Еркіндік адамды күреске
итермелейді, адамдық қуаныш пен ләззаттан бас
тартуға сүйрейді. Қайғыру, тәуекел, жеңіліс арқылы
болған еркіндіктің өзі
өмірімізді жақсы ете алады. Еркіндікке адам ғана таңдау жасайды. Өзінің
әлеуметтік мәнінде, қоғамдық өмірде, саясатта, заң, басқа да заңды актілерде,
өнерде, публицистикада, көркем әдебиетте ерік
пен тағдыр мәселесі кең
тараған. Ерік өз тілегеніңді алдыңа қойған мақсатыңды жүзеге асыру, саналы
ұмтылыс, тілек, талап, билік, мүмкіндік, ал «еркіндік дегеніміз – ерікті күй».
Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік. Еркіндік, әділдік,
адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар.
Құқықтың дүниетанымдық мәселелері.
Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. Еркіндік – қазіргі демократиялық
мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі. Жеке еркіндік және табиғи құқық.
Тұлғаның,
оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау
жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Жауапкершілік –
бұл біреуге
жүктелген міндет, ол адам өз әрекетіне, өз кінәсіне оның салдарына есеп бере
алатын болуы қажет. Адам әрдайым өз өмірі мен өзгелер үшін де
жауапкершілік арқалайды, еркіндік қашанда жауапкершіліксіз өмір сүрмейді,
сондықтан олар өзара байланысады. Сөз және көзқарас еркіндігі. Еркіндік пен
шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі.
Абайдың «толық адам» концепциясы.
Алаш қайраткерлерінің
философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
Достарыңызбен бөлісу: