Қола дәуірі б з. б. 2800 жыл б з. б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дәуірінде



Pdf көрінісі
Дата15.12.2023
өлшемі72,27 Kb.
#138363


Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл – б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дәуірінде 
адамзат металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек 
өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп 
болды. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынған. Қоладан жасалған 
бұйымдар тас және мыс еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды. 
Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 
мыңжылдықта басталған. 
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері андрон мәдениеті деп аталады. 
Себебі қола дәуірінің алғашқы ескерткіштері Андроново селосы (Сібір, Ачинск 
қаласы) маңынан табылған. Андрон тектес қола мәдениеті таралған аумақ: Орал 
(Жайық) өзені, Енисей өзені, Батыс Сібір, Памир таулары. 
Қола дәуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле және жер бетіне 
салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жер еденде сүт өнімдері 
мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қора салынған. 
Андрондықтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген. 
Ғалымдар Cолтүстік және Батыс Қазақстан аймағынан 80-нен астам қоныстарды 
тапқан. Олардың кейбірін ертедегі алғашқы қалалар деуге болады. Қостанай 
облысы мен Челябі облысының шекарасынан ескі қала – Арқайым табылды. 
Мал өсіру отырықшылық, бақташылық түрінде болған. Мал жаюға ыңғайлы болу 
үшін шөбі шүйгін және желден ықтасын болатын жерлерді таңдап алған. 
Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. 
Өзен аңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы, сиыр, қой, ешкі 
өсірген. Андрондықтардың қоныстарынан егіншілік құралдары – дән тартатын 
диірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қола орақтар табылды. 
Металл кеніштері Зыряновск, Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатаудан табылды. 
Қаныш Сәтбаевтың мәліметі бойынша, Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіріліп, 
одан 100 мың тонна мыс қорытылған. Нарым мен Қалба (Шығыс Қазақстан) кен 
орнында 1100 тонна қалайы шығарылған. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет