1. Таным философиялық мәселе ретінде.
күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен қорытылған халық даналығын көрсететін мақал-
мәтелдерді, адамгершілік нормаларды, әдет-ғұрыптарды т.с.с. жатқызуға болар еді.
Осындай өмірлік білімнің негізінде адамдар жағалай ортаны
бағдарлай алатын дәрежеге
жетеді. Ал, ғылыми білімге келер болсақ, ол арнаулы білімді игеру мен оны
шығармашылық жолмен дамытудың негізінде пайда болады. Оның қайнар көзі бертінде, ой
еңбегінің дене еңбегінен бөлінуінен басталады.
Жүре келе, ғылыми зерттеудің пәніне байланысты білімнің әр-түрлі салалары пайда
болады. Табиғатты зерттеудің барысында астрономия, механика, физика, химия, геология,
биология т.с.с. ғылымдардың негіздері қаланады. Олардың басын біріктіріп жаратылыстану
ғылымдары дейміз. Адам мен қоғамды зерттейтін білім салалары гуманитарлық, қоғамдық
пәндерді тудырды. Оларға философия, психология, саясаттану, мәдениеттану т.с.с. пәндер
жатады. Гуманитарлық білімдердің ерекшеліктері – олардың мазмұнында нақтылы-тарихи
өмір сүріп жатқан әлеуметтік топтардың мұдделері мен мақсат-мұраттарының бейнеленуі.
Сондықтан, белгілі бір қоғам өміріндегі құбылысқа әрбір әлеуметтік топ өзіндік баға беруі
мүмкін. Сонымен қатар, бұл пәндердің бәрінің басын біріктіретін
құндылықтарға келер
болсақ, олар – адамды сүю, ізгілік, жақсылық, жетілгендік, әсемдік, әділеттілік, еріктік,
теңдік т.с.с.
Гуманитарлық білім саласында көркемдіктануды ерекше алып қарауға болады. Оған
әдебиет, поэзия,
қылқалам, әуен т.с.с. өнер саласындағы туындыларды зерттеуді
жатқызамыз.
Сонымен қатар, бүгінгі адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарысқа түсуіне
байланысты дінтану мәселелері ерекше өзекті болып отыр.
Дүниетану - өте күрделі құбылыс, ол үшін адам барлық жан-тәнінің мүмкіндіктерін
пайдаланады. Нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан қоғамдағы құндылықтар, солардың
негізінде қалытасатын
қоғамдық қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейі т.с.с. таным
үрдісінде өз орнын алады.
Олай болса, дүниетану негізінде жатқан іргетасты құбылысты анықтамай болмайды,
сонда ғана оның терең мәнін ашуға болады. Сана, рух болмысының өзегі білімде болғаннан
кейін, мыңдаған жылдардың шеңберінде ойшылдар танымның негізін адамның санасынан
көрді : "таным үрдісін дамытатын ақыл-ой жаттығуы, жетілуі", "шығармашылық ізденіс",
"білімге деген құмарлық", "туа біткен табиғи дарын" т.с.с. Әрине, аталған факторлардың
танымдағы орнын терістеуге болмайды. Бірақ, олардың негізінде толыққанды таным
теориясын жасау мүмкін емес. Ол үшін біз адамның басқа тіршіліктерден бөлек, тек өзіне
ғана тән өмір сүру тәсілін анықтауымыз керек. Ал, оның өзі бізді адамның "таза табиғатқа"
қанағаттанбай, оны қайта құру, өзгерту іс-әрекетіне әкеліп тірейді. Оны философия тілінде
"практика" дейді.
Достарыңызбен бөлісу: