Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университет
Тақырып: Қол сүйектері, иық сүйектері.
Дайындаған: Тәңірбергенов Диас
Өтеғалиев Жанатбек
Тексерген: Жумабаева А.Ж.
Ақтөбе 2022 Қол сүйектері негізінен еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі (бұғана мен жауырын), еркін қозғалатын немесе қолдың сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады.
Иық деп денедегі қолдың кеудеге жалғанатын тұсын айтамыз. Иық белдеуінің сүйектеріне омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері: бұғана және төс сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады.
Иық буыны тоқпан жілікті, ол арқылы бүкіл қолдың еркін бөлігін иық белдеуімен, атап айтқанда, жауырынмен байланыстырады. Буын түзуге қатысатын тоқпан жіліктің басы шартәрізді. Онымен буындасатын жауырынның буындық ойығы көлемін ұлғайтып, сонымен бірге жілік басы қозғалған кездегі соққылар мен шайқалыстарды жұмсаттатын шеміршекті буын ернуі жатады. Иық буынынң қапшығы жауырында буын ойығының сүйекті жиегіне бекіп, әрі иық басын қаусырап, анатомиялық мойында аяқталады. Иық буынының қосалқы байламы ретінде құстұисықты өсінді негізінен шығатын және буын қапшығына қосылып-өрілетін тығыздау талшықтар шоғыры болады. Жалпы алғанда иық буынында нағыз байламдар жоқ, ол иық белдеуі бұлшықеттерімен бекиді. Бұл жағдай бір жағынан дұрыс сияқты, өйткені еңбек ету мүшесі ретіндегі қолдың қызметі үшін қажет иық белдеуінің кең қозғалыс-қимыл жасуына себебін тигізеді. Екінші жағынан, иық буынындағы әлсіз беку, онда буын ьайып кетуінің көп болуына себеп болады.
Буын қапшығын ішінен астарлайтын синовиалды қабық буынан тыс екі томпақ түзіледі.
Иық буыны нағыз көпбілікті шартәрізді буындасу ретінде аса қозғалмалы. Қимыл 3 негізгі білік айналасында дасалады: фронталды, сагитталды және вертикалды. Фронталды білікті айнала қол бүгіп, жазылады. Сагитталды білікті айнала қол әкеліп, әкелінеді. Вертикалды білік айналаснда қол сыртқа және ішке қарай айналады.
Иық белдеуінің сүйектеріне бұғана мен жауырын жатады.
Бұғана - ұзына бойы иіліп келген сүйек. Оның денесі және екі басы болады.
Ішкі басы төстің тұтқасына, сыртқы басы жауырынның иық (акромион) өсіндісіне жалғаса, көлденең орналасады. Төменгі беті бұдырлы келеді. I қабырға мен жауырынның тұмсық өсіндісіне сіңір байламдары арқылы жалғасып тұрады. Бұғананың қызметі иық белдеуін көтеріп, қолдың еркін қозғалуына жағдай жасайды.
Жауырын - жалпақ, үш бұрышты сүйек. Көкірек клеткасының арт жағында, жоғарғы қабырғалар тұсында орналасқан. Жауырынның үш (жоғарғы, ішкі және сырткы) жиегі, үш (төменгі, ішкі, сыртқы) бұрышы және екі (ішкі және сыртқы) беті болады. Жауырынның қабырғаларға қараған беті аздап ойыс келеді. Оны жауырынасты ойысы дейді. Сырт жақ бетінде жауырын жалы жатады.жауырынды жалүсті және жаласты ойыстарына бөліп тұрады. Жауырын жалы сырт жағына қарай кеңейіп келіп, иық өсіндісіне жетеді. Оны акромион деп те атайды. Сыртқы бұрышында жатқан буын ойысы тоқпан жілік басымен байланысып, иық буынын түзеді. Жауырынның жоғарғы жиегі құстұмсық өсіндісіне жалғасады. Жауырын мен бұғана өзара бір-бірімен байланысып, иық белдеуін түзеді.
Жауырынның сыртқы (А) және ішкі (Б) жағынан көрінісі
1. Жоғарғы жиегі. 2. Жоғарғы бүрышы. 3. Ортадағы жиегі. 4. Төменгі бұрышы. 5. Сыртқы жиегі. 6. Жауырын ойысы. 7. Жауырын мойыны. 8. Буын беті 9. Құстұмсық өсіндісі. 10. Иық өсіндісі. 11. Жауырын жалы. 12. Жауырын жалы. 13. Жалүсті ойыс. 14.Жаласты ойыс.
Ал қолдың еркін қозғалатын сүйектеріне: тоқпан жілік, білек және қол басының сүйектері жатады.
Тоқпан жілік - іші куыс жілік сүйектер қатарына жатады. Оның денесі — диафизі, жұмыр, жоғарғы және төменгі бастарын эпифиздері деп атайды. Денесі сүйектің ортасында орналаскан, оның жоғарғы бөлігі жұмыр, төменгі белігі үш қырлы. Денесінің ортасында дельта еті жалғасатын атгас бұдыры және қан тамыры өтетін қоректік тесіктері болады. Жоғарғы эпифизінде жарты шар пішінді басы бар. Одан айнала сәл жіңішкерген жерін анатомиялық мойыны дейді. Бұдан соң үлкен және кіші төмпешіктер жатады. Екеуінің аралығында төмпешік аралық сайы болады. Диафизге өтетін жеріңде жіңішкеріп келген хирургиялық мойыны жатады. Өйткені бұл сүйек осы жерден көбірек сынады.Төменгі эпифизінде екі буын беті бар, оның ішкі шығыршық тәрізді буын беті шынтақ-жіліктің буынойындысына, сырт жағындағы шар тәрізді буын бетікәрі жілік сүйегінің буын басына сай келеді. Осыбуын беттерінің алдыңғы жағында кіші тәж ойысы,артқы жағында тереңірек шынтақ ойысы орналасқан. Бұл ойыстарға шынтақ жіліктің аттас өсінділері қолды жазып, бүккенде кіріп тұрады. Тоқпан жіліктің төменгі эпифизінің екі жағында бұлшық еттер буын сіңірлері тіркелетін ішкі және сыртқы айдаршық өсінділері жатады. Оның ішкісі сыртқысына карағанда шығыңқы келеді.
Білексүйектері шынтақ сүйек пен кәрі жіліктен түзілген.
Шынтақ сүйек білектің ішкі жағында, кәрі жілік сыртқы жағында орналасқан.
Шынтақ сүйектің жоғарғы бөлігінде айшық ойындысы бар. Ол тоқпан жіліктің шығыршықтәрізді буын бетімен байланысып, шынтақ буынын түзеді.