Олимпиадалық тапсырмалар



бет1/2
Дата27.01.2023
өлшемі73,51 Kb.
#63240
  1   2


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...............................................................................3


Олимпиадалық тапсырмалар..............................................5
5-сынып.................................................................................5
6-сынып.................................................................................8
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............... .....................10

Кіріспе
Болашақ ұрпақ тәрбиесі, адам өмірінің жалғасын тәрбиелеу, парасатты, білімді, саналы, өз халқын, туған елін жан – тәнімен қастерлеп, құрметтей білетін қоғам азаматын баулып өсіру үшін 5,6-сынып оқушыларын күрделі есептерді шешуге және логикалық ойлуға үйрету.
Бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың мынадай дағдылары қалыптасады: 
-оқушы ізденеді:
-тапсырманы дұрыс орындау үшін өздерінің білімдерін пайдаланады:
-тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды:
-оқушының шығармашылығы дамиды:
Жаңа заман талабына сай білім беру бүгінгі таңда өзекті мәселе болғандықтан, шығармашылық қабілеті мол, жан – жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуде мұғалімдерге жаңа педагогикалық
технологияны игеру және оны шебер пайдалана білу аса қажет. Мұғалімнің оқушыларды үнемі өзін – өзі дамытып оқыта білуі, оның оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне көмектеседі.
Математикалық олимпиада мектепте 5 сыныптан бастап өткізіледі. Мектептегі олимпиаданы негізгі мақсаты:
оқушының ой-өрісін кеңейту;
– оқушының математикаға деген қызығушылығын дамыту;
–аудандық, қалалық олимпиадаларда оқушының өзін көрсетуге айқындау үшін онымен бірге жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.
Олимпиадаға қатысушыларға жаднама
1. Барлық есепті оқып,алдымен шығаратыныңызды белгіле.
2. Егер сіз үшін есеп оңай шығарылса, онда сіз есеп шартын түсінбедіңіз немесе қателестіңіз.
3. Егер есеп шықпаса, онда оның шартын ықшамдап алыңыз, немесе соңынан басына қарай шығарыңыз.
4. Бір есеппен отырып қалмаңыз, егер кішкене табысқа жетсеңіз, онда шығару жолын іздеңіз.
5. Бірден есепті шығарып, оның толық шешуін жазыңыз.
6. Егер есепті шығара алмасаңыз, онда оны тастаңыз.
7. Жұмысты өткізбес бұрын, оны жақсылап тексеріңіз.

Олимпиадалық тапсырмалар


5 - СЫНЫП
I-нұсқа

  1. Ребустарды шеш, бірдей әріптерге бірдей цифрлар келеді, ал әр түрлі әріптерге әр түрлі цифрлар сәйкес келеді.




  1. Үйректер ұшып барады: біреуі алдында екеуі соңында және екеуі алдында біреуі екеуінің арасында және үшеуі қатар. Барлығы қанша үйрек?

  2. Кез келген үш натурал санның арасынан әр қашанда қосындысы 2-ге бөлінетін 2 сан табуға болатынын дәлелдең дер.

  3. 13-ке бөлгенде қалдықпен және бөліндісі 17-ге тең болатын ең үлкен бүтін санды табыңдар.

  4. М нүктесі АВ кесіндісінің ортасы, және ОА=а ,ОВ=в болса АВ және ОМ ара қашықтығын тап.

II-нұсқа


  1. Апасына қанша жас болса, немересіне сонша ай болған. Апасы мен немересіне бірге 52 жыл болса, апасына қанша жас, немересі қанша жаста?

  2. Болат үш түзу жүргізіп, одан 6 нүкте белгілеген, сонда әр түзуде үш нүкте болған. Соны салып көрсет.

  3. Үш жұмысшы ботқа пісірді. Бірінші 2 кесе жарма, екінші 1 кесе жарма, ал үшіншісінде ешқандай жарма болмады. Ботқаны барлығы тең бөліп жеді. Үшінші жұмысшы: «Ботқаларыңа рахмет, мен сендерге 50 теңге беремін, сонда менің жеген ботқамды сендер салған жармамен қалай бөліп аласыңдар?» - деді.

  4. 1*2*3*4*5 өрнегіндегі «*» белгіні амалдармен және жақшамен алмастырып 100-ге теңестір.

  5. Ағашты екі бөлікке бөлу үшін 5 теңге төлеу керек. Ал ағашты 10 бөлікке бөлу үшін қанша төлеу керек?

III-нұсқа



  1. Ең үлкен бір орынды санға, ең үлкен екі орынды санды неше рет қосқанда, ең үлкен үш орынды сан шығады?

  2. 7*9+12:3-2-ге жақшаны қойғанда а) 23 ә) 75 шығу керек.

  3. Серік мектепке автобуспен барып, қайтқанда жаяу келеді, сонда барлық жолға 1 сағ 30 минут уақыт жібереді. Егер автобуспен жүрсе 30 минут уақыт жібереді. Егер Серік мектепке жаяу барып қайтса, оған қанша уақыт жібереді?

  4. Балықшылар салмағы 100гр, 200гр, ...., 1900гр 19 балық ұстады. 10 балықшы балықты тең бөліп ала ма? Егер бөлсе қалай? Бөле алмаса неге?

  5. 3 оқушы 3 ұшақты 3 минутта жасайды. Қанша оқушы 9 ұшақты 9 минутта жасайды?

IV-нұсқа


  1. Ең үлкен және ең кіші жеті орынды санды жазыңдар.

  2. Иттер мен үйректерде 44 аяқ және 17 бас бар. Қанша ит, қанша үйрек бар?

  3. Егер оқушы 11 дәптер алса, оның 5 теңгесі қалады, ал егер 15 дәптер алса, онда 7 теңгесі жетпейді. Оқушыда қанша ақша бар?

  4. 5 л және 7 л-ік ыдыс арқылы 6 л суды қалай құяды?

  5. Ұзындығы 16 см, ені 9см тік төртбұрышты қалай тең екі бөлікке бөлуге және одан квадрат құруға болады?

V-нұсқа


  1. Теңдеуді шешіңдер: 2+180:(х-11)=22

  2. Үш дорбада қант, күріш және тары бар. Біріншіде «қант», екіншіде «күріш», ал үшіншіде «қант немесе тары» деп жазылған. Егер бұл жазулар дұрыс болмаса әр дорбада не бар?

  3. Үшбұрыштан төрт төртбұрыш шығатындай кесуге бола ма, болса суретін сал.

  4. 1-ден 9 ға дейінгі сандарды дөңгелектерге орналастырғанда әр түзудегі сандардың қосындысы 15 болу керек. Центрдегі санды тап.





  1. Үш машинаға 7 толық бөшке, 7 жартысына дейін толық бөшке, 7 бос бөшкелер орналастырғанда әр машинадағы бөшкелердің салмағы бірдей болуы керек.

6-СЫНЫП
I-нұсқа



  1. Дөңгелекке 2009 натурал сан жазылған. Қосындысы жұп сан болатын екі көрші сан табылатынын дәлелдеңдер.

  2. Сүтімен шелектің массасы 32 кг, сүтсіз -2кг. Шелектің жартысы сүтпен толтырылса оның массасы қандай?

  3. Үш қыз ақ, көк, жасыл көйлек және сондай туфли киды. Егер Айгүлдің көйлегі мен туфлиі бірдей болса, ал Гулнардың не көйлегі не туфлиі ақ емес, Нүргүлдікі жасыл туфли болды. Әр қыздың көйлегі мен туфлилерінің түрін анықта.

  4. Сыныпта 35 оқушы бар, оның 20-сы математика үйірмесіне, 11- экологияда, 10 оқушы ешқайсына қатыспайды. Нешеуі математикаға да және экология да қатысады?

  5. Мектепте 33 сынып, 1150 оқушы бар. 35 оқушыдан кем оқушысы бар сынып табыла ма?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет