Біздің заманымыздағы 20 ғасырда М. Кляйн (1922), А. Фрейд (1921), Г. Гуг-Гельмут (1926) еңбектерінде ойын терапиясы бастау алды.
Біздің заманымыздағы 20 ғасырда М. Кляйн (1922), А. Фрейд (1921), Г. Гуг-Гельмут (1926) еңбектерінде ойын терапиясы бастау алды.
Мелани Кляйн пікірінше, баланың психикалық бұзылыстарға төтеп беруіне ойын терапиясының маңызы зор. Анализді қолдану арқылы балаларды дұрыс тәрбиелеуде қосымша ретінде көмегі бар.
Қазіргі ойын терапиясы келесі әдістемелер бойынша құрастырылады: Сенсорлық интеграция – сезім органдары мен физиологиялық жағдайдың қабылдауын жақсарту және интеграциялау.
Интенсивтік ықпал ету – психикалық-эмоциональдық қордың және коммуникативтік дағдының дамудың тірілуі.
Терапевтік ойын – когнитивтік және психикалық-эмоциональдық жағдайдың және баланың сана-сезімінің дамуы.
Сенсорлық жаттығулар – сенсорлық-перцептивтік қабылдауды және оларды дифференциялауды қалыптастыру.
Ойын терапиясының ең маңызды принципі- баланы басқару емес, оны түсіну.
Ойын терапиясының ең маңызды принципі- баланы басқару емес, оны түсіну.
Ойын терапиясының бірден бір мақсаты бала өзінің іс-әрекеттеріне жауап беруге, өзінің «Менін» сыртынан тани алуға, обьективті түрде іс-әрекеттерін мен қажеттіліктеріне баға беру. Егер де, сіз өз балаңыздан күнделікті жағдайдан тыс адекватты емес қылықтарды, яғни өзін жеке тұлға ретінде мойындамау, достарымен қатыгездік қарым-қатынасты байқасаңыз, бұған назар аударуыңыз қажет.
Ойын терапиясының ережесі
Ойын терапиясының ережесі
Қандай жағдай болмасын бала- өзінің өсуімен дамуына сай өзгеріп отыратын адам оны ұмытпау қажет.
Ойын – баланың өзінің ішкі дүниесін көрсету тәсілі, ойын арқылы өз баламыздың жаңа қырларын біліп, оның қылықтарын түсінеміз. Ата-аналарға балалардың ойынына көңіл бөлу қажет.
Ойын терапиясының ең негізгі факторы- ата-аналармен, жақын адамдарымен қарым-қатынасы. Қарым-қатынас барысында адамдарға деген сенімділік қалыптасады.
Баланың ойынына шыдамдылық көрсетіңіз, оның ойнағысы келген ойынды ойнаңыз, ол оның уақыты арман тілектерін қадағалаңыз.
Алдымен балаңыздың жақсы көретін ойынын анықтаңыз, онымен бірге ойнаңыз. Бұндай жағдайда бала сіздің тарапыңыздан алға ұмтылсты байқайды, оны әңгімеге тартпаңыз, тек ойынын бақылаңыз.