Ойлау мəдениеті Ойлау


Пікір Философия тарихындағы еркіндік ұғымы



бет37/56
Дата19.12.2023
өлшемі289,53 Kb.
#141016
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
Пікір
Философия тарихындағы еркіндік ұғымы
Б.Спино заның ойынша,адам табиғаттың ажырамас бiр бөлiгi, олай болса, ол толығынан табиғат заңдылықтарына тәуелдi. Егер Дүниеде механикалық заңдылықтар үстем болатын болса, адам арқылы табиғаттың екiншi ойлау қасиетi өзiнiң көрiнiсiн табады. Тағы екi күштi сезiм – ол қуаныш пен қайғы Б.Спиноза көне замандағы Платон мен Сократқа ұқсап, барлық дұрыс емес iс-әрекеттер танымдағы қателiктер мен байланысты деп есептеген. Адам өзiн қоршаған жағдайларды дұрыс түсiнсе, онда ол өзiнiң iс-әрекетiнде қаталаспайды, өзiн бақытты сезiнедi, бiрақ ол басқаларға бақытсыздық болып көрiнуi де мүмкiн.Ойшыл Дүниедегi ең жоғарғы игiлiк – ол Құдайды танып-бiлiп оған деген зерделiк (интеллектуалдық) махаббат деңгейiне көтерiлу дейдi. Ал Құдайдың субстанция мен табиғатқа тең екенiн есiмiзде сақтасақ, ал адамзаттың рухының сол табиғаттың модусы (көрiнiсi) болса, онда адамның ғылымның қиын да ауыр жолына түсiп дүниетануы оның жүрегiнде бақыт сезiмiн тудырып, оны ләззат қажет елейдi.Н.А.Бердяевтiң философиясының негiзгi категориясы - ерiктiк. Оның ешқандай өлшемi, шегi, түбi жоқ, оны ештеңемен теңеуге болмайды. Оның оқшаулығын түсiну - оның болмысқа дейiн өмiр сүргенiн мойындаумен тең. Бұл арада Н.А.Бердяев Орта ғасырда өмiр сүрген Я.Беменiң “Құдайдың өзi түбi жоқ тұңғиықтан пайда болды,-деген пiкiрiн қолдап, сол алғашқы “түбi жоқты² ерiкпен теңейдi. Сол алғашқы тұңғиықтан шыққан Құдай дүниенi жаратады. Осы арада Н.А.Бердяевтiң философиясының ғажап қызықты жағын көремiз. Ол – алғашқы Ерiктiк пен Жаратушы-Құдайдың арасындағы дуализм, қайшылық. Құдай дүниедегi залымдыққа жауапты емес, өйткенi, оның өзiнiң негiзi жоқ, Ол өзi шыққан түбi жоқ ерiктiкке ештеңе жасай алмайды. Керiсiнше, Құдайдың өзiнiң болмысына, содан кейiн оның дүниенi жаратуына жол ашқан сол алғашқы Ерiктiк емеспе? Олай болса, адамның өзi, бiр жағынан, Құдайдың жаратқан пендесi болса, екiншi жағынан, түбi жоқ ерiктiктiң нәрестесi. Сондықтан, ерiктiк бүкiл адамның iс-әрекетiн баурайды. Ерiктiк дегенiмiз – ешнәрсеге тәуелсiз таза сана, күш-қуат.Белгiлi бiр “метафизикалық ессiз кезеңде ерiктiк өзiн Құдайға қарсы қойып, онымен күресе бастады. Ол барлық жаратылған дүниеге, адамның өзiне де тарады. Сондықтан, дүние мен адам залымдыққа белшесiнен батты, ал Құдай болса, оған ешнәрсе жасай алмайды, өйткенi ол ерiктiктi жаратқан жоқ. Мiне, осы сәтте дүниеге Христос келiп, бүкiл дүние мен адамдардың күнәләрiн өз мойнына алып, тұңғиыққа тереңдеп, оны өз сәулесiмен жарқыратады. Сонымен, Н.А.Бердяев Құдайдың ессiз ерiктiктi жеңетiнiн есенгенмен, бiрақ, оған үзiлдi-кесiлдi кепiл беруден бас тартады. Н.А.Бердяевтiң философиясындағы негiзгi болмыстық категория - ол адамның өзi, өйткенi, ол дүниенiң ортасында, оның тағдыры дүниенiң тағдырын анықтайды. Адам мен Дүние Құдайдың өмiрiн байытады, өйткенi, адам – рухани пенде, ол iзгiлiк пен әсемдiктi сүйедi. Екiншi жағынан, ол ең жоғарғы материалдық құрылым, бүкiл дүниенiң барлық элементтерi оның бойында бар, сондықтан, Ғарыш оның шығармашылық iс-әрекетiн қабылдайды.Ж-П. Сартр: «Еріктілік дегеніміз – адамға артылған адамгершіліктің ауыр жүгі», - деген болатын. Адам өз ісіне ғана емес, басқалар үшін де жауапты. Ол өз-өзін жете түсінудің арқасында басқалардың да терең сырын аша алады.Атеистік бағытқа келсек, оның өкілдері Сартр мен Камю өмір мәнін «ештеңеге» теңеп, экзистенцияның ең терең құпиясы деген пікірге келеді. Сонымен экзистенция дегеніміз – өзінің шектілігін, уақытшалығын сезінетін, «ештеңеге» бағытталған адам өмірі. Сатр бұл жерде адамның тағдыры оның жігеріне, еңбектене білуіне байланысты екендігін өте дұрыс айтып отыр.Адамды қоршаған дүние – мәнсіз, абсурд» деген қағида француздың тағы бір көрнекті жазушы-драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Камюдің (1913-1960) экзистенциализмінің негізіболды. Адамның бойындағы абсурдты Камю Хайдеггер мен Сартрдың экзистенциалдық философиясының ұғымдары секілді адамның ішкі сезімінен, уайымдарағымынантуындатады, абсурд адамның ойынан бір сәт шықпайды, басқа уайымдар оның қасында түк емес деп тұжырымдайды. Дүниенің абсурдқа айналғанда адам өмірінің мәнін іздеудің өзі қисынсыз екендігін мойындағанымен, Камю өмір мәндік ізденісті тоқтатпауға бекінді, өзінің ойы арқылы уайым-қайғысыз, қазақша айтсақ, «бір жөні болар» деп ойын күлкімен өмір кешкендерді де, тағдырға бас иіп, өмірге кұштарлығын жоғалтып, жасығандарды да оятуға ұмтылды Абсурдпен күресу керек. Камюдің бұл шешімінің дәлелі– » Сизиф туралы аңыз» шығармасын жазуы және фашизмге карсы қозғалысқа қатысуы. Абсурдтың өзі адамға еркіндік береді: «Абсурдқа кездескенге, адам өз мақсаттарымен, болашақ немесе ақталу (кімнің немесе ненің алдында екені – бәрібір) туралы мазасымен өмір сүреді. Ол өзінің мүмкіндіктерін бағалайды, алдағы күнге, зейнетақыға немесе ұлдарына үміттенеді, өмірінің әлі де түзелетініне сенеді. …Осының бәрі абсурдпен шайқалды. …Абсурд менің иллюзияларымды ыдыратты: ертеңгі күн деген жоқ. Осы менің еркіндігімнің негізіне айналды».А.Камюдің кейіпкері Сизиф абсурд өмірмен күресуді еркін тандайды. Адамның өз өмірі үшін күресе білуі, зұлымдыққа тым құрыса адалдық арқылы қарсы тұруы Камюдің «Оба» романының да желісі Адал болды. Адал болу дегеніміз – өз ісімен айналысу. Адамның абсурдпен күрес бүлік түрінде де көрінеді. Бүлік көтеруші адам – «жоқ» деуші адам. Бүлікшілдік адамдарды біріктіреді, абсурд өмірдегі жеке уайымшылдықтың, жатсыну мен жалғыздықтың орнына коллективтік бүлікшілдік келеді.


4.Пайдаланылған әдебиеттер.
1.философской мысли Казахстана. Алма-Ата: Казахстан. 1976-428 с. 
2.Бөкейханов Ә. ІПығармалары Алматы. Қазакстан 1994-384 б. 
3.Арон Атабек. Алаш и казахская нация. ТОО ХАК М.1991
4Атишев А.А. Политическая мысль Казахстана во второй половине XIX 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет