Ойын арқылы балалардың тілін дамыту мәселесі м. Ж. Айжанова



жүктеу 49.88 Kb.

Дата30.12.2016
өлшемі49.88 Kb.

ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ 

 

М.Ж.Айжанова  



Ақтөбе қ. 

 

Қазіргі таңда балабақша, мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында жүргізілетін білім 

беру жұмысындағы басты мәселелердің бірі-мемлекеттік тілді меңгерту. Бұл жұмыс осы мекемелердің 

жұмыстарын байланыстырып, осы мәселені бірлесіп шешуді міндеттеп отыр. Сондықтан қазіргі таңда 

алға қойылып отырған жауапты жұмыс он екі жылдық білім беру жағдайында тілді оқыту мәселесін де 

бірлесе  шешу  қажеттігі  туындады.  Балабақшада  қазақ  тілін  оқыту  жұмысы  мұғалімнің  ерекше 

дайындығын  қажет  етеді.  Мұғалім  жаңа  жағдайдағы  педагогикалық  технологияларды  жете  меңгеруі 

тиіс [1]. Сонымен бірге, қазақ тілінің қазіргі таңдағы озат әдіс-тәсілдерге сай оқытылу әдістемесі мен 

оның  ғылыми  теориясын  меңгеруі  үшін  мұғалімнің  біліктілігін  арттыру  қажет  [2].  Сондықтан  қазақ 

тілін  оқыту  мәселесінде  балабақшадағы  білім  беру-тәрбиелеу  ісіне  қоғам  болып  үлкен  дайындықпен 

келу қажет. Осы бағытта мұғалім, ата-ана, қоршаған ортадағы ересек адамдар мен балалар, бүкіл қоғам 

болып қазақ тілін оқып – білуге көмек көрсетуі қажет. 

Қазақ даналығында “Тіл – ұлттың жан дүниесі, ойдың жанды көрінісі” деп тегін айтпаса керек. 

Қашанда  тіл  өнерінің  құнын  халқымыз  өте  биік  бағалап  келеді.  Еліміз  егеменді  мемлекет  болып 

танылғаннан  бері  күн  тәртібінен  түспеген  негізгі  мәселердің  бірі  –  мемлекеттік  тіл  екені  анық. 

Елдігіміздің  мәні,  тәуелсіздігіміздің  мұраты  –  мемлекеттік  тілді  тұғырына  қондыру.  Ал  ананың 

әлдиінен  басталған  тілге  деген  қызығушылық,  сөйлеу  үлгілерінің  іргетасы  осы  балалық  шақтан 

қаланатының бәріміз білеміз. ”Тәрбие басы – отбасы”, - деп айтылып келе жатқан сөзге аса мән берсек, 

ана  тілінің  терең  тамыр  жайуы,  белгілі  адам  тұлғасынан  ажырамастай  боп  сіңуі  де  осы  жанұядағы  

қарым  –  қатынас  тәрбие  төркінінен басталады.  Ана тіліміздің  ертеңгі  болашағы  –  бүгінгі  тілінен бал 

таматын  бүлдіршіндеріміз.  Осы  бүлдіршіндеріміздің  тілге  деген  сүйіспеншіліктерін  балабақшадан 

бастап  қалыптастырудың,  ой  -  өрісін  кеңейтуде  білімдік  –  тәрбиелік  жағынан  маңызы  зор.  Мектепке 

дейінгі  мекемелерде  қазақ  тілін  оқыту,  балалардың,  соның  ішінде,  басқа  ұлт  өкілдері  балаларының  

қазақ тілінде сөйлеп, өз ойын дұрыс жеткізу дағдыларын жаңа технологиялар арқылы үйретудің түрлі 

жолдары  қарастырылып  келеді.  Балабақшадағы  тәрбиелеу  –  оқыту  жұмысында  балалардың  тілін 

дамыту,  сөздік  қорларын  дамыту,  ауызша  сөйлеуге  үйрете  отырып,  үйренген  сөздерін  күнделікті 

өмірде  қолдану,  әрі  оны  күнделікті  іс  -  әрекет  кезіндегі  тілдік  қарым  –  қатынаста  қолдана  білуге 

машықтандыруға ерекше мән беріледі. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мәселесі  балабақша  жағдайында  жүзеге  асырылады. 

Балабақшада  оқыту  және  тәрбиелеу  ісі  осы  бағыттағы  жұмыстарды  ұйымдастыруда  басшылыққа 

алынатын мемлекеттік бағдарламаға сүйенеді. Балабақшадағы берілетін білім бала танымы мен оның 

даму  деңгейіне  сәйкес  алынып,  оны  қоршаған  ортадағы  көзі  көріп,  естіп  жүрген  табиғаттағы, 

қоғамдағы  мәселелер  қарапайым  түрде  жеткізілуі  керек.  Балаға  берілетін  барлық  білім  мен  дағды 

ғылым  негіздеріне  сай  дұрыс  бағытта  алынып,  бірақ  ол  бала  танымына  сай  қарапайым  тілде  жеңіл 

түсіндірілуі тиіс. Сондықтан ғылым мен білім жетісітігін бала жанына түсінікті, қарапайым әдістермен 

жеткізу  бағытында  мұғалім  мен  тәрбиешінің  ерекше  дайындығы  мен  шеберлігі  қажет.  Кезінде  алты 

жастағы  балаларды  оқыту  жөніндегі  ғылыми-әдістемелік  зерттеу,  бақылау  жұмыстарына  жетекшілік 

еткен жаңашыл әдіскер мұғалім Ш.А.Амоношвили «Мұғалім - оқушы» деген дәстүрлі қарым-қатынас 

тізбегін  үзген  ол  мектептің  әр  балаға  қуаныш  әкеле  алатынын  көрсетті.  Озат  ұстаз  өз  жұмысында 

оқушыны  еркін  ұстап,  оны  күнделікті  сабақ  беру  барысында  мұғалімнің  қатаң  талабынан  босатып, 

міндетті түрде үй тапсырмасын орындауын, міндетті түрде баға қоюды, міндетті түрде жақсы оқитын 

балаларды  атап  отыруды,  міндетті  түрде  сабақта  тыныштық  сақтауды  талап  етуді,  міндетті  түрде 

кешіккен  кезде  ескерту  жасауды  т.б  оқушының  тәуелді  болуын,  рұқсатпен  ,  мұғалімнің  нұсқауымен 

отырып-тұруынан  құтқарып  баланың  білім  мен  дағды  алуында  өзін  еркін  сезініп,  бойында  қуаныш 

сезім  ғана  болуына  ықпал  ете  білді.  Сонда  ғана  бала  мектепке,  білім  алуға,  жақсы  азамат  болуға 

талпына  алады  екен.  Білім  беру  әдістерін  осындай  шығармашылықпен  ұштастыра  жүргізгенде  ғана 

жақсы  нәтижеге  қол  жеткізуге  болады.  Мұғалімнің  дұрыс  қойылған  сұрағына  білікті  жауап  алуына, 

ұлағатты  сөздеріне  ізгілікті  құрмет  көруіне  болады.  Сондықтан  мұғалім  шеберлігі  ең  жауапты  іс  деп 

айтуға  болады.  Осы  орайда,  мектеп  оқушыларын  бастауышта  оқыту,  білім  беру  бастауы 

балабақшадағы баланың алған білім мен дағдысына тікелей байланысты. Бала тәрбиесі бесікте жатқан 

кезден бастап-ақ назарға алына бастауы қажет десек, балабақшадағы оқу-тәрбие, яғни баланы болашақ 

өмірге дайындау ісі мұғалімнің ғана емес, ата-ана, бүкіл қоғам алдындағы жауапты іс болып табылады. 

Қазір өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін білуге ерекше ұмтылыс жасауы балаларға да оң ықпал жасай 

бастады. Өзге тілді ортада қазақ тілін оқытуда баланың алғашқы ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру 

жұмыстары  өте  жауапкершілікті,  мұғалімнің  жан-жақты  дайындығын  талап  етеді.  Өзге  тілді  үйрету 

әдістерінің де теориялық мәселелерін жетік игеру қажет [3]. Осы бағытта қазак тілін оқыту әдістемесіне 

байланысты  жазылған  оқу-әдістемелік  еңбектерге  назар  аударған  жөн  [4].  Оқыту  барысында 


В.Г.Коволенконың    «Ойын  арқылы  оқыту  технологиясы»,  Ш.А.Амоношвилидің  «Білім  берудің 

ізгілендіру  педагогикасы»,  Р.Гроот  «Тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясы»,  Г.Корнетов 

«Өздігінен даму технлогиясы», М.Н.Бердуллаева, М.Н.Селевко «Ынтымақтастық педагогикасы» т.б озат 

әдістерді  енгізген  әдіскер-ғалымдар  еңбектері  жөнінде  оқып,  өз  білімімді  жетілдіріп  отырамын. 

Балабақшада тілді оқытудағы ерекшелік-ойын, көрнекілік, еңбек, ән-би, қозғалыс т.б. мәселелерді тірек 

ете  отырып,  ғылыми  танымын  қалыптастыруды  жоспарлау.  Сондықтан  мұғалімнің  тілді  үйрету 

бағытындағы  іс-әрекетін  баланың  қызығушылығымен,  күнделікті  қозғалысымен,  ойын  әрекетімен, 

көңілді ән-биімен ұштастыра алуы көп нәрсеге қол жеткізеді. Осы мақсатта халқымыздың тәлімдік ой-

пікірлерін бала санасына жеткізуге көп көңіл бөлінуі тиіс[5]. Ал қазақтың тәлім-тәрбиесі халқымыздың 

бай ауыз әдебиеті арқылы беріледі деуге болады. Сондықтан мұғалім халқымыздың ауыз әдебиетін жетік 

біліп,  балаға  ертегі,  мақал-мәтел,  жаңылтпаш,  тақпақ,  өлең,  ән,  би  үйретуді,  сурет  салып,  түрлі 

қиындылар  арқылы  мүсін  құрастыру  сияқты  т.б.  жұмыстарды  атқара  білуі  арқылы  қазақ  тілін  осы 

жұмыстармен  шебер  астастырылуы  қажет.  Ойын  баласы  осындай  іс-әрекет  барысында  тілді  тез,  оңай, 

қызыға  игеретініне  көз  жеткіземіз.  Сонымен  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  білім  беруде  мұғалім  ойын  іс-

әрекетін  басшылыққа  алып,  оқу  үрдісінің  танымдық  әрекетін  бірте-бірте  қалыптастыра  бастайды.  Осы 

орайда, мұғалім басшылыққа алатын негізгі принциптер:           1) дамыта отырып оқыту; 2) тәрбиелей 

отырып оқыту; 3) көрнекілік; 

Баланың  сөздік қорын дамытуда  ойынның  орны  ерекше  және  ол  өзінің  нәтежиесін  береді.  Ойын 

әрекетінде балалар сөздік қорын байытып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері мен 

ақыл – ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын – баланың шын тіршілігі. 

Ойын  арқылы  бала  айналасындағы    өмірді  танып,  өзін  қызықтырған  нәрсеге  ықыласы  ауып,  барлығын 

танып, түсіне бергісі келеді. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің 

дамуына  өз  ықпалын  тигізіп,  оның    таным  белсенділігінің  дамуына  жол  ашады.  Қай  бала  болмасын 

ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге 

тәуелсіз, ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз - барлық дамудың алғашқы баспалдағы. Баланың 

білуге  деген  құштарлығы,  сөйлеуі  ойын  үстінде  қалыптасады.  Ал  тіл  кемістігі  кездесетін  балалардың 

жалпы  қимылдары,  соның  ішінде  саусақ  бұлшық  етінің  қимылдары  жеткілікті  деңгейде  дамымайды. 

Сөйлеу  тілі  мүшелері  әрекетінің  қозғалуы  қол  саусақтарының  (ұсақ  моторика)  нәзік  қимылдарының 

дамуымен  тығыз  байланыста  болғандықтан  бала  қолының  ептілігін  толық  жетілдіру,  түзету  т.б. 

жұмыстар  тәрбие  жұмысын  жүйелі  жүргізуді  қалайды.  Әр  ұйымдастырылған  оқу  іс  -  әрекетінде 

тақырыптарға  сай  әр  түрлі  ойын  түрлерін  қолдануға  болады,  олар:  саусақ  ойыны,  дамытушы 

дидактикалық  ойын,  сөздік  ойын,  қимылды  ойын  және  ұсақ  моторикаға  аранлған  үстел  үсті  ойындары 

т.б.  Сонымен  саусақ  ойындарын  жүргізу  арқылы  балалардың  саусақтарының  нәзік  қимылдары  мен 

бұлшық  еттерінің  жетілуімен  бірге,  олардың  сөйлеу  тілі  мен  ойлау  қабілеттері  дамитын  болады  және 

баланың  жазу  шеберлігін  меңгеруіне  алғашқы  дайындығы  қалыптаса  бастайды.  Ойын  ұйымдастыруда 

мұғалім  немесе  тәрбиеші  ойын  әрекетін  ұйымдастыруға  өзі  жетекші  бола  отырып,  балаларды  ойнай 

білуге, ойын ережесін сақтауға, ойнай отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде 

сақтап  қалуға  жол  ашады,  ойынға  қызықтыра  отырып  зейінін,  қиялын  дамытады.  Ал  бала  болса,  өз 

жетістігіне  қуанып,  мәз  болады.  Ойындарды  балабақшада  немесе  үй  жағдайында  түрлі  көңілді,  әсерлі 

етіп,  баланың  жас  және  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып  ұйымдастыру  керек.  Мысалы:  “Саусақтар 

сәлемдеседі”, “Он саусақ”, “Қуырмаш”, “Қазым - қазым”, “Моншақ”т.с.с. ойындар арқылы саусақтардың 

нәзік  қимылын  жетілдіруге  болады.  Мысалы,  “Моншақ”  ойынында  бала  өлең  жолдарын    қайталай  

отырып,  үстел  үстінде  жіпке  түрлі  моншақтарды  немесе  түрлі  –  түсті  ұсақ  тастарды  тізбектей  отырып 

жаңа  сөздерді  меңгереді,  тура  санау,  түстерді  ажырату,  есте  сақтау  қабілеттерін  жетілдіреді.  “Сөздік” 

ойынына  келетін  болсақ,  балалар  сөз  мағынасын  түсінеді  және  дұрыс  жауап  беруге,  орынды  сөйлеуге 

үйренеді,  ойлау  және  есте  сақтау  қабілеттерін  жетілдіреді.  “Мен  бастайын,  сен  аяқта”,  “Мен  нені 

ойладым?”, “Жұмбақ жасыр”, “Жалғастыр”, “Жұмбақ жасыр” ойындарында балалардың жаңа меңгерген 

сөздерін  жұмбақтап айтқызуға (кішкене бойы, төрт аяғы, екі мүйізі, бір сақалы бар және ет пен пайдалы 

сүтін  беретін  үй  жануары  -  ешкі  т.с.)  назар  аударсақ,  “Үстел  үсті  ”  ойынында    көбіне  мозайка,  лото, 

суреттер  арқылы  “Қиыңды  суретті  құрастыр”,  “Жасырылған  аңды  тап”,  “Сыңарын  тап”,  “Топтастыр”, 

“Не артық?”, “Енесін тап”, “Есіңде сақта” т.б. тапсырмалар беріледі. Бұл ойындарда балалардың ойнай 

отырып  сөйлем  құрауына  схема  элементтерін  қолданудың  септігі  мол.  Схема  арқылы  балалар  әр  сөзді 

ретімен айта отырып сөйлем құрай біледі. 

Ал тәрбиелей отырып оқыту  ісінде мұғалім ойын арқылы оқыту технологиясына көбірек назар 

аударып,  балапның  ойын  әрекетіндегі  психологиялық  жағдайын  зерделеп,  жеке  тұлғаның 

қызығушылығын  оята  білуі  қажет.  Көрнекілік  балабақшадағы  оқу-үйрету  жұмысындағы  маңызды 

жұмыстардың  бірі.  Сондықтан  бала  қиялына,  оның  дүниетанымына  сай  көрнекілік  құрастыра  білуі 

білім  беруде  оң  нәтиже  беретін  негізгі  іс-әрекет  болып  табылады.  Осы  орайда,  балабақша  мұғалімі 

баланың  ой-өрісін  дамыту  мақсатында  оның  көру  қабілеті  арқылы  әсер  етіп,  түрлі  көрнекіліктерге, 

яғни  қуыршақ  театры,  балаға  арналған  қызықты  фильм-көрініс,  суреттер,  табиғат  аясындағы  жан-



жануар,  құс,  өсімдік  әлеміне  саяхат  арқылы  көрсетуге  назар  аударып,  осы  жұмыстарды  тілді  үйрету 

әрекетімен шебер жымдастыра білуі тиіс.  

Демек, осы аталған жұмыстар тек мұғалімді ғана ойлантып қоймай, оған жағдай жасап, оқу-тәрбие 

ісін қазіргі талаптарға сай жүзеге асыруына лайықты қамқорлықты қажет етеді. Он екі жылдық білім беру 

ісін  жүзеге  асыру  мәселесі  баланың  дүниеге  келуімен  бірге  басталып,  бірте-бірте  күрделене  түсуі  шарт. 

Сондықтан білім берудің алғашқы басатуы балабақшадағы педагогикалық шаралар қазақ тілі үйрету ісімен 

тығыз  байланыста  болады.  Себебі  болашақ  қоғам  иесінің  мемлекеттік  тілді  бала  жастан  тиянақты 

меңгеруіне  жағдай  жасау  парызымыз  деп  білеміз.  Мен  өз  тәжірибемде  балабақшадағы  сәбидің  адамзат 

игерген  білім  бұлағынан  сусындау  үшін  оның  балалық  әлеміне  сай  ойын  түрлерін  өткізе  отырып,  тіл 

үйреніп, халқымыздың бай сөздік қорын игеруіне, танымдық қасиетінің жетілуіне назар аударамын. Қорыта 

айтқанда,  қазіргі  таңда  мемелекеттік  тілді  балабақшадан  бастап  үйрету  жұмысында  мектепетегі,  арнаулы 

және жоғарғы білім беру жүйесі арасында ғылыми - әдістемелік жүйелі байланыс болғаны, осы бағыттағы 

барлық  жұмыстар,  оқулық,  көмекші  құралдар,  бағдарламалар  шығару,  тәрбиелеу  ісі  т.б.  жұмыстар  бір-

бірімен тығыз байланыста жүргізілгені дұрыс деп білеміз. 



 

Әдебиеттер 

1.Караев Ж.А. Педагогическая технология обучения.-Алматы: Респ.изд.кабинет, 1999.-55б. 

2.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі.-Алматы:Білім, 2000.-208 б 

3.Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязнычному говорению.-М:1991.-222 б. 

4.Оралбаева  Н.,  Жақсылықова  К.  Орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  оқытудың  әдістемесі.-

Алматы: РБК,1996.-186 б 

5.Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы .- А: Рауан, 1994.- 80 б 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал