанға деген мақтаныш сезімге және оның ұлы тағдырына алаңдаушылық білдіруге
шақырды. – Мен батыл ұрпақ өсіп келе жатқанын көріп тұрмын. Сіздер заманауи Қазақстанның биік мұраттары негізінде тәрбие алдыңыздар. Өздеріңіздің білімдеріңізбен және қажырлы еңбектеріңізбен Отанымыздың – Мәңгілік еліміздің даңқын шығарасыздар. Сіздердің Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптейтіндеріңізге, ел жетістіктерінің табысты эстафетасын абыроймен алып жүруді жалғастыратындарыңызға сенемін», – деп атап өтті [1].Теориялық талдау:Жастар әскери-патриоттық тәрбиесінің өзектілігіне қарамастан бұл бағытта мәселелер де жоқ емес. «Елімізде әскер қатарына шақырылуы тиіс бозбалалардың 1/5 ғана сарбаз атанады. Қалғаны түрлі себеппен отан алдындағы борышын өтеуден босатылады. Иә, нарықтық заман дейміз бе? Жастар жаңа ғасырдың жаңашылдықтарын алға тартып, әскерге барудан бас тартып жататыны жиі байқалады. Мұның себебі неде?» [2].Біздің пайымдауымызша, жастардың әскерге барудан бас тартып жататынының бір себебі - олардың әскери қызмет туралы жеткілікті түсінігінің болмауы, әскери қызметке қызықтыру тетіктерін толық пайдаланбау, солардың ішінде әскери-техникалық қызығушылықтарының дамымағандығы деу мүмкін.
Жастарды болашақ әскери қызметке даярлау
Жастарды болашақ әскери қызметке даярлау олардың бастапқы әскери білімінің сапасы мен әскери-патриоттық тәрбиесінің нәтижелілігіне байланысты. Әскери өмір, әскери қызметтің ерекше, тартымды қырларын жақсы пайымдайтын, әскери-техникалық білімі мен икемділіктері қалыптасқан жастар ғана армияда қызмет етуге барынша ұмтылады.
«Бастапқы әскери дайындық» пәнін оқыту үдерісінде мектептің жоғары сатысы оқушыларының әскери-техникалық қызығушылықтарын қалыптастыру оқушылардың әскери салаға деген қызығушылығы мен құрметін, патриоттық сезімдерін, техникалық ойлауы мен шығармашылығын дамытудың маңызды құрамдасы ретінде қаралады [3;4].
Оқушыларының әскери-техникалық қызығушылықтарын олардың заманауи әскери техника туралы білімдерінің, әскери техниканы меңгеру қажеттілігін пайымдауларымен, оған тұрақты ұмтылыстары және әскери техниканы меңгеруде белсенділік пен шығармашылық танытуында анықталады.
Оқушылардың әскери-техникалық қызығушылығын қалыптастырудың әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық маңызы қандай?
Оқушылардың әскери-техникалық қызығушылығын қалыптастыру олардың болашақ әскери қызметке даярлығына оң ықпал етеді, техникалық ойлауын және танымдық қызығушылықтарын дамытады, әскери-патриоттық сезімдері оятады, әскери мамандықтарға кәсіби бағдар алуға әсерін тигізеді. Әскери-техникалық білімдерді меңгеру оқушылардың тарих, табиғи-жаратылыстану бағытындағы оқу пәндерінен де алатын білімдерінің тәжірибелік бағыттылығын күшейтеді. Оқушылар әскери техника тарихы, оның қазіргі даму деңгейі, әртүрлі әскери техникалық құрал-жабдықтардың қызметі, құрылымы, техникалық мінездемелерін қолжетімді деңгейде меңгере алады.
Әскери техника балалар мен жастарда әрқашанда танымдық қызығушылық тудырады. Заманауи әскери техника – танктер, ұшақтардың түрлі модельдері, ракеталар, теңіз әскери кемалары, әртүрлі әскери қару-жарақтардың мінездемелері, техникалық құрылымы қай баланы, жеткіншек пен жасөспірімді өзіне тартпайды, дейсіз?
Бірақ оқушы-жастардың әскери-техникалық қызығушылықтары тек ғаламтордан алынатын мәліметтермен шектелмеуі, мектептегі білім беру мен тәрбиелеу мақсаттары аясында, мақсатты, әрі жоспарлы болуы тиіс. Мұнда жоғары сыныптарда өтілетін
«Бастапқы әскери дайындық» пәні ерекше рөл атқарады. Сонымен, мектептегі математика, физика сабақтары аясында да оқушылардың әскери-техникалық білімдері мен икемділіктерін қалыптастыру мүмкіндіктері баршылық.
Жалпы білім беретін мектепте «Бастапқы әскери дайындық» пәнін оқытудың жаппай және озық тәжірибелерін зерделеу және қорытудың негізінде оқушылардың әкери- техникалық қызығушылықтарын қалыптастыру мен дамытудың психологиялық- педагогикалық шарттарыанықалды. Атап айтқанда:
- заманауи әскери техника туралы оқушыларға қолжетімді, тартымды, қызықты мәліметтермен БӘД оқу пәні мазмұнын толықтыру;
- оқушыларда әскери-техникалық білімдердің Отанды қорғау, Қарулы күштеріміздің бәсекелестік қабілеттілігін дамытудағы маңыздылығын нақты мысалдар арқылы көрсету;
- оқушылардың әскери-техникалық білімдер мен икемділіктерді меңгеруге деген ұмтылыстарын интербелсенді әдістер көмегімен қолдау;
- заманауи әскери техниканың жоғары техникалық-технологиялық даму деңгейі, әскери-техникалық өндірістің әлеуеті туралы қызықты фактілер мен оқу материалдары көмегімен оқушыларды тарту;
- оқушылар әскери-техникалық қызығушылықтарын қолдаудың практикалық бағыттылығын күшейту, әскери-техникалық білімдерді тәжірибелік жаттығулармен пысықтау;
- оқушылар әскери-техникалық білімдерді меңгеруіндегі оқу-танымдық белсенділігін арттырудың арнаулы тәсілдері мен құралдарын пайдалану;
- әскери-техникалық білімдерді меңгерудің оқудан тыс, сабақтан тыс формаларын кеңінен пайдалану (әскери музейлер, әскери бөлімдерге саяхат, көрмелерге бару, сабақта оқушылардың жаңа әскери техникаларды презентациялауы т.б.).
1) 3аманауи әскери техника туралы оқушыларға қолжетімді, тартымды, қызықты мәліметтермен БӘД оқу пәні мазмұнын толықтыру.
Біздің педагогикалық байқауларымыз, БӘД пәні мұғалімдері және жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген сұхбаттар оқушылардың, әсіресе ер балалардың заманауи әскери техникаға ерекше қызығушылық танытатындығын көрсетті. Оқушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына мүше елдер, Батыс елдері әскери техникасы туралы қызықты мәліметтер, олардың техникалық мінездемелері туралы деректі материалдар өзіне тартатындығы анықталды. БӘД мұғалімі пәндік бағдарлама мазмұнының мүмкін болған барлық тақырыптарында заманауи әскери техника, оның мүмкіндіктері, құрылымы және пайдалану саласы туралы қарапайым, балаларға қызықты әрі қолжетімді мәліметтерді бергені жөн. БӘД оқу пәні оқушыларға әскери техника туралы түрлі форматтағы қызықты мәліметтер беруге жақсы мүмкіндіктер жасайды. Мұндай тәсілдер оқушылардың БӘД пәнінің басқа тақырыптарына үйлесімді болады, оларды толықтырады.
Заманауи әскери техника туралы оқу- танымдық материалдар әдетте интернеттен, әртүрлі сайттардан алынған, әскери басылымдар, газет-журналдардан алынған материалдар болуы мүмкін. Бірақ мұндай материалдар оқушылардың жас психофизиологиялық ерекшеліктеріне, мектепте оқыту мен тәрбиелеудің дидактикалық және тәрбиелік принциптеріне сәйкес келетіндей болуы керек. Кез келген материалды педагогикалық мақсаттылық тұрғысынан қарастырмай қолдануға болмайды. Әскери техника туралы қызықты танымдық материалдар оқушылардың отансүйгіштік тәрбиесі мақсаттары аясында болуы зәру, балалардың техникалық ойлауы мен қызығушылықтарын дамытатындай болуы керек.
2) Оқушыларда әскери-техникалық білімдердің Отанды қорғау, Қарулы күштеріміздің бәсекелестік қабілеттілігін дамытудағы маңыздылығын нақты мысалдар арқылы көрсету. Оқушыларөздері алатын бастапқы әскери білімдер патриоттық мақсаттар мен міндеттерге бағыт-бағдар алатындығын, Елдің қауіпсіздігі, бейбітшілік, Қарулы күштеріміздің бәсекелестік қабілетін сақтау және нығайту мақсаттарына қызмет етуі керектігін жақсы түсінулері керек. Оқушыларға заманауи әскери-техника туралы жаңа білімдер беру, кейбір қарапайым әскери техника үлгілерін тәжірибелік тұрғыдан зерделеуге мүмкіндіктер жасау қажет. БӘД мұғалімі әскери техника түрлерінің қысқаша тарихына шолу жасап, олардың шынайы әскери жағдайларда қолданылуына мысал келтіруі мүмкін. Мысалы, аңызға айналған Ұлы Отан жылдарындағы «Катюша» ракеталық құрылғысының тарихи мен байлансыты тарихи-деректі фактілер оқушыларды жағымды эмоционалдық, патриоттық сезімдерді оятады. Немесе, континентарлық ракеталардың техникалық мүмкіндіктерімен қатар, олар қазіргі күрделі геосаяси жағдайларда алып елдердің бір-біріне құрметпен қарауына ықпал ететіндігін атап көрсету керек. Демек, БӘД оқу пәні сабақтарында оқушыларға берілетін танымдық материалдар міндетті түрде тәрбиелік мазмұнда, тәрбиенің заманауи принциптеріне сай болуы қажет. Оқушыларға әскери техниканың маңыздылығын түсіндіру патриоттық сезімдер тудыратын нақты мысалдармен пысықталуы қажет.
3) Оқушылардың әскери-техникалық білімдер мен икемділіктерді меңгеруге деген ұмтылыстарын интербелсенді әдістер көмегімен қолдау.
Оқушылардың әскери-техникалық білімдер мен икемділіктерді меңгеруінің интербелсенді сипатта болуы, яғни оқушылардың оқу үдерісінің белсенді, толыққанды қатысушысы, субъектісі болуы аса маңызды. Атап айтқанда, оқушылар мұғалімнен тек даяр оқу білімдерді алумен шектелмей, өздері жаңа білімдерді ізденуі қажет. БӘД мұғалімі оқушылардың дербестігін, танымдық ізденімпаздығын мотивациялайтын түрлі интербелсенді әдістерді қолдануы керек. Мысалы, проблемалық сипаттағы сұрақтар, ақпарат көздерінен әскери техникаға қатысты мәліметтерді іздеу, заманауи әскери техника туралы презентациялар дайындау, топтық жұмыстар, жеке деңгейлі тапсырмалар жақсы нәтижелер береді. Оқушылар өздері іздеген, тапқан әскери-техникалық материалдарды сыныптас достарымен бөлісуі, танымдық қарым-қатынастар жасауына қол жеткізу керек.
4) Заманауи әскери техниканың жоғары техникалық-технологиялық дамуы деңгейі, әскери-техникалық өндірістің әлеуеті туралы қызықты фактілер мен оқу материалдары көмегімен оқушыларды тарту.
Оқушыларды әскери-техникалық фактілер, әсіресе таңқаларлық жағдайдағы материалдармен таныстыру, оларды іздеуге, олар туралы материалдар дайындауға баулу оқу үдерісінде жақсы нәтижелер береді. Заманауи әскери техника – танктер, ұшақтар, ракеталар, бронотранспортерлер, әскери кемелер т.б. туралы қызықты дәлелдер – оқушыларды өзіне тез тартатын танымдық құралдар.
5) Оқушылар әскери-техникалық қызығушылықтарын қолдаудың практикалық бағыттылығын күшейту, әскери-техникалық білімдерді тәжірибелік жаттығулармен пысықтау.
Оқушылар меңгеретін әскери-техникалық білімдер тек теория жүзінде қалып кетпеуі керек. Танымдық сипаттағы әскери-техникалық білімдер Блум таксономиясы сатылар бойынша «тану – түсіну - қолдану - талдау- жинақтау-бағалау» көтерілуі керек. Біздің педагогикалық байқауларымыз ол әдетте тану және түсіну деңгейінен көтерілмейді. Бірақ БӘД пәнін оқытуда әскери-техникалық білімдердің тәжірибелік сипатта, қолдану деңгейіне көтерілуі үшін арнайы жаттығуларды пайдалану мүмкін. Оқушылар автоматтарды шашу және жинау жаттығуы баршаға мәлім. Ал күрделі әскери техникалардың модельдері, макеттерін сабақта әртүрлі практикалық жаттығуларды орындау үшін қолдану мүмкін.
6) Әскери-техникалық білімдерді меңгерудің оқудан тыс, сабақтан тыс формаларын кеңінен пайдалану.
Оқушылар БӘД пәні сабақтарында алған әскери-техникалық білімдерді кеңейту, пысықтау мақсатында сабақтан тыс әскери-техникалық танымдық іс-әрекет формаларын пайдалануға болады. Мысалы әскери музейлер, әскери бөлімдерге саяхат, көрмелерге бару, сабақта оқушылардың жаңа әскери техникаларды презентациялауы т.б.) ұйымдастырудың маңызы жоғары. Мұнда оқушылар әскери техникалардың жай бейнелері, макеттерінен емес, шынайы үлгілерін көру, әскери қызметшілермен кездесу және сұхбаттасу, пікір алмасу, әскери техниканың құрылымы, техникалық мінездемелері, жұмысы туралы шынайы, көрнекті ақпарат алуға мүмкіндік алады. Балалар болашақтағы әскери қызметке қызығады, тіпті болашақта әскери мамандықтар меңгеруді де ниет етуі мүмкін.
Оқушылар дың әскери техникағақызығушылығын қалыптастырудың тиімділігін бағалау.
Бұл бағалаудың міндетті критерийі- жоғары сынып оқушыларының әскери техникаға қызығушылығы. 1-кестеде оқушылардың әскери техникаға қызығушылығы қалыптасқандығының критерийлері, көрсеткіштері және оны өлшеудің диагностикалық әдістері берілген.
Кесте 1. Оқушылардың әскери-техникалық қызығушылықтарын диагностикалау критерийлері, көрсеткіштері мен әдістері
Критерийлер
|
Көрсеткіштер
|
Диагностикалау
әдістері
|
1. Әскери техника туралы білімдер мен түсініктердің болуы.
|
әскери-техника саласында бастапқы білімдер мен түсініктердің болуы;
БӘД пәнін оқу үрдісінде алынған әскери-техникалық
білімдердің деңгейі.
|
тестілеу
|
2. Әскери-техникалық білімдерді меңгеруге саналы қатынасы.
|
оқушының әскери- техникалық білімдер мен икемділіктерді меңгерудің маңыздылығын пайымдауы;
әскери-техникалық білімдер мен икемділіктерді меңгеруде жауапкершілік сезімі.
|
сауалнама, педагогикалық байқау әдісі
|
3. Әскери-техникалық білімдерді меңгеруге тұрақты ұмтылыстар
|
оқушыныңәскери- техникалық білімдер мен икемділіктерді меңгеруге ұмтылыстарының байқалуы;
әскери-техникалық білімдер мен икемділіктерді
меңгеругедегі белсенділігі.
|
Педагогикалық байқау, сараптамалық талдау әдістері
|
4. Әскери-техникалық білімдер мен
икемділіктердің тұлғалық- мағыналық сипаты
|
оқушының жеке басы үшін әскери-техникалық білімдер мен
икемділіктердің мағыналығы;
әскери-техникалық білімдері мен
икемділіліктерін болашақ кәсіби қызметте, өмірде
пайдалануға бағдарлануы.
|
эссе, сұхбат
|
Достарыңызбен бөлісу: |