Закон Малюса
4.3.12 Бір біріне қатысты 450 бұрышпен орналасқан екі поляризатор берілген.
Оларға поляризацияланбаған жарық түсті. Екі поляризатор арқылы жарық
интенсивтілігінің қандай бөлігі өтеді.
(0,25)
4.3.13 Екі поляризатор максимум жарық өтетіндей орналасқан. Өткен жарықтың
интенсизтілігі 2 есе азаю үшін олардың біреуін қандай бұрышқа бұру қажет? (450)
4.3.14 Түсірілген поляризацияланбаған жарық интенсивтілігі:
1) 3есеге азаю үшін;
2) 10 есеге азаю үшін екі поляризатордың остерін қандай бұрышқа орналастыру
қажет. (1) 35.30, (2) 63.40
4.3.15 Интенсивтілігі I0 вертикалды поляризацияланған жарық N=9 поляризатордан
өтеді. Бірінші поляризатордың осі вертикалмен 100 құрайды, екіншісінің осі вертикалға
тағы 100 құрайды және тағы солай тоғызыншы поляризатордың бұрышы 900 бұрылған.
Осы
жүйе
арқылы
өткен
жарық
интенсивтілігі
I
нешеге
тең?
(I=0.759I0)
4.3.16 Екі поляризатор бір біріне қатысты 340 градуспен орналасқан. Әр
поляризаторға қатысты 170 бұрышпен поляризацияланған жарық 2 поляризатор арқылы
өтті. Жарық интенсивтілігі қаншалықты әлсіреді? (37,1 %)
4.3.17 Бір біріне қатысты остері тік бұрышпен орналасқан екі поляризаторға
поляризацияланбаған жарық түседі.
1) осы екі поляризатор арқылы түскен жарық интенсивтілігінің қандай бөлігі өтеді?
2) егер осі екі поляризатор остерімен 450 жасай орналасқан осы екі поляризатор
ортасына үшінші поляризаторды орналастырса жарықтың қандай бөлігі өтеді?
3) егер үшінші поляризаторды алдыңғы екі поляризатор алдына орналастырса
қандай өзгеріс болады? (1) 0, (2)1/8, (3) 0
4.3.18 Поляризатор мен анализатор арасындағы өткізу жазықтықтары 450 пен
орналасқан. Егер бұрышты 600 қа дейін үлкейтсе анализатордан шыққан жарықтың
интенсивтілігі неше есеге азаяды? (2 есеге)
Иродов
5.171 Табиғи жарықтың қандайда бір поляризаторға түскен кезде жарық ағынының
ɳ1=30%, ал осындай екі поляризатордан ɳ2=13,5% өтеді. Осы поляризаторлардың өткізу
жазықтықтарының арасындағы φ бұрышты тап? (30
0
)
5.172 Табиғи жарық шоғы N=6 поляризатордан тұратын жүйеге түседі. Бұл өткізу
жарықтықтарының әр қайсысы алдыңғы поляризатордың өткізу жазықтығына қатысты
φ=300 бұрылған. Осы жүйе арқылы жарық ағынының қандай бөлігі өтеді? (I6=0.118I0)
5.173 Табиғи жарық бірінен соң бірі орналасқан бірдей үш поляроидтан тұратын
жүйеге түсті. Ортасында орналасқан поляроидтың өткізу жақытығы басқа екі
поляроидтың өткізу жазықтығымен φ=600. Әр поляроид жұту қабілетіне ие және оған
сызықты поляризацияланған жарық түскен кезде максималды өткізу коэффициенті τ=0,81
құрайды. Жарық интенсивтілігі осы жүйеден өткеннен кейгн неше есеге азаяды? (60 есе)