Өкпе рагы - бұл қатерлі ісік арасында өлім
статистикада көшбасшылық ұстанымға ие өте қауіпті ісігі. Халықаралық статистикаға сәйкес, өкпе қатерлі ісіктерді 60% өлімге әкеледі. Ол өкпедегі обырының негізгі себебі, әрине,
темекі шегу екендігін дәлелденген.
ДДҰ бойынша әр жыл сайын өкпе обырымен 660500 жаңа жағдай тіркеледі.
Әлемде әр минут сайын 1 адам өкпе обырынан қаза табады.
Соңғы 10 жылда әйелдер арасындағы қкпе обыры кездесу жиілігі өсті;
Онкологияда өкпе қатерлі ісігі ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзінде өкпе қатерлі ісігі жиілеп кетті. Қатерлі ісіктер арасында ер
адамдарда өкпе рагы 2-ші орынды алады. Бұл ерекшелік: біріншіден ісіктің тез өсуінде, екіншіден ісік өкпенің дамыған қан және лимфа тамырлары арқылы адамның басқа мүшелеріне жиі метастаз беруінде. Өкпе обырының этиологиясы.
Өкпе қатерлі ісігінің пайда болуы темекі шегудің жиілігіне
байланысты. Кейінгі жылдары әйелдер арасында шылым
шегушілердің жиілеуіне байланысты өкпе обырының көбейе бастағаны байқалуда.
Уақытында дұрыс емделмеген өкпенің созылмалы ауруларының да қатерлі ісіктің пайда болуына себептік әсері аз емес. Оларға
пневмосклероз, сидерокониоз, кониотуберкулез, саркоидоз т.б. Созылмалы ауруларды жатқызуға болады.
Қоршаған ортадағы канцерогендер, қоршаған ортаның және ауаның зиянды заттармен ластануы (өндіріс қалдықтары, ПАУ)
Өкпе обырында негізгі ролді никотин алады.
Темекі түтінінде көптеген қатты концерогенді әсері бар никотин туындылары
болады. Ісік клеткаларында никотинге рецепторы болады. Құрылымы N- холинорецепторларға ұқсас. Шылым шегу
никотинге тәуелділікті шақырады, сондықтан да одан бас тарту қиынға соғады. Шылым шегумен күресу үшін никотинді пластырь, никотинді сағыз қолданады
Өкпе обыры патогенезі басқа да эпителийлік қатерлі ісіктердікі тәрізді күрделі.
Патогенезінде канцерогендер мен ісік промоторы қатысады. Ісік клеткалары әртүрлі
пептидті гормон секреттейді, және
рецепторларды осы гормонға экспрессирлейді, сонымен аутокринді жолмен өсуін
стимуляциялайды
Өкпе рагы
Өкпе рагы
Ірі жасушалы рак ісік жасушаларының өте ірі болуымен және
анаплазиялық өзгерістердің басым
болуымен
сипатталады. Ірі
жасушалардың ішінде алып жасушалар да кездеседі