Ойпаттың территориясында Испанияның бірнеше ірі қа-лалары орналасқан: Севилья, Кордова, Кадис, Уэльва



бет4/4
Дата14.10.2023
өлшемі22,81 Kb.
#114563
1   2   3   4
Байланысты:
Евразия 1

Климаты. Үстірттің аумағы(Галисиядан басқа) Кантабрий тауларының жаңбырлы белдеуінде орналасқан, сондықтан климаты жертортатеңіздік сипат алады. Жылдық жауын-ша-шын мөлшері – 400-500 мм, үстірттің етегінде 1500 мм-ге дейін жетеді. Жазы жылы, орташа температурасы – 24 °C, қысы суықтау, орташа температурасы – 5 °C. Тауларда, өзендер жағасында қылқан жапырақты ормандар өседі.
Үстірт территориясында Испанияның Мадрид, Вальядо-лид, Саламанка секілді ескі қалалары орналасқан.
3. Анадолы таулы үстірті — Түркия Республикасында, Кіші Азия таулы қыратының орталық тұсында орналасқан үстірт. Үстірттің оңтүстігін Тавр таулары, ал солтүстігін Понтий таулары қоршап жатыр. Жер бедері тегіс, басым көпшілік бетін шөгінді жыныстар жапқан. Кейбір тұстарда ұшыраса-тын қазаншұңқырларды аласа бұйраттар бөліп жатыр. Басым көпшілік жерінің биіктігі 800-1500 м, ең биік жері — Эрджиес жанартауы (3770 м). Климаты субтропикалық кон-тиненттік. Жауын-шашынның орташа мөлшері орта тұсында 200 мм-ден, үстірттің шеткі аймақтарында 400-500 мм-ге дейін жетеді. Шөлейт далада өсімдік қалың өседі. Сор, сор-таң жерлер жиі кездеседі. Орталық аймағында Тұз көлі секілді тұзды көлдер жиі кездеседі.

4. Декан таулы үстірті – Үндістан мемлекетінің территория-сында, Үндістан түбегінде орналасқан үстірт. Түбектің ішкі орталық бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Нармада өзе-німен, оңтүстігінде Кавери өзенімен шектеседі. Ауданы – 1 млн. км2. Үстірттің беткейі шығысқа қарай еңкіш орналас-қан, сондықтан да өзендердің көпшілік бөлігі шығыс бағыт-та ағып, Бенгал шығанағына келіп құяды.


Климаты. Жалпы Декан таулы үстірті орналасқан Оңтүс-тік Азияның климаты – субэкваторлық муссондық. Жауын-шашынның максималды мөлшері жаз айларында жауады
(жылдық жауын-шашын мөлшері: желді беткейлі аймақта-рында 2500-3000 мм-ден, үстірттің орталық бөлігінде 500-700 мм-ге дейін жетеді).
Орташа температура: жазда – 29-32 °С , қыста – 21-24 °С.
Қыраттар
1. Трансильван қыраты(рум. «Podişul Transilvaniei») – Румы-нияның тарихи-мәдени облысы болып табылатын Тран-сильвания облысының орталық бөлігінде орналасқан ірі тауаралық қырат. Қыраттың орташа биіктігі 300-600 м, ал оңтүстік-шығыс аймағында 700-900 м-ге дейін жетеді. Шығыстан қыратты Шығыс Карпат таулары, оңтүстіктен Оң-түстік Карпат таулары, ал батыстан Батыс-Румын таулары қоршап жатыр. Солт.-батысында қырат Орта дунай жазығы-на жалғасады(дәл сол Орта дунай жазығынан кезінде осы Румынияға славян, венгр, неміс ұлт өкілдері қоныс аударған болатын). Өте ыстық континетальдық климат қалыптасқан. Жазы ыстық, құрғақ. Қысы суық, ызғарлы. Ландшафтысы – ормандар мен жазық далалар(негізінен ауылшаруашылық жерлері). Қыратта бірнеше аса ірі қалалар орналасқан: Клуж-Напока, Брашов, Сибиу, Тыргу-Муреш.

2. Бавар таулы қыраты(«Шваб-Бавар қыраты» деп те атала-ды) – Германияның оңтүстігінде орналасқан қырат(солтүс-тігінде Дунай өзенінің жоғарғы ағысымен, оңтүстігінде Альпі тауының етегімен шектеседі). Орташа биіктігі – 300-600 м. Қыраттың жер бедері таудан еріген мұздықтар мен мұздар-дың әсерінен қалыптасқан. Жапырақты және қылқанжапы-рақты ормандар учаскелері сақталған, алайда мәдени ландшафтілер басымырақ.


Қыраттың орталық бөлігінде Германияның атақты, ірі қаласы – Мюнхен орналасқан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет