Өлең: Абай Құнанбаев (Ғылым таппай мақтанба + на русском) zharar 2020



Pdf көрінісі
Дата13.04.2023
өлшемі18,5 Kb.
#82423
Байланысты:
Өлең Абай Құнанбаев (Ғылым таппай мақтанба на русском) » ZHARAR © 2020



Орын таппай баптанба, 
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ - 
Бес дұшпаның, білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз. 
Жамандық көрсең нәфрәтлі, 
Суытып көңіл тыйсаңыз. 
Жақсылық көрсең ғибрәтлі, 
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене, 
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, 
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер, 
Жанбай жатып сөнсеңіз? 
Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға көңіл бөлсеңіз. 
Білгендердің сөзіне 
27.03.2020, 23:52
Стр. 1 из 1


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет