Өлшем мақсаты бақыланатын объектіні сипаттайтын физикалық шаманың мәнін алу болып табылады. Өлшемнің бірнеше түрлері бар



Дата06.10.2023
өлшемі16,52 Kb.
#113079
Байланысты:
мәліметтер


Физикалық шамалар мен бірліктердің түрлері. Физикалық шамалар бірлік жүйелері. Стандарттау. Эталондар.Өлшем арнайы құралдардың көмегімен орындалатын және қабылданған өлшем бірліктерінде өлшенетін шаманың сандық мәнін табу мақсатымен орындалатын іс-қимылдардың жиынтығы.
Өлшем мақсаты бақыланатын объектіні сипаттайтын физикалық шаманың мәнін алу болып табылады. Өлшемнің бірнеше түрлері бар.
Өлшеу объектісі болып табылатыны негізгі және туынды болып бөлінетін физикалық шамалар.
Негізгі физикалық шамалар шамалар жүйесіне кіреді және бір-бірінен тәуелсіз болады. Олар өзге де физикалық шамалармен байланыс орнату үшін қолданылады.
Туынды физикалық шамалар шамалар жүйесіне кіреді және оларды негізгі физикалық шамалармен байланыстыратын теңдеулер арқылы анықтайды.
Негізгі шамаларға өлшемнің негізгі бірліктері, ал туындыға - өлшемнің туынды бірліктері сәйкес келеді.
Негізгі және туынды бірліктердің жиынтығын физикалық шамалардың бірлік жүйесі деп атайды.
Бірліктердің алғашқы жүйесі болып метрлік жүйе танылады, мұнда негізгі бірлік ретінде метр, ал масса бірлігіне – грамм қабылданған, яғни плюс 4 °С. Температура кезіндегі 1см3 химиялық таза судың массасы. 1799 ж. метр мен килограмның алғашқы түпнұсқалары (эталондары) дайындалды. Бұл бірліктерден басқа метрлік жүйенің алғашқы нұсқасы өзіне аудан бірлігін – ар (10м жағынан текше ауданы), көлем бірлігін - стер (10м қабырғалы куб) және сыйымдылық бірлігін – литрді (0,1м қабырғалы куб) қосқан.
1832ж. бірлік жүйесінің ұғымы енгізілді (негізгі және туынды бірліктердің жиынтығы). Негізгі бірліктер ретінде: ұзындық бірлігі— миллиметр, масса бірлігі — миллиграмм, уақыт бірлігі — секунд қабылданды. Бұл бірліктер жүйесін абсолютті деп атайды.
1881ж. негізгі шамалардың алғашқы әріптерінен құрылған СГС физикалық шамалардың бірліктер жүйесі қабылданды: санти¬метр, грамм, секунд.Бүгінде кең таралымға Халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ) ие болған, оның негізгі бірліктері:

  • ұзындық бірлігі 1/299792458 секунд ішінде жарықтың вакуумнан өту жолына тең метр;

  • масса бірлігіплатина және иридий қорытпа цилиндрін ұсынатын килограмның халықаралық түпнұсқа массасына тең келетін килограмм;

уақыт бірлігісәуле шығару ұзақтығына 9192631770 тең, сыртқы өрістер жағынан қарсылықтың болмаған жағдайында цезий -133 атомының негізгі жағдайының екі өте жұқа деңгейлер арасындағы ауысымға тең келетін секунд;
— электр тоқ күшінің бірлігі — өзгермейтін тоқтың күшіне тең келетін ампер, шексіз ұзындықтағы екі паралельді өткізгіштен өткен кездегі және шеңбердің көлденең қимасының ең аз ауданына, вакуумде бір-бірінен 1 м. қашықтықта орналасқан, 2*10-7 Н тең келетін ұзындығы 1 м. өткізгіштің әрбір нүктесінде өзара әсерлесү күшіне тең келетін шама;

  • термодинамикалық температура бірлігі — судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігіне тең кельвин (Цельсия шкаласын қолдануға болады);

  • зат мөлшерінің бірлігі — моль, 0,012 кг массалы 12-көмірқышқылының құрамында қанша атомдар болса, құрамында сонша құрылымдық элементтері бар жүйенің зат мөлшері;

  • жарық күшінің бірлігі — кандела, 540 • 1012 Гц жиілікпен монохроматты сәуле шығаратын, бұл бағыттағы сәуле шығару энергетикалық күші 1/683 Вт/ср (бір стерадианға бір ватт тең келеді) құрайтын көздің белгіленген бағытындағы жарықтың күші.

СИ жүйесінде негізгі бірліктерден басқа жазық және дене бұрыштарын өлшеу үшін қосымша сәйкес бірліктер – радиан және стерадиан бар, сонымен қатар кеңістік пен уақыттың, механикадағы, электроникадағы, акустикадағы және т.б. физикалық шамалардың көптеген туынды бірліктер саны бар. Сонымен бірге жүйеден тыс бірліктерде қолданылады, мысалы, тонна, тәулік, литр, гектар және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет