Ойын технологиясы


Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тəртібі оқушыларға əбден түсіндірілуі қажет 2



бет4/5
Дата29.12.2023
өлшемі3,27 Mb.
#144955
1   2   3   4   5
1
Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тəртібі оқушыларға əбден түсіндірілуі қажет
2
Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
3
Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
4
Ойындардың жіктемесін жасауда оқытудың білімділік, тəрбиелік жəне дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісі негізге алынады.
Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мəнін ашады.
Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланған тиімді.
Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу үдерістері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, əр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді.
Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Ойындар арқылы кез келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі əр түрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатыгездіксіз шешуге, əрқилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.
Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді.
Коммуникативтік ойын. Оқушыларды əр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді.
Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.
Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тəртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын жəне оқудағы туындаған əр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.
Ойынның түзету функциясы. Түзету ойындарының тəртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор.
Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.
Ойынның əлеуметтік-мəдени белгілері. Ойынның əлеуметтік- мəдени белгілі мəдени байлықты, тəрбие потенциалын игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
Əр ойынның тəрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын ала жете түсініп, оның балаларға қандай нəтиже беретіндігін анықтау
Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын ала əзірлеу.
Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сəйкес келуі.
Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пəнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.
Əр мұғалім технологияның нəтижесі дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет:
«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ жəне болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет