тарихи дамудың шын процесін бұрмалады, бірақ алғашқы болып, қоғам дамуының
заңдылығын айтты.
Неміс ғалымы Макс Вебер (1864-1920 жж.). Тарихты үш шартты кезеңге бөлді.
Дәстүрлік, феодалдық капиталистік деп бөлудегі орталық мәселе - қоғамдағы біреулердің
екінші біреулерге үстемдігі, оның пайда болу себептері мен түрлері. Вебердің пікірінше,
үстемділіктің үш сипаты болады: дәстүрлік, харизматикалық, рационалдық.
1. Дәстүрлік:
қоғамдағы қожайын мен бағынышты адамдар арасындағы
қатынастарды экономика немесе әкімшілік емес, идеологияның көмегімен ұзақ уақытта
қалыптасқан дәстүр анықтайды. Және бағынышты кісінің берілгендігіне сүйенеді.
2. Харизматикалық үстемділік - билеушінің жеке өзінің ерекшелігі. Оның
айналасындағы адамдар оны жерге табиғаттан тыс құбылыс ретінде құдайдың өзі жіберді
деп есептеуі.
3. Рационалдық - басқарудың кемелдеген түрі, ол капитализм қоғамында өмірге
келеді. Бұл үстемдіктің қабылдаған қаулылары ақылға сыйымды, терең ойлы болады. Вебер
осыған сай капитализмді былай сипаттайды:
- өндіріс орындарының табысты болуы. Бұл өндіріс пен еңбекті ақыл-ойдың
арқасында ұйымдастыру нәтижесі;
- бірыңғай рационализмді жоққа шығарады, еркін ой, іс-әрекет бәсекесін қорғайды;
- қоғам тарихында діннің де өте үлкен орын алатынын көрсетті. Батыс капитализімнің
басты мәні – протестантизм деді. Ол қоғам тарихы мен оның, даму процесіне бірыңғай
ғылыми көзқарастың, дәлелді логикалық жауаптың жоқтығы Вебер ілімін көп танымал
етпеді.
Маркске дейінгі материалистер табиғат заңдары мен құбылыстарын материалистік
тұғыдан түсіндіре отырып, тарихи жағдайлар мен қоғам өмірін тануда өз материализмін
қолдана алмады. Марксизм – қоғамдық сана, қоғамдық болмыстың бейнесі дейтін дәстүрлі
материализмді тереңдетіп, көп жаңа ұғымдар енгізді.
Қоғам туралы философияда алуан түрлі ойлар қалыптасқан. Қоғамды материалистік
тұрғыдан зерттеген Маркс. Адамға ең алдымен күн көру үшін денеге энергия беретін
материалдық заттар байлығы керек дейді. Ол үшін оларды өндіретін құралдар қажет. Яғни,
өмір мен қоғамның дамуында материалдық игіліктерді өндіру негізгі мақсат болып
табылады. Сондықтан мемлекеттік мекемелер, құқықтық көзқарастар, өнер, мораль,
адамдардың діни ұғымдары да осы негізге сәйкес дамиды.
Қоғамдағы іс-әрекет пен қызметтің субъектісі - нақты адам. Адам мәнін қоғамнан тыс,
еңбек құралынсыз, материалдық өндіріссіз танып-білу қиын. Қоғам біртұтас, бөлінбейтін
әлеуметтік өмір, бір-біріне әсер ететін екі фактордан тұрады. 1. Адамдардың белгілі бір
қызмет әдісі. 2. Әлеуметтік фактор. Бұлар адамдардың материалдық өндірісті дамытудағы
тарихи қызметі арқылы пайда болады.
Өндіруші күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасы Маркс ілімінің өзекті бір
идеясы, әлем тарихының бірлігімен әртүрлі екенін анықтайды. Маркс өндіруші күштер мен
өндірістік қатынастарды біріктіріп өндіріс тәсілі деп атап, соған негізделген қоғамдық-
экономикалық формацияларды – тарихи нақты қоғамдар типін ажыратады.
ХХ ғ.философиясындағы қоғамның көптеген модельдері мен теориялары.
Достарыңызбен бөлісу: