Жамбас-сан буыны(artculatio coxae) Жамбас-сан буыны барлық жағынан жақсы жетілген бұлшық еттермен жабылған, ол сүйек құрылымдарын /ортан жіліктің басын, ұршық ойысын/ сипап табуды қиындатады. Trochanter minor-ді сипап сезуге болады. Олар пупартов байламынан төмен орналасқан. Fossa acetabuli мықын, шат, отырықшы сүйектерінің біріккен жерінде орналасқан. Алдыңғы –төменгі сегментінде ұршық ойысының жиегінде incisura acetabuli /ойыс/ бар, ол тесікке айналады, өйткені үстінде Lig. transversum acetabuli орналасқан. Acetabuli-дің жиектеріне Labrum glenoidale бекітіледі, ол шеміршек талшықтарынан тұрады. Шеміршектің беті жарты ай тәрізді пішіндес болады. caput femoris-ті гиаинді шеміршек жауып тұрады және ойысы бар, оған Lig. terets бекітіледі. Ортан жіліктің басы мойнына ажыратылады, мойын ортан жіліктің денесінен екі ұршық арқылы бөлініп тұрады.
Буын сөмкесі. Lacum glenoidale-ден басталып алдынан – linea interochanterica-ға, артынан ортан жіліктің мойнының сыртқы және ортаңғы бөлігінің арасына бекітіледі. Ортан жіліктің көп бөлігі жамбас-сан буынының қуысында жатады. Ол синовиальды қабықпен жабылған. Буынды сөмке-сыртқысы–ұзынша және ішкісі-циркулярлы талшықтардан құралған тығыз фиброзды тканьннен құралған.
Жамбас-сан буынының байлам аппараттары Байлам аппараттары төрт байламнан тұрады: 1. Lig. iliofemorale /алдынан/ spina ilei anterior-ден басталып және жартылай Linea intertrochanterica-ға келіп бекітіледі, ал жартылай екі шоғырмен буын қабының /zona orbicularis weberi/ үстінен ортан жіліктің мойнын қоршайды.
Байлам қабықтың алдыңғы бетімен өтеді. Ол денедегі ең мықты /3000 кг/ күшті көтереді байлам. Ол бұлшық ет қимылын тежейді /жазылуын, бүгілуін және сыртқы айналып кетуін/.
Lig. pubocapsulae /ішінен/ eminenta iliopectinea-дай және жапқыш тесіктен жиегінен басталады. Байлам буынның ішкі бетімен өтіп және жартылай trochanter minor-ға бекітіледі, ол жартылай буын қабығына бірігеді.
Lig. ischiocapsulare /артынан/ отырықшы сүйек төмпешігінен басталып, буын қабығының артқы бетімен өтіп және буын қабына бірігеді.
Lig. teres fossa acetabuli-ден басталып және foves capitis femoris-ке бекітеді.
Осы байламдардың арасында нашар бекітілген жерлер қалады, осы жерлер шығып кеткенде ажырап кетеді. Буын қуысы кейде bursa iliopectinea-мен байланысады.
Буынның қанмен қамтамасыз етілуі: A. gluteae inferioris-тің соңғы тармақтарымен, аа. circum flexae femoris medialis және lateralis-пен, a. obturateria-дан a. acetabuli шығады, ол Lig. teres-ке және ортан жіліктің басына кіріп кетеді.
Жүйкеленуі: буынның алдыңғы-сыртқы бөлігі, n. femoralis тармақтарымен, артқы-бөлігі отырықшы сүйектің тармақтарымен қоректендіреді.
Жамбас-сан буынының қозғалысы: бүгілу және жазылу, алып келу, алып кету және айналдыру. Spina ilii anterior және tuberculim pubicum арасы арқылы өтетін ұзынша сызық ұршық ойысын және ортан жіліктің басын екіге тең бөледі. Trochanter majoris ұшы арқылы өтетін көлденең сызық ортан жіліктің ортасы арқылы өтеді. Trochanter majoris ұшы spina ilii anterior superior және tuber ischi-ді біріктіретін сызықта жатады /Roser-Nelaton сызығы/.
Осы сызықтарды пайдаланып ортан жіліктің басының орналасуын және fossa acetabuli-ге қатынасын анықтайды.