Өмір жолы жобасын даярлау


Эссе “Менің мансаптық және кәсіби өсуім”



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі15,6 Kb.
#117615
1   2   3
Байланысты:
Өмір жолы жобасын даярлау-emirsaba.org

Эссе “Менің мансаптық және кәсіби өсуім”

Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті: өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады.Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.Жалпы, үлкен өмірге қадам басқан сәттен-ақ көп дүниелерге таңдау жасауға тура келеді.Ата-аналарымыз бала күнімізде үнемі біз үшін таңдау жасап,болашағымыздың жарқын болуына ықпал етсе,енді міне,есейіп,бойжеткен шағымызда барлық таңдау тікелей өзіміздің қалауымызбен жасалатын болды. Сәби күнімізде ойыншық таңдап,оқушы шағымызда мектептегі пәндер мен дос-құрбылар таңдай бастасақ,ал қазір міне мамандық таңдап,болашақты айқындайтын сәтте жетіп қалды. Мен болашақ кәсібімді таңдауға келгенде көп қиналып,ұзақ ойланған жоқпын.Өйткені мен жастайымнан есеп-қисапқа,сызуға,құрастыруға,сурет салуға өте жақын болатынмын.Cол себепті мен “Құрылысшы” мамандығын тандадым.Қазіргі таңда бұл мамандыққа сейкес оқуымды сүйіспеншілікпен,ынта-жігермен,құлшыныспен оқу үстіндемін. Және бұл менің болашақ кәсібіме дайындығым. Осылайша, кəсіпке дайындық адамның мақсатына жетудегі барлық іс- əрекетін басқаруға əсер етіп отыратын ерекше сипатымен түсіндіріледі.

Кәсіби денсаулықты сақтау


http://melimde.com


http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет