Өмір жолы жобасын даярлау

бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі15,6 Kb.
#117615
1   2   3
Байланысты:
Өмір жолы жобасын даярлау-emirsaba.org

Әрине, өмір жолы – даңғыл емес.Өрі де, ылдиы да жетерлік.Өмір сынынан сүрінбей өту – әр адамзаттың парызы.Әрбір адам аңсаған арманына жету үшін өмір бойы күреседі.Талаптанады, талпынады.Өмірдің бір «кірпіші» болып қалануға бар ынта-жігерін салады. «Адам болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға» деп, Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай, адамға қанат бітіретін ол – ой-қиялы, мақсат-мүддесі.Армансыз, мақсатсыз адам жарықсыз үңгірмен тең.Өмірге келгесін, артымызда өшпестей із қалдырмасақ та, адамгершілік пен рухани құндылықтарды ұмытуымызға болмайды. Өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. «Көп адам өзінің өмірге не үшін келгенін, не үшін өмір сүріп жатқанын білмей өтіп жатыр.» деп, Джан жазғандай, сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады.Соңғысы, әрине, өкінішті-ақ. Өмір – күрес.Ең бастысы «дүние алма-кезек» дегендей, жалғандағы барша қиындықтың уақытша екенін ұғынып, «өмір» атты кемеде қатарыңнан қалмай, жолыңда кездескен қиындықтардың барлығын да жеңе білу керек.Сонда ғана біз өмірдің ғажайыптылығын сезіне аламыз.Менің түсінігімше, өмір – теңдесі жоқ, құдіретті күш иесінің бізге ұсынған сыйлығы.Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырды баянды да бақытты өткізгенге не жетсін, шіркін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет