«Достасқан буындар»
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек.
“Жоғалған сөз”
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.
Ойынның шарты: берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою
... келді. ... еріді. Құстар жылы жақтан ... ... . Ағаштарда ... жарылды. Гүлдер ... . Адамдар ... киінді. Малдар ... ... .
«Қалқанқұлақтың қатесін тап» ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: тақтаға өрнектер жазылған парақтар ілінеді. Оқушылар қате жазылған өрнектерлі табуы тиіс.
8 + 2 = 9 3+3=9 6 - 2 =4
4 + 2 =6 7 - 5 =2 5 + 3 = 7
10 < 5 4 > 6 2 < 3
«Жоғалған әріп» ойыны.
Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Берілген сөздерде
көп нүктенің орнына жоғалған әріпті таңдап қою керек.
... ор, ... алық,...ота, та... а,... оран.
«Кім тапқыр?»
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Антонимдері бар мақал-мәтелдер жазу.
Мысалы: Ашу-..., ақыл-...
«Жалғасын тап» ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ауызша тілдерін дамыту.
Ойынның шарты: Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінгендерін ауызша айтады. 1. Отанды сүю... ... ...
2. Досы көпті жау алмайды, ... ... ... ...
«Сөзден сөз тер» ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның мақсаты: Кез келген сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздегі әріптерден бірнеше құрастыру керек. Мысалы: Бауырсақ сөзі - бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау.
«Вагон құрау» ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.
«Шашылған әріп» ойыны
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: оқушыларға бірнеше әріптер беріледі. Сол әріптерден оқушылар сөз құрастырып шығарады.
Мысалы: заж (жаз); ақба(бақа); рақ (қар); ғаша(ағаш); лмаа (алма); Аталау (Алатау); іпл (піл).
Достарыңызбен бөлісу: |