Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет3/3
Дата01.04.2023
өлшемі30,82 Kb.
#78324
1   2   3
Байланысты:
Ойлау м дениетіні пайда болуы. Философияны п ні мен дісі

Диалектика — заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, өзгерістерін, дамуын, себеп-салдарын, карама-кайшылықтарының бірлігі мен күресін жіті бақылайтын философиялық зерттеулер әдісі. Диалектикалық әдістің мәнді нышандары мыналар: 1) мәні мәңгілік, өзгермейтін нәрсе болмайды, сондықтан бір-ақ рет берілген және мәңгілік ештеңе жоқ; 2) нәрсе өзінің жалпылама байланыстарында алынып, қарама-қарсылықтарға айналған даму үстінде жан-жақты зерттеледі. Диалектика ойлау амалы мен тану әдісі жөнінен өзіне қарама-қарсы келетін метафизикамен катар пайда болып, дамыды. Оның ерекшелігі — объектінің бөліп алынып қарастырылуында, статистикалық және бір мәнді зерттелуінде (абсолютті ақиқат ізделінеді, қайшылықтарға көңіл бөлінбейді, олардың бірлігі ескерілмейді). Метафизикалық әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады. Бар немесе жоқ, ақ не қара, дос не жау, т.б. Қозғалысты қарастырған кезде метафизика оның толып жатқан формаларының біреуіне ғана мойын бұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет