Қол басы және аяқ басының өзектері мен синавиалды қынаптары Қол басының фасциялық қабықшасы кәрі жілік -білезік буынының маңында , аралығына бұлшық еттердің сіңіршелері өтетін бірнеше синовиалды қынаптарды құрайды.
Сіңірлердің синовиалды қынабы:кәрі жілік білезік, сирақ аяқ басы буындарында кездеседі. Бұл жерлерде шандырлар қалыңдап, сүйекті–фиброзды өзектер түзеді. Бұл өзектерден бұлшықеттердің сіңірлері өтеді. Әр бір қынап ұзына созылған екі жапырақшадан тұрады.
Синовиалды қалталар-ішінде сұйықтық болатын қалташық пішінді, олар буындарға жақын бұлшықеттердің немесе сіңірлердің астында орналасады. Кейбір қалталар буын қуыстарымен байланысады.
Қол басы сіңіршелерінің синовиалды қынаптары Синовиалді қынаптардың қызметі бұлшықет сіңіршелерінің еркін қозғалысын жеңілдету. Алақан бетінде, білезік сүйектік өзекшенің canalis carpalis ішінде: басбармақты бүгетін ұзын бұлшықеттің қынабы мен саусақтарды бүгетін беткей бұлшықет пен тереңде орналасқан бұлшықеттердің жалпы қынабы орналасқан.
1. Саусақтарды бүккіш жалпы бұлшықеттің синовиалды қынабы, vagina synovialis communis mm. flexorum,білезіктік өзекшенің ішкі қапталында орналасқан. Ол саусақтарды бүккіш беткей және тереңде орналасқан 8 сіңіршенің қынабын құраушы синовиалды қуыстық. Қуыс- тықтың жоғарғы бөлігі, білектің алдыңғы білезігіне, retinaculum flexorum дейінгі аралықта орналасса, төменгі деңгейі алақанның ортаңғы бөлігінің тұсында орналасады. Шынашақ саусағының маңында, бұл синовиалды қуыстық, шынашақтың дисталды бақайшағына дейін созылып орналасқан.
2. Басбармақты бүккіш ұзын бұлшыкеттің синовиалды қынабы, vagina tendinis m. flexoris pollicis longi,білезіктік өзекшенің, canalis carpalis латералды қапталында орналасқан. Сыртқы пішіні ұзындау келіп бас бармақты бүккіш ұзын бұлшықеттің синовиалды қынабын құрайды. Синовиалды қынаптың проксималды бөлігі, білектің алдыңғы білезігінен, retinaculum flexorum 1-2 см жоғары орналасса, төменде бас бармақтың бойымен өтіп, бас бармақтың дисталді бақайшағына дейін созылып бой тепкен.
Қалған үш саусақтар, III, IV, V өз алдына дербес синовиалды қынаптардан, vagina sinovialis tendinum digitorum manus, тұрады. Негізгі қызметі: өзіне сәйкес сіңіршелердің синовиалды қынабын құрау. Бұл қынап, басбармақтың алақан-бақайшық буындарынан дисталді бақай- шыққа дейінгі аралықта созылып орналасқан.
Сонымен қатар, алақан бетінде сіңіршелер қынабының сыртқы беті, өте тығыз келген фиброзды табақшалармен қапталып, сүйек-фиброзды өзекшелерді құрайды. Бұл өзекшелердің қабықшалары, саусақ бақайшықтарының маңында өте тығыз қалыңдау келіп орналасқан. Ішкі беті синовиалды қабықшамен көмкеріліп, сіңіршелердің фиброзды-синовиалды өзекшесін құрайды.