Қожабек қанат мұратұлы қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу



бет3/18
Дата05.06.2023
өлшемі1,29 Mb.
#98900
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
treatise175770

4 ҚАЗАҚСТАН МЕН ФИНЛЯНДИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАР МЫСАЛЫНДА)

133


ҚОРЫТЫНДЫ

142

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

146

ҚОСЫМШАЛАР



156



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы


АР – адами ресурстар
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҰДСЖ – Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
ДСМ – Денсаулық сақтау министрлігі
ДСӘДМ – Денсулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
ДДҰ – Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы
ЕО – Европалық Одақ
ҚР – Қазақстан Республикасы
МСАК – медициналық-санитарлық алғашқы көмек
ТМККК- тегін медициналық көмектің кепілді көлемі
ЭЫДҰ – Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы
МЖӘ – Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік


КІРІСПЕ

Елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен бірге денсаулық сақтау жүйесінде де елеулі ұйымдық-құқықтық және мазмұндық сипаттағы өзгерістер іске асырылуда. Денсаулық сақтау саласын реформалау үшін заңнамалық база құрылды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тәжірибеге енуде, салада түбірлі түрдегі қайта құрулар жүргізілуде, денсаулық сақтау саласындағы жеке меншік нысанға негізделген медициналық қызметтер көрсету дамуда. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей: «Біз ұлт денсаулығын жақсартуда елеулі жетістіктерге қол жеткіздік. Денсаулық сақтау саласы тиімділігін жоғарылатуда, оны ұйымдастыру, басқару және қаржыландыру жүйесі реформаланды» [1].


Алайда денсаулық сақтау саласының бүгінгі таңда шешілмей отырған бірқатар өзекті мәселелері де бар, олар: ұйымдық-құқықтық мәселелерде жіберілген кемшіліктер салдарынан туындап отырған денсаулық сақтауды басқару саласында мемлекеттік органдар арасындағы функциялардың дұрыс бөлінбеуі, ауылды жерлердегі білікті мамандардың жетіспеушілігі; денсаулық сақтау саласындағы мамандар әзірлеудің әлсіздігі; медицина қызметкерлерінің еңбекақысының төмендігі мен әлеуметтік қорғаудың аздығы; аймақтық медициналық мекемелердің аспаптармен аз қамтылуы; мемлекеттік басқару органдарындағы жемқорлық; дәрігерлердің жіберген дәрігерлік қателіктері үшін жауапкершіліктің төмендігі; азаматтардың өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде медициналық көмекті ала алмауы; жергілікті бюджеттердің деңгейінің әртүрлі болуына байланысты медициналық көмекті көрсетудің көлемі мен сапасындағы аймақтар бойынша дифференциациясы; денсаулық сақтауды бюджеттік қаржыландыру үлгісі азаматтардың кепілдік берілген тегін медициналық көмектің ҚР заңдарымен анықталған мұқтаж көлемін жаба алмауда; медициналық көмек көрсеткені үшін біріңғай тарифтік саясаттың болмауы. Сонымен бірге, «халық денсаулығы көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастын, қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы ЭЫДҰ-ға мүше елдердегіден шамамен 10 жылға аз. Ерлер мен әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы арасындағы едәуі айырмашылық (2014 жылы-8,82 жас) сақталып отыр, еңбекке жарамды жастағы ерлердің өлім-жітімі әйелдерге қарағанда 24 %-ға жоғары. ...қанайналым жүйесінің сырқаттарымен алғаш науқанастанудың өсуі шамамаен 15 %-ды құрайды (2010 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 2086,7 болса 2014 жылы – 2394,7); қатерлі ісіктерге шалдығу көрсеткіші 9,7 % ұлғайған (2010 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 181,2, 2014 жылы – 198,7); ересектердің 31,2%-ында семіздік бар. Тубуркулезбен сырқаттану және одан болатын өлім-жітімнің едәір төендегеніне (сырқаттанушылықтың жыл сайын 9 %-дан астам, өлім-жітімнің - 5 жылда 2 еседен астам төмендуі) қарамастан, Қазақстан 2014 жылдың деректері бойынша еуропа өңіріндегі тубуркулездің таралу деңгейі жоғары 18 елі арасынан 7-орын, ілкі тізімді тубуркулез деңгейі бойынша – 2-орын, ал ЖБИ-де тубуркулездің таралуы бойынша 102-орын алады» [2].
Денсаулық сақтау саласындағы осы аталған мәселелерді шешу мақсатында, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасында медицина саласында атқарылуы тиіс нақтылы мәселелер айқындалды: «80-қадам. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруларды енгізу. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады»; «81-қадам. Жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу. Бәсекелестік есебінен қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру - бәсеке есебінен медициналық ұйымдардың корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту»; «82-қадам. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссияны құру. Басты мақсат: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау)» [3].
Сондықтан, осы денсаулық сақтау саласындағы реформаларды тиімді жүргізу үшін, денсаулық саласын басқарудың қазіргі таңдағы ұйымдық құрылымдарын жетілдіріп, нәтижелі жұмыс істеуіне қажетті құқықтық базаны қалыптастыру қажет. Денсаулық сақтау саласын заңнаманы жетілдірмей реформалау мүмкін емес, Денсаулық сақтау саласын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басты мақсатының бірі - халық денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған. Сол үшін денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесі денсаулық пен оған құқықты қорғау саласындағы ғылым мен тәжірибенің отандық және әлемнің алдынғы қатарлы әдістерін сіңірген прогрессивті заңнамаға негізделуі тиіс.
Сондай-ақ, бұл саланы реформалауда бұрынғы қателіктерді қайталамау үшін, денсаулық сақтау саласын басқарудың ұйымдық-құқықтық мәселелеріне баса назар аударылуы тиіс. Денсаулық сақтау саласындағы ұйымдық-құқықтық мәселелердің маңыздылығы, жоғарыда аталған факторлар біздің пікірімізше зерттеу тақырыбының өзектілігін бекіте түседі.
Денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқару мәселелері еліміздің, сонымен бірге шетелдік ғалымдардың көптен бергі зерттеу объектісі болып келеді. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқарудың жалпы теориялық мәлелері мен мемлекеттік органдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің мәселелері С.З. Зиманов, С.Б. Байсалов, Ғ.С. Сапарғалиев, Н.Б. Мұхитдинов, А.А. Таранов, С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев, А.И. Худяков, Д.Л. Байделдінов, Р.А. Подопригора, А.Е. Жатқанбаева секілді белгілі отандық ғалымдармен зерттелінсе, жақын және алыс шетелдік ғалымдардан С.С. Алексеев, Г.В. Атаманчук, Д.Н. Бахрах, В.И.Чиркин, С.Я. Куриц, А.В. Тихомиров, Н.М. Конин, С.Н. Братановский, В.Д. Бочаров, Ю.Н. Старилов, Л.Ю. Трюшкина, Л.Л. Попова, А.П. Алехин, Ю.Ш. Мильшин, Н.А. Шевелева, М. Риэккинен, Дж. Хуса, Ю. Хуг, П. Де Херт өз зерттеулерін арнады.
Өкінішке орай, денсаулық сақтау саласының құқықтық мәселелері елімізде әлі кеңінен зерттелінбеген тың мәселелердің бірі. Азаматтардың денсаулыққа конституциялық құқығының қорғалуын жүзеге асыру мәселесіне «қалам тартып» жүрген бір ғана ғалым, А.Н. Сағындықова болып отыр [4]. Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері бойынша іргелі зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл зерттеулелерге Д.М. Баймаханова және А.Е. Жатқанбаевалар жетекшілік етуде.
Ал, денсаулық сақтауды экономикалық-ұйымдастырушылық аспектілерде зерттеуде А.Ақановтың, Ж.Досқалиевтың, Е. Біртановтың, А.Е. Рахимбекованың еңбектерін атауға болады. Денсаулық сақтау саласын жетілдіруге байланысты белгілі отандық ғалымдар Т. Шарманов. А.Шарманов, А.К. Байгенжин, К. Ормантаевтар өз ойларын баспасөз беттерінде жиі білдіріп отырады.
А.Е. Біртановтың «Организационно-методические и финансово-экономические основы инновационно-инвестиционной стратегии развития системы здравоохранения Республики Казахстан» атты докторлық диссертациясы еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдық-әдістемелік ұйымдастырылуының мәселелері мен инновациялық-инвестициялық даму стратегиясына арналған кешенді зерттеу жұмысы болса [5], А.Е. Рахимбекованың «Конкурентоспособность медицинских организаций в Республике Казахстан: теория, оценка уровня и направления повышения» атты PhD докторлық диссертациясы медициналық ұйымдардың қызметін бәсекеге қабілетілігін дамыту мәселелеріне арналған [6].
Айтып өтетін маңызды жайт, Қазақстанда денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқарудың құқықтық мәселелеріне арналған іргелі зерттеу еңбектері жоқ деуге болады. Монография осы мәселелерді зерттеуге бағытталған алғашқы кешенді еңбектің бірі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет