Ойлау мəдениеті Ойлау



бет10/56
Дата15.09.2022
өлшемі289,53 Kb.
#39159
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.
Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.

Философияның тарихында ақылдың осы екі деңгейін зерттеуге неміс философы Кант зор үлес қосты. Ол ойлау жүйесінің үш қасиетін бөліп атайды:


Жалпыны тану қабілеті (тіршілік ережелерін белгілеуі немесе ұғып алуы) — пайымдылығы;
Ерекшені жалпымен байланыстыруы (яғни жеке жағдайларды жалпының ерекшелігіне ендіруі) — тұжырымдау қабілеті;
Ерекшені жалпы арқылы анықтау қабілеті (яғни принциптерді шығару қабілеті) — парасаттылығы.
Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі — даналық (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір интеллектуалдық қызметтерін “жасанды интеллектіге” беру — компьютерлерді кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін ары қарай жетілдіреді.
Парасат – жеке тұлғаның қадір-қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым.
Әдетте, бұл сөз тілдерімізде ақыл, пайым сөздерімен қосарлана, қос сөзжасай: ақыл-парасат, парасат-пайым түрінде де айтылады. Парасат сөзі жастардангөрі көбіне оң-солын ажыратып, ақыл тоқтатқан, сақажастағы және үлкен адамдарға қатысты қолданылды. Ол жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез-құлық жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді. Француз философы Г.Мабли «Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі- парасат»,- дейді.
Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінаратсыздық, салихалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән. Сондықтан парасат даналық ұғымына жақын, көптеген авторлар сол мәнде де қолдана береді. Басқа қандай артықшылығы болғанымен, ұшқалақ, күйгелек мінезді адамдарды парасатты демейді. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді.
Рух деп біз адамның психикалық өмірінің биік, сапамен байланысты, оны жетілдіруге, кемеліне келуге итермелейтін, дүние мен қоғамды бірлікке, үндестікке шақырып, осы жолда оны өзгертуге бағытталған көріністерін айтамыз.
Енді рухтың өмір сүру формаларына келер болсақ, уақытында оны Г. Гегель егжей – тегжейлі талдаған болатын. Ол оны субъективті, объективті және абсолютті рухтарға бөледі.
Субъективті рух деп біз тарих сахнасыында өмір сүріп жатқан тірі өзіндік сана – сезімі бар адамды айтамыз. Рух жеке адамның психикалық ерекшеліктеріне сай қалыптасып, дамиды.
Объективті рухқа біз белгілі бір әлеуметтік өауымның мойындаған ортақ құндылықтар әлемін жатқызамыз. Оған оның дүниесезімі, көзқарасы, этикалық, эстетикалық, саяси – құқықтық, философиялық т.с.с түсініктері, көңіл – күйі, идеялары жатады.
Гегельдің уақытында айтқан абсолюттік рухы – ол кемеліне келіп жетіліп, өзінің шеңберіне қайта оралғанабсолюттік идеяның (Құдайдың) жердегі өмірмен ешқандай байланысы жоқ рухы.
Сананы онтологиялық түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет