Омарова А. Т., Мамытканов Д. К. ӘЛеуметтік жұмыстың этикалық негіздері алматы 2018



бет16/27
Дата13.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#73675
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Кәсіби этика міндеттері кәсіби топ өкілдерінің және олардың бірлестіктерінің мінез-құлқы мен әрекеттерінен, қатынастарының нормативті реттелуінен, әлеуметтік сала мамандарының кәсби ерекшеліктеріне сай этикалық сана-сезімін қалыптастырудан көрінеді.
Әлеуметтік қызметкердің негізгі этикалық категориялары – кәсіби этикалық қатынастар, этикалық сана, этикалық әрекеттер мен мамандардың кәсіби борышы.
Әлеуметтік жұмыс этикасы - әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандардың кәсіби мораль теориясы (доктринасы); идеалдар мен құндылықтар жүйесі, сондай-ақ мінез-құлықтың этикалық қағидаттары мен нормалары.
Бұған қоса, әлеуметтік жұмыс этикасы маманның жеке тұлғаға деген талаптары және оларды жүзеге асыру әлеуметтік қызметтердің табысты жұмыс істеуінің маңызды шарты болып табылады. Айта кету керек, әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикалық жүйесінің негізі – барлық мамандықтан талап етілетін кәсіби мораль болып табылады. Мораль, өз кезегінде, мемлекет пен қоғамның мамандық алдына қойылған әлеуметтік тапсырысты орындайтын қызметті орындайды, ол әлеуметтік жұмыстың мамандық ретіндегі мәнін ашады.
Әлеуметтік қызметкердің негізгі қызметі ретінде әлеуметтік қызметкердің клиентке және оның мәселесін шешуге әсер ету деңгейі деп түсіну қажет. Әлеуметтік қызметкердің функциялары мемлекет пен қоғам тарапынан қойылған мақсаттар мен міндеттерден туындайды және әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері мәнін ашады.
Г.П. Медведева үш негізгі қызметті функцияны корсетеді: біріншіден, бұл мемлекет пен қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындайтын, әлеуметтік қызметтің қорытынды нәтижесіне бағытталған, әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметтерін қамтитын әлеуметтік қызметтер.
Маңыздылығы бойынша, екінші қызмет – кәсіби-тәжірибелік қызметтер, оған, превентивті, реттеулік, болжаулық, үйлестірмелік және т.б. қызметтер жатады.
Үшінші қызмет – адамгершілік-гуманистік, яғни жеке маман тұлғасына және оның клиентіне моральдық-гуманистік әсер ету. Оған, бағалаушылық, коммуникативтік, тәрбиелік, ақпараттық және т.б. қызмет түрлерін жатқызуға болады.
Бағалау қызметі әлеуметтік қызметкердің мінез-құлқы мен әрекеттерінің моральдық нормалар мен қағидаттарға сәйкестігі тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді, үдеріске қатысушылардың мақсаттары мен міндеттерін, олардың ұмтылыстары мен ниеттерін, сондай-ақ мақсатқа жету үшін олардың таңдаған құралдарын, олардың соңғы нәтижелерін анықтайды.
Реттеу қызметінің міндеті болып әлеуметтік қызметкердің мінез-құлқы мен әрекетін әртүрлі ситуацияларда әлеуметтік жұмыстың іс-әрекетіне сәйкес реттеу табылады.
Ұйымдастыру және басқару қызметтері әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруды әлеуметтік қызметкердің мінез-құлқы мен әрекетін әлеуметтік басқару арқылы жақсартуға бағытталады.
Мотивациялық қызмет - бұл қызметтің әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан мойындалғанн мотивтерін қалыптастыру құралы.
Үйлестірушілік қызметтің міндеті клиентке әлеуметтік көмек көрсетуге қатысушылардың барлығының ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
Регламенттеуші қызмет - бұл әлеуметтік қызмет көрсетуші орындардың (ұйымдардың, орталықтардың) мақсаттарды, клиентке көмек көрсетудің әдістері мен құралдарын таңдауын білдіреді.
Әлеуметтік жұмыстың ерекше қызметі алдын-алу қызметі. Оның мәні әлеуметтік қызметкердің клиентке және қоғамға зиян келтіретін іс-әрекеттер мен әрекеттердің алдын-алуға бағытталған.
Әлеуметтік жұмыс этикасының барлық жоғарыда аталған қызметтері іс-әрекеттің соңғы нәтижесіне, ең алдымен, қоғамның жағдайына, әл-ауқатына, тұрақтылығы мен дамуына бағытталған. Олар әлеуметтік қызметкердің жұмысы нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін үлкен мәнге ие. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, әлеуметтік қызметкердің кәсіби моралының алуан түрлілігі осы мамандықтың әлеуметтік мәнділігінің жоғары болуымен байланысты деген тұжырым шығаруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет