Ойын – балалар əрекетінің бір түрі, оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың əдісі мен құралы. Ойын əрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үдерісіне əсерін тигізеді. Ойын


Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?



бет3/3
Дата18.10.2023
өлшемі24,6 Kb.
#118034
1   2   3
Байланысты:
Ойын технологиясы

Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
1. Оқушылар нақты қызмет тəжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мəселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы əрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дəстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нəтижесі, өз жетістіктері, əсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек əңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Бастауыш сынып сабақтарын қызықты да, əсерлі етіп, түрлендіріп өткізу мұғалімнен шығармашылық ізденісті, педагогикалық шеберлікті талап етері сөзсіз.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тəсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А.С.Макаренко:
«Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нəрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тəрбиені ойын арқылы алады», – деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана əрі сапалы орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушы- лығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын мен адам мəдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық жəне əлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары əлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық үдерісте əдістер мен тəсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен жəне оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нəтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын əдістері оқушыларды
оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын əдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын əдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:
Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нəтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни əр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, дамуерекшеліктері əртүрлі. Сондықтаноқушылардың осы топтарына əртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті, нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі – дидактикалық ойындар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет