Шынайы факторлар базасында п.б., науқастың шамадан тыс эмоциональді жауабына байланысты санада басымдық көрсететін пікірлер. Сандырақтан айырмашылығы, бұнда ой шынайы, критикасы жоқ, өзін бақылау төмендеген. Науқас тек бір ойды басқалардан жоғары қояды, соны өмір бойы ұстанады. Мыс: жұмыста өз қызметкерлерін денсаулықтарына немқұрайлы қарағаны үшін сөгеді; әртүрлі ешкімге керексіз приборларды ойлап табады. Шекаралық жағдайларда, параноялді психопатияда, депрессияда, шизофренияда болады.
Жабысқақ ой.-еріктен тыс п.б., науқас ойын жаулап алатын және науқас үшін бөтен, дертті жағдайы ретінде қабылданатын ойлар мен күйзелістер, науқас ойларды өз ерік күшімен жене алмайды. Түрлері: бейтарап, яғни науқас үшін эмоциялық реакциямен жүрмейді (жабысқақ санау, терминдерді, есімдерді, күндерді еске түсіру), жабысқақ күдіктенулер, жабысқақ тілектер, әуестіктер, қимылдар, әрекеттер: есік, кран жабылды ма деп күдіктену),