Ойынның мақсаты: жан жағына жалтақтамай, қуғыншыдан тез қашуға үйрету



бет7/10
Дата05.04.2022
өлшемі67,35 Kb.
#29995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Түйілген орамал.
 

Ойынның мақсаты: жүгіріп жүргенде қосымша жаттығулар орындауға үйрету. 
Керекті құралдар: ортасынан түйілген орамал және ысқырық. 

Мазмұны. 
Шеттері белгіленген ойын алаңында ойыншылар өз беттерімен жаттығулар жасап, бірін-бірі қуалап, жүгіріп ойнап жүреді. Балалардың қалауымен араларынан бір ойын жүргізушіні сайлайды. 
Ол қолына түйілгенорамалды алып, алыста тұрған бір балаға лақтырып жіберіп: «Бір, екі, үш!», - деп санап, сол ойыншыны қуа жөнеледі. Қашып келе жатқан бала ойын жүргізуші қасына жақындап қалғанда, қолындағы орамалын басқа ойыншыға лақтырып, ойынды әрі қарай жалғастыра береді. 
Ойын берілген уақыт арасында жүргізіліп, кімдер орамалды аз уақытта көп рет бір-біріне лақтырғанын, қай қуғыншының орамалды тез ұстап алғанын атап өтеді. 

Ойынның ережесі. 

1. Алаңның шетінен шығып кеткен ойыншы ойыннан шығып тұрады. 
2. Орамалды лақтырғанда баланың атын атап лақтыру керек. 
3. Орамалды қағып ала алмай қалған бала орамалды басқа балаға береді. 
4. Қашып келе жатқан баланы ойын жүргізуші қуып жетсе, ол орамалды бере салуы керек. 

Әдістемелік нұсқаулар. 

Ойыншылар орамалды ұстамаған күннің өзінде жүгіріп, бірін-бірі қуалап ойнап жүрулері керек. Ол үшін орамал тек жүгіріп келе жатқан ойыншыға беріледі деп айтып қою қажет. 
Орамалдың орнына басқа зат алуға болады, бірақ ол лақтырғанда ойыншылардың бір жерін ауыртып, жараламайтындай болғаны дұрыс. 
Ойынның ұзақтығын сабаққа не басқа арнаулы уақытқа байланысты өзгертіп отыруға болады. 

Ойынның педагогикалық маңызы. 
Балалар өздерінің шамаларына қарай керегінше жүгіріп жаттығуларды да еріктерімен жасайды.Жаттығу мен тынығуды өздері білгенінше орындап тұруға дағдыланады. 
Жүгіріп жүріп айналаны тез бағдарлап,өз қимылын соған байланысты сәйкестендіріп тұрады. 

Өткелек. 

Ойынның мақсаты: сапта тұрып бұрылу арқылы тұрыстарын өзгертуге жаттықтыру. 

Мазмұны. 

Ойыншылардың арасынан жеребемен бір капитан және екі ойын жүргізуші таңдалып алынады. 
Олар алаңның шетінде бір-бірінен 3-4 метр қашықтықта түрады. 
Қалғандары алаңда бір тізбек болып айналып жүріп келе жатып 4 не 6 топқа бөлінеді.Әр топқол ұстасып, қатарынан 4 не 6 «көше» құрады. 
Ойынды бастауғаберілген юелгіден кейін бірінші ойын жүргізуші көшелердің арасмына кіріп қашады.Екіншісі оны қуа жөнеледі.Көше құрып тұрған балалар бірінші ойыншының тез қолға түспеуіне жағдай жасап тұрады. 
Егер қуғыншы бірінші балаға жақындап қалса, «көше» құрып тұрған ойыншылардың барлығы капитанның басқаруымен «Көше,оңға бұрыл!» деп дауыстап, барлық «көше» бірдей оңға қарай бұрылады.Сонда қашып келе жатқан бала мен қуғыншы бір-бірінен адасып қалады. 
Ойын осылай «көшелер» капитанның берген бұйрықтарын орындап, қуғыншы есебін тауып,ойын жүргізушіні ұстағанша жалғасады. 
Ойын осылай берілген уақытта өтіп,соңында жүйрік балалар мен ұйымшыл «көшелер» аталады. 

Ойынның ережесі. 

1. «Көшеде» тұрған ойыншылар сап түзеп,тік тұрулары керек. 
2. Ойын жүргізушілерге тұрған балалардың арасынан өтуге болмайды, тек «көшелермен» жүгіреді. 
3. Капитан ойын барысын мұқият қарап,бұйрықты уақытында беріп тұруы қажет. 
4. Берілген бұйрық «Бір,екі,үш!» дегенде тез орындалуы керек. 

Әдістемелік нұсқаулар. 

Ойын қызықты өту үшін көшедегі ойыншылар өлең, тақпақ айтып,қолдарымен неше түрлі жаттығулар жасап тұруларына болады. Тек капитан бұйрық берген кезде тынышталса болғаны. 
Бұл ойынды жалпы ойыншылардың өз басқаруына беріп, мұғалім сырттай бақылап тұруы қажет. 
Тұрған ойыншылар өлең айтпаған кұнде, жаттығуларды капитанның айтуы бойынша міндетті түрде орындап тұрады. 

Ойынның педагогикалық маңызы. 

Сыныптағы барлық оқушылардың бірдей ұйымдасып,күрделі бір қимыл –қозғалыста болуына жаттықтырады,жақсы жағдай жасалады. 
Капитанның айтқанын мұқият тыңдап, бірдей әрекеттенуге үйренеді. Бір-біріне жанашыр болып, оны іс жүзінде көрсетуге мүмкіншілік туады. 
Өздеріне және басқаларға басшылық жасауға дағдыланады. 

Қуғыншы. 

Ойынның мақсаты: балаларды қуғыншыны ортада ұстап тұрып, содан кейін одан қашып құтылуға әрекет жасауға үйрету. 


Мазмұны. 

Ойыншылар араларынан 4-5 қуғыншы сайлайды. Олардың қолдарына байланған қызыл белгілері болады. Қалған балалар қуғыншыларды ортаға алып, қол ұстаса әр жерде шеңбер жасап тұрады. Олар тұрған алаңның шетінен 20-30 метр мәре сызығы жүргізіледі. 

Мұғалімнің белгісі бойынша шеңбердегі балалар оңға қарай жүріп,ортадағы қуғыншылар бірігіп дауыстап: 

«Мен сүзеген текемін, 
Сені сүзіп кетемін»,- 
Дегенде шеңбердегілер әрі қарай жалғастыра: 
«Деді де ол бақылдап, 
Келіп қалды жақындап»,- 
деп айтып болысымен, қоддарын жібере сала, мәре сызығына қарай жүгіре жөнеледі. 
Ортада тұрған қуғыншылар оларды сызыққа жеткізбей ұстап алулары керек. 
Келесі жолы ұсталмаған балалардан қуғыншылар сайлап,ойынды әрі қарай жалғастырады. 
Ойын осылай шеңбердегі бар ойыншы қуғыншы болғанша созылып, соңынды ең жүйрік бала мен қуғыншылар аталады. 

Ойынның ережесі. 

1.Шеңберде тұрғандар өлеңді барлығы бір уақытта аяқтаулары керек. 
2.Ойыншылар қуғыншыдан алысырақ тұрулары үшін шеңберде көбірек бала болады. 
3.Барлық шеңбердегі ойыншылардың саны бірдей болады. 
4.Балалар қолдарын жібергеннен кейін ғана қуғыншылардың қуып ұстауына болады. 

Әдістемелік нұсқаулар. 

Қуғыншылар ортада босқа тұрмай, өлеңнің мазмұнына қарай жаттығулар жасап тұрса, басқалардың қашып шығуларына жақсы жағдай туады. 
Мұғалім өзінің көмекшілерімен ойыншылардың ойын ережелерін дұрыс сақтауын қадағалап отырады. 

Ойынның педагогикалық мазмұны. 

Балалар дене мүшелерін ықшамдап ұстап, шұғыл берілген белгілерді аса көп кешіктірмей орындауға үйренеді.Жақындағы қауіптен жүрексінбей, батыл, жедел қимыл-әрекет жасауға жаттығады. 

Бақшада 

Ойынның мақсаты :өз бетінше жұптасып, допты бірі-бірімен неше тұрлі әдістермен лақтыруға үйрету. 
Керекті құралдар: балалардың санына сәйкес баскетбол добы немесе арасына мақта салынған доптар, бірнеше ұзын таяқтар,ысқырық. 

Мазмұны. 

Ойыншылардың арасынан бір күзетші сайланады. Алаңның бір шетінде орындықта күзетші «ата» отырады.Екінші шетінде бірнеше жерден қойылған орындықтардың үстіне таяқтар қойылады.Ол –бақшаның қоршауы. Ойыншылар белгі берілгеннен кейін таяқтардың астынан еңбектеп өтіп, бақшаның ішінде жатқан «қауын,қарбаыздары» екіден тұра қалып,бір-біріне лақтырып ойнай бастайды.Ойнап тұрып: 
«Жақсы-ау қауын жинаған, 
Жақсы-ау қарбыз жинаған, 
Бәрінен де жақсысы- 
Үлкен сөзін тыңдаған»,- 
деп өлең айтады. 
Бір кезде бақташы оянып: «Бәрекелді,қарақтарым,қанша қауын-қарбыз жианғансыңдар, сендерге көп рақмет, ертең де келіп аталарыңа көмектесіңдер. Жақсы жұмыс істегендеріңе мына жатқан қауын-қарбыздан өздеріңнің таңдағандарыңды беремін. Үйлеріңдегі ата-апаларыңа ала кетіңдер!» - дейді. 
Балалар бір-бір допты көтеріп, таяқшаның астынан еңбектеп шығып кетеді. 
Ойын осылай ойыншылардың өзара келісуі бойынша жалғасады. 

Ойынның ережесі. 

1. Әр жұп бақшаға кірісімен тез-тез допты лақтырып, санап тұрулары керек (қауындардың саны). 
2. Қай жұп көп қауын жинаса, солар жеңген болып саналады. 

Әдістемелік нұсқаулар. 

Ойыншылардың ара қашықтықтарын әр жұп өздері белгілейді. Дегенмен аса жақын тұруға болмайды. Допты лақтыру әдісін алдын ала келіскен жөн. Ойын басталған сайын допты лақтыру әдісі де өзгеріп тұруы қажет. 
Бұл ойынды серуенге шыққанда, сабақтан бос кезде ойнаса, өте қызықты өтеді. Күзетшінің алғыстары сан алуан болады. Бата ретінде берілсе, өте тамаша болар еді. 

Ойынның педагогикалық маңызы. 

Оқушылар үлкендерге шамасы келгенше көмектессе өздерінің қимыл-қозғалыс іскерлігін арттыратынын байқайды., жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста болып, достықтарын шыңдалатынына көздері жетеді. Қазақтың жақсы мақалын естеріне түсіреді: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер». 

Көліктер. 

Ойынның мақсаты: берілген белгіні мұқият тыңдап, нақтылы қимыл-қозғалыс орындауға үйрету. 

Мазмұны. 

Ойыншылар өз еріктерімен арнаулы ойын алаңында жүгіріп, бірін-бірі қуалап ойнап жүреді. 
Мұғалімнің немесе ойын бастаушының «Ұшақ!» деген белгісінен кейін балалар орындарында тұра қалып, қолдарының басын кеуде тұсына ұстап, айналдырып (ұшақтарын от алдырып), орындарынан ақырындап жүре бастайды, жүгіруге көшіп, екі қанаттарын екі жаққа созып, алаңды айнала жүгіреді. 
«Ұшақтар аэродромға қонды!» дегенде барлық ойыншылар шеттерінен келіп, бір қатар болып, жүрелерінен отыра қалады. 
Мұғалім «Аттар!» дегенде бірден не екіден бөлініп, қатарласа тұра қалып, қолдарын айқара ұстап, тізелерін жоғары көтере шауып кетеді немесе жорғалай жөнеледі. 
Мұғалім уақытына қарай басқа да көліктердің атын атайды. Мәселен: трамвай, автобус, тролллллейбус, кеме, түйе, асу есек тағы басқа. 
Ойынның соңында айтылған көліктерді ерекше көрсете алған балалар өздерінің қабілеттерінбасқаларға қайтадан көрсетуге мүмкіншілік алады. 

Ойынның ережесі. 

1. Белгіден кейін айтылған көліктің қозғалысын, дыбысын бар ойыншы бірдей салып, қимыл-әрекеттер жасап жүреді. 
2. Ойын алаңның түгелдей пайдалану қажет. 
3. Ойын бастаушының белгісін мүдіртпей орындау қажет. 

Әдістемелік нұсқаулар. 

Ойынды жүргізбес бұрын көліктер туралы әңгіме, ертегі-аңыздар айтып, балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыруға әрекет жасалынуы қажет. 
Көліктердің бір-бірінен айырмашылығын, қажеттілігін, олардың адамға келтіретін пайдасын жақсы ажыратуға үйреткен жөн. 
Көліктердің қозғалыстары мен дыбыстарын өте ұқсатып жасаған оқушыларға басқалардың алдында өнерлерін көрсетіп, тамашалауға уақыт беріледі. 

Ойынның педагогикалық маңызы. 

Оқушылар өмірдегі болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерге көңіл бөліп, оларды ескеріп, есте сақтауға үйренеді. 
Үй жанаурларына басқа бір көзқараспен қарап, олардың пайдалылығына көздері жетеді. Жануарлардың өмір сүру ерекшеліктерін анықтап білуге талпынады. 

Жеті қалбыр. 

Ойынның мақсаты: қарсыласының добын тигізбей, қалбырларды бірінің үстіне бірін жинау. 
Керекті құралдар: жеті қалбыр, бір команда ойыншыларына жететін кішкентай резеңке доптар. 

Мазмұны. 
Ойыншылар араларынан екі капитан сайлайды. Қалғандары екі командаға бөлінеді. 
Ойын алаңының ортасына жеті қалбырды бірінің үстіне бірін жинап қояды. Ол қалбырлардың қасында бірінші команда ойыншылары шашырап жүреді. Олар – «күзетшілер». 
Қалбырлар жиналып тұрған жерден 5-6 м жерде екінші команда балалары қолдарына бір-бір доп ұстап, бір қатар болып тізіліп тұрады. Олар – «соққыштар». 
Ойынның басталуына берілген белгіден кейін доп ұстап тұрған «соққыштар» қолдарындағы доптарын лақтырып, жүгіріп жүрген күзетшілерді соғып, ойыннан шығаруға тырысып, қалбырларды құлата бастайды. 
Ал «күзетшілер» кезекпен жүгіріп жүріп, өздеріне допты тигізбей, құлаған қалбырларды орындарына қайта жинап жүреді. Доп тиген бала ойыннан шығып отырады. 
Ойын осылай келісім бойынша барлық ойыншылар ойыннан шыққанша немесе арнаулы бір уақыт арасында аяқталады. 
Ойынның соңында доп тигізбей көп қалбыр жинаған ойыншы мен мерген баланы атап өтеді. 
Ойын әрі қарай жалғасу үшін командалар орындарын ауыстырады. 

Ойынның ережесі. 

1. Құлаған қалбырды кезекпен барлық ойыншылар қалаулары қажет. 
2. Бірнеше бала бір уақытта қалбырларды жинауы мүмкін. Ол қалбырлардың санына байланысты. 
3. Допты барлық бала бірдей лақтыруға болады. 
4. Доппен бастан соғуға болмайды. 
5. Жерден ыршып тиген доп саналмайды. 
6. Допты қағып алуға болмайды. 

Әдістемелік нұсқаулар. 

Сыныптағы оқушылардың шамасына қарай қалбыр мен соққыштардың ара қашықтықтары әр түрлі болуы мүмкін. Ол қалбырларға шамасы аз бала да лақтырып жеткізе алатын болуы керек. 
Келісім бойынша күзетшілердің барлығы бірдей жүріп, қалбыр жинауларына болады. 
Ойыншылар тез, тоқтаусыз қимыл-қозғалыста болғанда ғана ойын қызықты өтеді. Сондықтан мұғалім бұл ойынды оқушылардын өз бетімен ұйымдасып, өздері басшылық жасап ойнауына мүмкіндік бергені дұрыс. 
Ойынның педагогикалық маңызы. 

Қалбырларды жинай жүріп, әр бала көпшіліктің мүддесі үшін әрекеттенумен қатар өзінің жеке басының сақтығы арқылы мақсатқа жетуге болатынына көзі жетеді. 
Қиыншылықты көре тұра соған қарсыласуға, батыл қимыл-әрекет жасауға дағдыланады. Ерік-жігерін шыңдап, қайсар болуға үйренеді. 

Бұрыш. 

Ойынның мақсаты: айналаны тез бағдарлап, өзіне керекті қимыл-қозғалыс жасау үшін уақытты нақтылы анықтауға үйрету. 
Керекті құралдар: бор, таяқша. 

Мазмұны. 

Ойыншылар өз қалауларымен бес-бестен бөлінеді. Әр бестік өздеріне ойын алаңынан немесе залдың ішінен төрт бұрышты сызып немесе белгілеп алады да, төртеуі сол бұрыштарға тез тұра қалады. Бұрышсыз қалған ойыншы ойын жүргізуші болып ортада тұрады. 
Бұрыштағылар өзара келісіп, орындарын ауыстырып отырады. Сол кезде ойын жүргізуші бос қалған бұрышқа тұрып алуға тырысады. Егер ол бұрышты алып қойса, бұрышсыз қалған бала ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойын осылай жалғаса береді. 

Ойынның ережесі. 

1. Ойын жүргізуші бір баланың қасында 3-5 секундтан артық тұрмайды. 
2. Ойыннан шығып кеткен балға қайта келуге болмайды. 
3. Жүгіріп бара жатқан баланы қолмен ұстауға болмайды. 

Әдістемелік нұсқаулар. 

Бұл ойынды серуен кезінде, табиғат аясында, ағаштардың арасында өткізсе, өте қызықты өтеді. Ойынды басынан аяғына дейін ойыншылар өздері басқарып жүргізулері керек. 
Мұғалім тек басшылық жасап тұрады. 

Ойынның педагогикалық маңызы. 

Балалар өздерінің шамасын, берілген белгіге қалай тез әрекеттене алатынын анықтап, батыл қимыл – қозғалыс жасауға үйренеді. Берген сөзінен қайтпай, тұрақтылыққа, бірін-бірі сыйлауға дағдыланады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет