Ойлау мəдениеті Ойлау


Н.Назарбаевтың «болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және рухани жаңғыру жобасы



бет55/56
Дата19.12.2023
өлшемі289,53 Kb.
#141016
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
wiCpqdFATcO6hjIOVcixN80Ll3QJ3v1QnJYLIAuh

2.Н.Назарбаевтың «болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және рухани жаңғыру жобасы
2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген еді.Мемлекет Басшысының бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, бұл – шын мәнінде, ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Ол қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтитындығымен бірегей. Бұл ретте, Қазақстан азаматтарының қоғамдық санасының мазмұны олардың мүдделерімен, идеяларымен, құндылықтарымен тығыз байланысып, мәдениет, мінез-құлық тәжірибесі, салт-дәстүр, ғылым, адамгершілік императивін қоса алғандағы рухани негіздерге арқа сүйейді.
Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудағы басты бағыттар екендігі белгілі. – Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдымен экономикалық реформаларды жүргізіп барып, содан кейін ғана саяси реформаларды жүргізу керектігін атап өткен еді. Сондықтан да, күллі жер жүзі көз алдымызда өзгеріп жатқандықтан, қоғамдық сананы жаңғыртудың ерекше маңызға және өзектілікке дәл қазір ие болуы заңдылық. Бұл орайда мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтын қалыптастыру Қазақстан табысының маңызды шарты. Олай болса, сананы жаңғырту әр қазақстандыққа әсер етуі керек, өйткені заманауи сын-қатерлер жағдайында еліміздің әр тұрғыны елдің және тұтас қоғамның прогресі үшін өзінің өмірлік стратегиясын бейімдеуге дайын болуы керек. Ұлттық комиссиямен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытының іске асырылуы қамтамасыз етілді. Соларға нақтырақ тоқталсақ. Бірінші бағыт – қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі. Президент атап өткендей, бір жағынан – латыншаға көшудің терең тарихи логикасы бар, екінші жағынан – әлемде технология мен коммуникация дамуының заманауи ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан да қазіргі латын графикасы жаңа технологиялармен, компьютермен, цифрландырумен байланыстырылады Бұдан әрі оқу-әдістемелік, көркем әдебиетті әзірлеу мен басып шығару бойынша жұмыс басталады. Екінші бағыт – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Қазақ тіліне аударылатын кітаптарды іріктеп алумен айналысатын Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында ЖОО мен ҒЗИ ғалымдары және танымал саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері бар. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында оқулықтарды іріктеу бойынша Іс-қимыл жоспары жасалды. ЖОО-дың ұсыныстары негізінде 800 атаудан тұратын оқулықтардың бастапқы тізімі жасалды. Алғашқы 18 оқулық мемлекеттік тілге аударылып, басылып шықты. 12 сәуірде Елбасының қатысуымен осы оқулықтардың тұсаукесері болып өтті. Жобаның 100kitap.kz. ресми сайты іске қосылды. Жалпы, жоба, үйретудің тәсілдері мен әдістемелері спектрін кеңейтуге арналған, олар қазақстандықтарға, әсіресе, студенттер мен оқытушыларға қолжетімді болады. Үшінші бағыт – «Туған жер». Бұл жобаның ерекшелігі – өңірлердің белсенді қатысуы, сонымен қатар, кәсіпкерлерді, меценаттарды және мүдделі азаматтарды тарту. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік арқылы көрсетілген патриотизм – ұлттық-генетикалық кодтың негізі. Жоба аясында 700-ден астам нақты жобалар іске асырылды, 320-дан аса жоба іске асырылып жатыр, бүкіл республика бойынша 150-ден астам жоба бастамаланды.Төртінші бағыт – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы». Бұл қоғамдағы ең танымал жобалардың біріне айналды. Осы бір жылдың ішінде барлық өңірлер өздерінің бірегей жерлері туралы айтып берді. Жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар нысандардың тізімі жасалып, жалпыұлттық маңызы бар 183 нысан анықталды.2018 жылғы 15 қаңтарда Ұлттық музейде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша ІІ Республикалық форум болып өтті. Бесінші бағыт – «Жаһандағы қазақстандық мәдениет». Жоба қазақстандық мәдениетті шетелде танымал ету бойынша жүйелі жұмыстар құруға бағытталған. Бұл ретте, заманауи мәдениетті сыртқы болмысы бойынша да, ішкі мазмұны бойынша да ілгерілетуге басымдық жасалады. 2017 жыл бойы заманауи отандық мәдениетті шетелде ақпараттық ілгерілету және танымал ету бойынша кешенді іс-шаралар атқарылды. Тәуелсіздік жылдарындағы отандық мәдениет жетістіктері түгенделді. Мәдени шығармаларды іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізілді: жобаға енетін шығармалар Қазақстан тәуелсіздігі кезеңінде өмірге келген болулары керек, олар жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп, заманауи қоғамның эстетикалық және көркем талғамына жауап берулері керек. Алтыншы бағыт – «Қазақстандағы 100 жаңа есім», бұл 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шын мәніндегі визиттік карточкасына айналды. Бұл жоба түрлі саланың көрнекті тұлғаларын бүкіл Қазақстанға таныстырды. Бұлар Тәуелсіздік жылдарында табысқа жетіп, ел мойындаған әншілер, композиторлар, спортшылар, ғалымдар, журналистер және басқа да өз ісінің хас шеберлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет