Өмір және өлім . Өмірдің мәні сол емес па Адам болмысы философиядағы басты проблемалардың бірі болып табылады. Адамның табиғаты, мәні, бағыт-бағдары философиядағы антропологиялық мәселелердің өзектілігін және ерекшелігін анықтайды. Адамның философиялық концепциясы ғылымдардың жалпы философияның негізі ретінде көрініс бере отырып, еңбек, сана, ұжымдылық деген сияқты адамның тектік мәнінің негізгі формаларын талдайды. Мұнда антропосоциогенез процесінде сананы, сонымен бірге заттық- практикалық қызметті қалыптастыратын негізгі факторлар болып табылатын тіл мен еңбектің роліне көп көңіл бөлінеді. Адамның тіршілігін үйлестіруге, оның құндылығы мен мәнін анықтауға деген ұмтылыстар идеалды адам концепцияларында жүзеге асырылып, философияда гуманистік дәстүрді тудырды. Адамның индивидуалды тіршілігінің ақыры, өмірі, өлім және өміршеңдік /бессмертия/ мәселелері, «өлуге құқылы» / Эвтаназия/ мәселесі, адам өмірінің әлеуметтік және биологиялық және әлеуметтік жалғастығы сияқты философиялық гуманизмнің классикалық мәселелері қазіргі заманымызда да актуальды. Бірыңғай әлемдік қауымдастықты қалыптастырып, дамыту сияқты интеграциялық процестер қазіргі заманда адамзат тағдырын ғаламдық тұрғыдан қарастыруды біргейлі идеясын адам мен адамзаттың бір-біріне өзара қарым-қатынасының философиялық негіз етіп алады. Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет берді. Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, табына беру десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп санады. Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны «нирвана» деп атайды. Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. Адамды азаптан құтқарудың бұл жолы дұрыс па бұрыс па оны мәселе қылып отырған жоқ, тек буддизм философиясының адам мәселесін ең жоғары биікке көтеріп, өзін түгелдей соған арнағаны жайында болып отыр.
Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам мәселесі – философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»,- депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
Адамдардың ғұмыр бойы ақыл-ойдың толысу дәрежесене жете де алмай қалуы қажап емес. Өйткені ақыл-ой практикалық қызметпен байланысты бола отырып, әрбір адамның дүниеге кең пейілмен,адал жүрекпен, ыстық сезіммен қарауды, адамзаттың тағдырына, қоғамның дамуына барынша назар аударып, соған атсалысып, үлес қосуды талап етеді. Ендеше ақыл-ой әрбір адамды, жеке индивитті қоғам өмірінің қайнаған мыс қазанына қарай жетелейді. Сол қазанның қайнауынан өткен индивид қана ақылға ие болып, қоғамдық өмірдің мәнін түсіне алады. «Практикалық мақсаттар көздеген күшті ақыл-жер бетіндегі ең жақсы ақыл» - деген болатын И.Гете. Ал, Л. Толстой болса «Адамды билейтін де, илейтін де – орта» депті. Олай болса, сол ортаның өзіне, яғни адамның ақылына сыйымсыз болған, нашар қоғамға қөңіл аудару, оны ақылды турде өзгертіп, адамның ойын, санасын азғындықтан, топастықтан тазарту өте күрделі мәселе екендігі рас.
Ақыл-ой халықтың, әрбір ұлттың рухымен тығыз байланысты. «Ақыл-ой дегеніміз-рух» деген Гегельдің тұжырымы бар. Сондықтан да, Гегельдің ойынша, рух –ақиқаттың тікелей өзі болғандықтан, ол- адамдардың адамгершілік өмірі, соның айнасы. Алдымен өмір-жеке индивиттің, адамның өмірі. Ақыл-ой адамның мәнімен байланысты. Ол адамның бойындағы білімі, санасы, ыстық сезімімен бірге, оның адамдық қасиеті арқылы да бағаланады.
Адамгершілік қасиет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен бірге қайнасып, жетіледі. Сондықтан да, адамгершіліктің мәнін абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшеліктермен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамның адамгершілігі – оның ең жоғары қасиеті былайша айтсақ, кісілігі. Оның негізгі белгілерінің бірі - өзі үшін ғана емес, елі, қоғамы үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылуы, соған дайын болуы. «Өзің үшін еңбек қылсаң, - дейді Абай,- өзі үшін ортаға хайуанның бірі боласың. Досыңа достық - қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол» ақылды, мейірімді адамды кез келген уақытта өзінің жақсылығын бағалағыш болып келеді. Арлы адам- ардақты. Біздің өткен тарихымыз – біздің арымыз. Арымыз таза болса, тарихымызда таза.