Омарова А. Т., Мамытканов Д. К. ӘЛеуметтік жұмыстың этикалық негіздері алматы 2018



бет13/27
Дата13.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#73675
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
treatise140523 (1)

Өзін-өзі билеушілік әлеуметтік қызметкердің практикалық қызметінде әрқашан қажет. Объективті қажетті әрекетті орындауда саналы билеушілікті көздеу, қызметтік процесте пайда болған кедергіні жоюға қабілеттілігі және бастаған істі аяғына дейін жеткізу әлеуметтік қызметкердің жұмыс тәжірибиесін жинау, нәтижесін дамыту және өзінің әлсіздігін жеңудегі сапасы болып табылады.
Өзін-өзі билеушілік әлеуметтік қызметкерге өзін жеңуге ғана емес, сонымен қатар клиенттің пассивтілігін жеңуге арналған, яғни, бұл оның өзіне деген сенімсіздік, өзінің күшіне және мүмкіндіктеріне сенімсіздік, бақытсыз адам ретінде ойда қалыптасуы, социумда уақыттында функциялана алмауын ескереді, әлеуметтік қызметкердің өзін-өзі билеушілігі клиентті қайта тексеруге мәжбүр етеді, өзінің күйіндегі әлсіздікті жеңу қызметті белсеңді қосу және сонымен бірге әлеуметтік белсенділікті және өзінің жеке потенциалын жоғарылатады.
Эмпатия – бұл эмоционалдық жағдайды түсіну, еніп кету, басқа адамның қайғысын сезіну, әлеуметтік қызметкердің қажетті тұлға бөлігіндегі эмпатияға деген қабілеттілік, көбінесе өзін клиенттің орнына қоя білумен анықталады. Бұл сапа маманның өмірлік және кәсіби тәжірибиесін жинақтау мөлшерінде дамиды.
Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби құндылығы ол өзінің клиентімен ең бірінші рет кездескенде басқа біреудің қайғысына ортақтасуға өзінің қабілеттілігін ерікті және еріксіз көрсетеді. Ешқандай сапасыз көңіл бөлу клиентті алдай алмайды, ол немқұрайлылықты және екіжүзділікті түйсікпен сезінеді. Көңіл білдіру және қайғы әрқашан клиентпен бағаланады. Көптеген зерттеу нәтижелерінің көрсетуінше, өзінің кәсіби міндетін пайдаланатын әлеуметтік қызметкерлер емес, бірақ ол клиентке немқұрайлы болады, ал керісінше, ол клиентті тыңдай алады және сезінеді, тіпті егер ол өзінің міндетін еәсіби түрде орындамайтын басқа қызметкер болса да.
Өздігінен жетуге талпыну – тек қана маманның кәсіби өсуіне үнемі талпынуында практикалық тәжірибиенің болуы. Дағдылар жаңа теориялық білімде ғана пайда болмайды, сонымен қатар рухани және адамгершілікке жету, өзінің моральдік сапасының жоғарлауы және жетістіктерді жеңу, әсіресе оның жұмыс сапасына жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Әлеуметтік қызметкердің өздігінен жету бұл аясы тар мақсат емес, дегенмен, әрбір тұлға үшін өзінің кәсіби және рухани сапанына өздігінен жеткізу басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Маман ретінде адаммен жұмыс істеу саласында әлеуметтік қызметкер өзінің қызметін, көбінесе заңдылық актілерін реттемейді, сонымен қатар моральді нормаларды, принциптерді және ережелерді реттейді. Әлеуметтік қызметкердің адамгершілігі тек өзіне ғана бағытталмайды, сонымен бірге клиентке де әсер етеді. Кейін жазылған мақалаларда көрсетілгендей, «әлеуметтік жұмыс – бұл мамандық емес, ол – диогноз.
Жоғары моральдік сапа әлеуметтік қызметкерге өзінің әрекетін және мінезін өз бетімен реттеуге, өз-өзін бақылауға және моральдік өз-өзіне баға беруді іске асыруға рұқсат береді. Өздігінен жетудегі әлеуметтік қызметкердің талпынысы клиент үшін жағымды мәселе болады немесе керісінше, клиенттен белсеңді әрекетті, жеке потенциалын максималды іске асыру өте қиын, егер ол көнсе әлеуметтік қызметкер өзіне ешқандай қатал талапты ұсынбаса, талап ету қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет