Кітапханашы: «Халқының ғұлама перзенті» шолу
Шоқанға орыс жазушысы М.Достоевский үлкен ықпал етті, онымен ол 1854 жылы Омбы қаласында оны айдаудан кейін Семей гарнизонынан солдат етіп жіберер алдында танысты.
Кадет корпусын аяқталғаннан кейін Шоқан Уәлиханов Омбыда қалды. Жас офицер-қазаққа Батыс Сібір мен Қазақстанның далалық аудандарының генерал-губернаторы Г.Гасфорд назар аударды және оны өзінің адъютанты етіп, мұнымен бір уақытта –ерекше тапсырмалар офицері етіп тағайындады.
Батыс Сібір генерал-губернаторлықта алты жыл қызмет еткеннен кейін Шоқан Уәлиханов Жоңғарияға, Ыстықкөлге, Құлжаға, Қашқарияға бірқатар саяхат жасады, онда география, тарих, этнография бойынша бай материал жинады.
Алғашқы саяхат 1855 жылғы жазда болды, онда ол Сібірдің генерал-губернаторы Гасфордтың Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай бойынша тексеру сапарына ілесіп жүрді.
Қырғызстанға және Шығыс Түркістанға экспедициялардың сәтті аяқталуымен байланысты оған штаб-ротмистр, содан кейін ротмистр шені берілді.
Омбыда Шоқан жиналған матреиалды өңдеу жұмысын істеді, жерді пайдалану, рулық қатынастар мәселелері бойынша жазбаларды, «Іле өлкесінің географиялық очеркін» жазды. 1856 жылғы көктемде Шоқан Ыстықкөлге барды. Топ сұлтандар мен албан, жалайыр, дулат руларының билерінен құралды.
Экспедиция мақсаты – Ыстықкөл көлінің бассейініне топографиялық түсірілім жаса, қырғыз халқымен танысу. «Біз, - деп жазды Ш.Уәлиханов, - экспедицияға қатысу құрметіне ие болдық және осы тас дәуіріндегідей жабайы қырғыздар арасында екі ай тұрып, олардың аңыздары мен тілдерін зерттей отырып, түрлі оң мәліметтер жинай алдық».
Ғылым тұрғыдан алғанда бұл апар Шоқан үшін жемісті болды, күнделіктер жазылды, суреттер салынды. Бағыт – Семей, Аягөз, Алакөл арқылы Ыстықкөлдегі Орталық Тянь-Шанға қарай. Физикалық-географиялық сипаттаумен қатар тәжірибелік кеңестер, белгілі бір өңірге шаруашылық баға берді.
П.Семенов Тянь-Шанский Шоқан Уәлихановтың: «Шығыс тарихы және қырғыздармен тайпалас халықтардың ерекшелігі бойынша тамаша білімдар» екені туралы жазды.
Шоқан оның ғылыми зерттеулеріне көмек көрсетті.
1856 жылдың соңында П.Семенов Петербургке есептермен бірге Шоқанды Орыс география қоғамының нақты мүшелігіне қабылдауға ұсыныс жасап, Шоқан туралы мақтаулы мінездеме жіберді. 1857 жылы география қоғамының мүшелігіне қабылданып, П.Семенов Шоқанды география бойынша ғылыми әдебиетпен таныстырды және Петербургке барып, шығыс факультетінде курсты тыңдауға талпынысын қолдады. Тпсырманы орындап, экспедицияда үш ай болып Шоқан өз білімін кеңейтті, досы Г.Потанинмен бірге толықтыру үшін мұрағатқа бас қойыды, онда олар жарлықтарды, командирлердің, хандардың, сауда және дипломатиялық миссия басшыларының есептерін оқыды.
Жас Ш.Уәлихановтың ғылыми нәтижелері «Ыстықкөлдегі саяхат күнделігі», «Қытай империясның батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар», жаңа мәліметтермен толықтырылған «Ыстықкөлге саяхат күнделігі», «Жоңғария очерктері» атты сапар кезіндегі очерктерінде көрстетілген. Бұрын жазған бұл жұмыстарын Ш.Уәлиханов жиырма жасында жазған. Шоқан Орыс географиялық қоғамына белсенді қатысты. Географиялық қоғамда Шоқан Уәлиханов К.Риттердің еңбектерін басып шығаруға дайындауға қатысты, Қазақстан мен Орта Азияның географиясы мен этнографиясы бойынша материал жасады, Шығыс Түркістанда, Тянь-Шань және Қырғызстан туралы қоғам мүшелеріне лекция оқыды. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туған өлкені зерттеуге қосқан үлесі баға жетпес. Ол кейінгі ұрпаққа зор мұра қалдырды: 23 жастағы Шоқан Қашқарияға барған саяхатымен бүкіл дүниежүзіне белгілі болды, ол ержүрек саяхатшы және талантты ғылым ретінде танылды.
1861 жылғы көктемде ауруына байланысты оған Петербургтен кетуге тура келді. Шоқан өзінің сүйікті Даласында қалуға мәжбүр болды.
Үйіне оралған Шоқан әкесінің ауылы Сырымбетте тұрды, онда нашарлаған денсаулықты жақсартуға барлық жағдай жасалған еді. Денсаулығының әлсіз болуына қарамастан Шоқан Уәлиханов далада жан-жақты ғылыми жұмыспен тынбай айналысты.
1864 жылдың көктемінде Шоқан Уәлиханов полковник М.Чернаевтың экспедициясына қосылды және Оңтүстік Қазақстанды басып алған қоқан әскеріне қарсы істерге қатысты. Экспедиция мақсаты – Орта Азияның Ресейге қосылуын аяқтау. Ол Әулие Ата бекінісін алуға қатысты.
Қосылу келіссөздер жүргізу арқылы бейбіт жолмен болуы тиіс еді, Шоқан осы үшін іссапарға жіберілген болатын, бірақ Черняев жергілікті халыққа аса қаталдық жасады.
Шоқан бір топ офицерлер тобыме 1864 жылғы шлдеде Верный қаласына қайтты, әрі қарай қазақтардың Албан-Тезек руының аға сұлтанының ауылына барды, ол жерде қарындасы Айсараға үйленді.
Тезек ауылында ол қазақ аңыздары мен әңгімелерін жинауды жалғастырды, Батыс Қытайдағы жағдай туралы материалды қорытындылады. Кейде Қапалға баратын. Петербургпен байланыс жасап тұрды. Оның соңғы мақаласы «Русский инвалид» («Орыс мүгедегі») журналының 1965 жылғы № 51 нөмірінде жариялнды.
Шоқан бұзылған денсаулығын қалпына келтіре алмады. Ол 1865 жылғы 10 сәуірде Алтын Емел қырқасының етегіде Көшен-Тоған шатқалындағы Тезектің ауылында қайтыс болып, сол жерге жерленді.
Достарыңызбен бөлісу: |