Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет22/33
Дата14.02.2023
өлшемі1,19 Mb.
#67989
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Жақсылық дегеніміз – моральдық борышқа адалдық немесе оны әрдайым орындап 
отыру. Моральдық парыздың, борыштың және жақсылықтың орындалып отыруының 
объективті негізі адам өмірінің құндылықтарына сәйкес қоғамдық қарым – қатынастарды 
реттеудің қоғамдық қажеттілігі. 
Жамандық дегеніміз - жақсылық талаптарының бұзылуы, оның іске аспай қалуы. 
Моральдық сана қоғамда гуманистік ашық және еркін қатынастардың қалыптасуына 
жағдай жасайтын барлық қасиеттерді жақсылық деп есептейді. Бұл мейірімділік және 
қайырымдылық, өзара көмек пен бірлесіп қызмет ету, өзара түсінісу мен сыйласу, ұждан 
талаптары мен парыз, кішіпейілділік пен ибалылық. 
Жамандық дегеніміз – қоғамдық қатынастардың үйлесімділігі мен бірлігіне қарсы, 
парыз бен ұжданды өтеуге зиян келтіретін, адамның бір сәттік менмендігін іске асыруға 
бағытталған жағымсыз әрекеттер. Бұлар – ашкөздік, ашқарақтық, дөрекілік және күш 
көрсету, қоғам мен адамға деген немқұрайдылық, енжарлық сияқты жағымсыз әрекеттер. 
Жамандық пен жақсылық бір – біріне қарсы түрде қоғамның адамгершілік рухында 
дамуына кедергі жасайды, бұл этиканың ең қиын мәселерінің бірі. 
Әлеуметтік – тарихи этика тұрғысынан жамандық пен жамандық еркінің себептері 
адамның қажеттіліктерін жеткілікті түрде қанағаттандыра алмайтын қоғамдық қатынастар. 
Сондықтан оны жоюдың бастапқы алғы шарты – адамдардың арлық сұраныстарына сай 
өмір сүруіне негіз болатын ізгілікті қоғамдық қатынастарды қалыптастыру және мәдениетті 
дамыту. 
Жақсылық идеалдарына адалдық дегеніміз – мораль талаптарына адалдық, оны ұдайы 
орындап отыру. 
Адамгершілік талаптарын орындау адамның жеке міндетіне айналуынан адамгершілік 
борыш ұғымы туындайды. Борыш сезімі адамға өз міндеттерін әруақытта қажеттігін есіне 
салып отырады. 
Борышты ұдайы орындап отыру оңай емес. Кей уақытта оған көптеген кедергілер 
кездеседі, кедергілерді тудыратын да адамдардың менмендігі, бірбеткейлігі, өзімшілдігі. 
Борыш талаптарын орындау үшін әрдайым осындай кемшіліктерді жеңіп отыру қажет. Бұл 
көп адамның қолынан келе бермейтін ерлік. 


Мораль адамның тәртібінің ішкі, терең реттеушісі ретінде өзінің адамгершілік 
борышының қоғамдық мағынасын анықтауына өлшем болады, жалпы қабылдаушылық, 
көпке белгілік одан жауапкершілікті алып тастамайды. 
Дәл осы жерде адамның ұжданы өз қызметіне кіріседі. Ұждан дегенімізадамның 
моральдық міндеттерді анықтауы және оны орындалуын өзінен талап етуі, өзінің тәртібі 
мен жүріс – тұрысын бақылау. 
Өзінің ұжданына сүйене отырып, адам жақсылық пен жамандық,парыз, әділеттілік, 
адамгершілік туралы өз түсініктеріне жауапкершілігін сезінеді, өзінше моральдық өлшемді 
анықтайды, өзін өзі бағалайды. 
Рухани адам үшін ұждан – рухани құндылықтар мен сенімнің түйіскен жері, өзін - 
өзі сыйлаудың және өзін өзі қадірлеудің негізі. 
Ұждан адамды гуманизм мен мейірімділік идеалдарына, парыз бен арға толық 
бағындырады. 
Жоғары дамыған ұждан адамға үлкен талап қояды, ешқандай келісім мен енжарлыққа 
жол бермейді. 
Ұжданға негізделген өмір тұлғаның өзін өзі жоғары бағалауын күшейтеді және 
нығайтады. 
Ар мен қадір – қасиет ұғымы моральда кез келген адамның адамгершілік тұлға 
ретіндегі құндылығы туралы көзқарасты білдіреді. 
Ар, абырой және қадір қасиет адамға қоғамда тек сыйлау, құрметтеуді қамтамасыз 
ететін іс - әрекеттерді ғана жүзеге асыруды міндеттейді, ешкім де өзінің абыройын төгетін 
әрекет жасамайды. Абырой әр адамның қоғамда оған өзінің орнына, репутациясына 
лайықты әрекет жасауға міндеттейді. 
Ар адамның ең асыл қасиеті. «Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза» деген М.Әуезов. 
Моральдық сананың тағы да бір маңызды қасиеті - әділдік ұғымы. Ол адамдардың 
қарым – қатынасындағы тазалықты, тәртіпті білдіреді. Әр адамның құқығын, қадір – 
қасиетін сыйлау әділдікпен тығыз байланысты. 
Адамгершілік құндылықтарын білдіретін моральдық категориялар бақыт пен және 
өмір мәні ұғымымен аяқталады. Бақыт пен өмірідің мәні бір – бірімен тығыз байланысты. 
Өйткені, адам өзі істеген мәнді істерінен моральды қанағаттандығын сезінеді. Өзін - өзі 
толық дамытқан, өзінің қолынан келетін қоғамдық іс - әрекетте сүбелі табыстарға қол 
жеткізіп, қоғамдық қарым – қатынастардың дамуында белгілі із қалдырған адам бақытты 
адам. Бақыт дегеніміз - әр адамның өзіне өзі риза болуының жоғары деңгейі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет