Өмір Кәріпұлы мысал әҢгімелер



Pdf көрінісі
Дата07.04.2017
өлшемі96,55 Kb.
#11198

Жазушының қойын кітапшасынан 

Өмір Кәріпұлы 

МЫСАЛ 

ӘҢГІМЕЛЕР 

1. ҚЫТЫМЫР 

Жартас аяқ астынан ілік шығарды. 

Толқынды көк мөлдір көлге соқты. 

- Мазасызсың барып тұрған! Ты-

нымдык жоқ қой сенде. Ереуілдеп тол-

кыныңмен түйгіштегеніне жыным 

келеді. 


- Толқындар саған еркелейді емес 

пе, - Көл жуып шайды, - Қайта құрыс-

тырысың жазылып сергисің. 

- Керек емессің! - Жартас ашуға 

басты. - Толқыныңмен қоса құры. Жа-

қындама маңыма! Осыдан жағалауға 

таяп көр! Көл таусар құстарды қапта-

тып, тіке қу тақыр қып тастайын. 

- Мейлі онда,- деді де Көл тол-

қынын кері серпіп жағалаудан бірте-

бірте алыстап бара жатты. 

Жартастың қыбы қанды. Тыныш-

тық алып ұйқыға бейімделді. Қатты 

ұйықтаған екен, шошып оянып төңіре-

гін шолғаңда, көзі атыздай болды. Жа-

ғалау қаңырап бос қалыпты. Көл мүлде 

алыстап кетіпті. Бұйра жалданып зорая 

биіктеп алғандай ма. Сағымданып ас-

панмен астасып жатыр. «Құстар қайда 

кеткен?! - деді күңіреністі үнмен. -

Оларға тиіскен жоқ едім. Қырыма ал-

ғаным дәйексіз көпіршік көл болатын. 

Жайы кете бастады. Күннің өткір 

сәулесі жонына инеше қадалып жалын-

ға шарпылғандай арқасы ашыды. 

Тынысы тарылып аптапқа шыдай алмай 

теңселеңдеді. Қабырғасы сөгілгендей 

боп, сауыры шытынады. Бәрінен де 

бұрын үнсіздік қинады. Онсыз да 

түксиіңкі қабағы тіптен қалыңдап, қына 

басқан арқа-басы құрт жеміргендей 

борып сала берген. Күні кеше ғана еді-

ау құс базарына айналғаны. 

Жартас асқына торықты. Қытымыр 

мазасыз әдетіне өкінді. Көк мөлдір ай-

дын көз ұшында бұлаңытып сағымда-

нып жатты. Мұны табалағаны ма асау 

толқыны арыстан жалдана көкке шап-

шиды. «Көл-ау, естимісің! - деп күңі-

ренді Жартас, - Келе ғой, қайт райын-

нан! Қайта табысайық. «Болмайды, 

ендігің далбаса! - деп дауыстады Көл, 

- «Қалған көңіл қайтқан суымен тең». 

Тұр солай қатып семіп. Сендейлердің 

сазайы жалғыздық. 

Жартас үнсіз қалды. Түксиген суық 

калпында түн қараңғылығына еніп бара 

жатты. 


2. ЖАС ҚЫРАН 

- Ә й , жалпылдақ! - деді Тышқаншы 

бүркіт қанаты енді-енді қатая бастаған 

Тірнекке тақап келіп, - Түлкі бүрген 

неңді алған!? Жембасарыңды шайнатып 

арандап қаласың ғой. 

- Ә, солай ма?— деп Жас бүркіт 

баршын тартқан ата бүркітке мойын 

бұрды. 

- Қарашы маған! - Тышқаншы 



бүркіт дүрдие қопсыды. - Тұрпатымда 

артық мін бар ма? Қанат-құйрығым 

селкеусіз. Тырнақтарым да мұқалмаған. 

Тегеурінім мен жембасарым бәз 

калпында. Қандауырдай лыпып тұр. 

- Мұңдай табысқа қалай ие болдың! 

- деп таң қалғансыды Тірнек. -

Расында бой-басыңда бір мін жоқ. 

- Мойындарсың, балақан! - Тыш-

қаншы жанағыдан бетер дүрдиді, - Құс 

тектісі біздер боламыз түбінде. Біздің әу-

лет өсіп-өніп молығып келеді. Сендерде 

қосылыңдар біздің қатарымызға. 

Алдымен жассын ғой, сен ыңғай бер. 

- Ұяластарымнан ұят болмай ма? 

- Несі ұят? - Тышқаншы бүркіт 

Тірнекке уыттана тесірейді, - Мақтан-

ның заманы өткен: «Құс тектісі қыран-

быз. Арқар мен таутеке де құтылмайды. 

Түлкінің сорымыз боса-болмаса. Қас-

қырды да бүріп түсеміз»,- деген астам 

кеуде ендігі жерде бос әурешілік. -

Тышқаншы атанғандағы мақсатыңыз 

не?- деді Тірнек шегір көзі от шашып, 

- Құйтақандай ғана болымсыз тышқан 

ілгенде қырандарда нендей қасиет 

қалады?! Басқаларға мазақ боламыз ғой. 

- Ақымақшылық-ай! - деді Тышқаншы 

бүркіт қанатын қомдап, - Қырандық 

ендігі жерде бүркіттерге үйлеспейді 

демедім бе?! Жер бетінен жойылып 

құрып кетпеу үшін, көзге түспей елеусіз 

бұғып қана жүруіміз керек. Сонда ғана 

аман қаламыз. Әйтпесе бар ма жұмыр 

бастылардың мазағына ұшырап, солар-

дың қолбала кұсына айналып, торға 

қамалып итшілеумен күн кешеміз. 

- Болмайды! - деді көзіне уыт жи-

ған Тірнек дүр сілкініп, - Ұяда не көр-

сем, соны ілемін. Қырандарға биіктеп 

ұшқан жарасады. 

- Олай болса, өз обалың өзіңе,-

Тышқаншы амалы таусылған шарасыз-

дықпен күшігенше қопсыды, - Тек 

жүрсең, тоқ жүресін. Ұрыншақтанып 

азулыға ұрынсаң, бірде болмаса бірде 

мүлт кетіп топшынды кетіріп, тұяғыңды 

алдырасын. Тілімді ал, тышқан аулауға 

бейімдел. Сонда қауіп-қатерден аман 

жүресің. Алаңсыз ұзақ жасайсың. 

- Ата бүркіт мені ездікке емес ерлік-

ке, қыран боласың деп баулыған! - деді 

Тірнек көзіне уыт жинап. - Тышқаншы 

боп күнелткенімше жартасқа соғылып 

жоқ боламын. 

- Қыршыныңнан қиылып кетпе, — 

Тышқаншы оны уытсыз жіпсік көзімен 

арбады, - Ойлан. Әлі де кеш емес. 

3. КЕРЕНАУ 

Тазы тұрықты еді. Кеудесі ауқымды. 

Бүкіс бел, түлкі құрсақтың нақ өзі. 

Тұмсығы үшкіл. Азусыз да емес. 

- Осы сен не бітіресің?- деді Төрт 

көз Қара төбет үйшігінің аузында 

шоқиып отырған Тазыға, — Не түлкі 

алмайсың, не қораға үрмейсің. 

- Түлкі жоқ болса ше? 

- Онда қасқыр ал. 

- Өзін не бітіргендейсің? — деді 

Тазы қуыстанып. 

- Адамдарды ұры-қарыдан, ит-

құстан қорғаймын,- деді Төбет. 

- Олар сенің қызметіне зәру емес,-

деді Тазы одан жеңілгенді ар көріп. -

Итаршымын десеңші одан да. Жағынуға 

жаның құмар иеңе. 

- Сен ше? 

- Мен деген асыл текті тұқымымын 

салпан құлақтардың. 

- Сондағы қасиетің үй күшік 

марғаулығың ба?! 

- Сыпамын,- деді Тазы, - абаған 

емеспін. Бостан боска байбаламдап 

үретін, мазасыздықтан адамын. Қомағай 

емеспін. Сен тәрізді ашқарақтанып 

бұралып асай бермеймін. 

- Қысы-жазы үй қарасын көрмей, 

желдің өтінде, жаудын бетінде жүрсең 

көрер едім сенің сыпалығыңды. 

Адамдарға нағыз сүйеніш біздерміз. Сен 

құсаған тоңғақ үйкүшік емеспін. 

Тазы тосылды. 

- Төбетпісің деген осы-ау! - деді де 

үйшігіне кіріп жатып қалды. 

- Керенауым жат солай! - деді 

Төбет ұйқысы кеп тұрса да кергігеңді ар 

санап. 

4. СҮЗЕГЕН 



Қара сиыр әрі жұлқынды, бері 

жұлқынды. Бас жібін үзіп босанып алды 

да, байлаудағы тайынша-торпақтарды 

сүзгілей бастады. 

- Біз не жаздық саған?! - деді олар 

азан-қазан боп. Алдыңнан кесе өтпейміз. 

Ақырдағы шөбіне іштарлық етпейміз. 

- Сасықсыңдар түге! Жапалай 

бересіңдер - деді Қара сиыр көзін ша-

тынатып, -Ашқарақсындар және өзде-

рің. Жем-шөп бір сендерден артыл-

майды. 


- Сүт беремін иеме. Сүтім қою, әрі 

мол. Бір сауғанда шелекті толтыра-

мын,-деді Ала сиыр сүзегеннен тайсал-

май, - Сен тәрізді алақұрсақ емеспін. 

Жыл сайын бұзаулаймын. Құнарлымын. 

Сол үшін де маған үлес мол тиеді. 

-Солай ма? Онда саған көрсетейін 

кереметті - Қара сиыр көк құнажын мен 

алаға мүйізін ала ұмтылды, - Сонда мен 

бұзауламайтын тақыс болғаным ғой!? 

Құнарсыз тандыр емшек болғаным ғой!? 

Үшкіл мүйізін Ала сиырдың жұқа 

шабына төндіріп іреп өткенде жанталас-

қан Ала өкіріп жіберді. 

Ел орынға отырған мезгіл-тін. 

Отағасы ашты қораның сыртқы есігін. 

Соңынан бәйбішесі де келді. 

- Өй, мүйізің құрғыр!- деп кіжіңді 

ол, -Тұқылың ғана қалдырып аралап 

тастамасам ба сен мәліктің мүйізін! 

- Е, оның жазығы не?! — деп шап 

етті әйел, — Малдың басы емес пе? 

- Барып тұрған сүзеген, — деді 

күйеуі оған, — Қызыл құнажынды жа-

рып тастағаны қайда? Қоңыр торпақты 

сүзгілеп-сүзгілеп және жайғады. Құтты 

сен сықылды. Маңайындағыларға күн 

көрсетпейтін. 

— Е, ненді бүлдірдім?! 

— Шайпаусың! Бейапарсың барып 

тұрған! 

— Сенің де жетіскенің шамалы! — 

деді әйел шаптығып, — Ынжықсың! 

Жігерсіз өлі сүйексің. 

— Құдай сенен сақтасын! — деді 

отағасы өзін зорға тежеп, — Бауырыңнан 

өрген балаларыңа мейірімің жоқ. 

Келінді шыдатпай оны қуасың. Күйеу 

баланы қушықтап-қушықтап, қызыңды 

байдан айырып және тындың. Менің 

туыстарымды осы үйдің есігінен қарат-

пай қойған сен емеспісің?! Жора-

жолдастан да бездірдің. Көрші-қолаңға 

да жайсызсың. | 

Әйел айқайға басты. 

— Ойбай, мыйа сүңет не дейді-ей?! 

— Сүйдеймін! - деді еркек 

жұдырығын бейапардың тұмсығына 

төңдіріп. — Мұрнынды бет қылайын ба 

осы! Үндемегенге әбден дәсерсіп 

барасың. 

Отағасы қара сиырға айыр ала ұм-

тылды. Бұрышқа тықсырып қабырға 

лығынан аямай соқты. Қолына жармас-

қан әйелін желкеден бір түйіп етпетінен 

түсірді. Байбаламшыл долы қатын 

«ойбай-аттанға» басып далаға қашты. 

Отағасы Қара сиырды саудалап 

көріп еді, өз бағасына ешкім ала қой-

мады. Сосын оны жеке қамады. Байлау-

дан босатпай және тұқыртты. Шөп пен 

жемді айырмады аузынан. Семіртіп 

сатып жібермекші еді. 

Сүзеген байлаудан мезі болды, 

әбден зерікті. Іш-құсалыққа ұрынып 

имиіп жүдей берді күннен-күнге. 

— Қайтгым райдан! Сүзеген әдетімді 

тастаймын, — деп қоймай-қоймай 

азынасын-ай, — Келіңдерші мұнда. 

Бірге болайық. Сыямыз бір қораға. 

Басқа бөліктегі сиырлар: — 

Сенбейміз мұныңа. Зәрезеп боп түңіліп 

біттік сенен,- деп мөңіресті. 

Қара сиыр басын жұтып тынды. 

Ақырға үйелеп боғы ауып оңалмады да 

пышақка ілінді. Иесі өкінбеді. Сүзеген-

нен құтылғанына қуанды. Әйелінен де 

алыстаған. Жалғыз ұлының келінше-

гімен қырбайласа берген шайпау жазған 

күйеуінен ажырап, жесір отырған 

қызының қолына барған-ды. 

Отағасы түртініп қорада жүреді. Күн 

көріске деп ұстап отырған төрт-бес 

қараға шөп салып алдарына жем төгеді. 

Бел шешіп жан шақырған соң, сүйкімді 

немересін алдына алып, ұзақ-ұзақ 

өбектейді, айналып толғанады. Есік 

тықырына елегізеді. Қырық жыл жолдас 

бәйбішесін іштей іздейтін тәрізді. Келіп 

калатын шығар деп үміттенеді. Бір 

жақсысы қорадағы сиырлар тыныш. 

5. ҮНЕМ СОЗАР 

Қар суымен молығып екпіндей 

тасыған Жылға Бұлақты жарысқа 

шақырғандай боп: 

— Кел катарласа ағайық! — деді. 

— Болмайды,— деді Бұлақ. 

— Әйеншексің-ау осы сен? — деді 

Жылға қынжылып. 

— Мінезім солай. 

— Бойкүйезбін десеңші одан да, — 

Жылға тас қайнарды көпіршік атқан 

асау ағысымен бастырмалатты. - Сөзді 

қой да ілес маған! 

Бұлақ елікпеді. Тереңнен шымыр-

лап ағатын машығынан жаңылмады. 

Көктем ығысып жазға жол берді. 

Өзендер асау екпінін бәсендетті. 

Ж ы л а н ш ы қ өзек тартылып құрғап 

қалды. Ми қайнатар ыстықтан бұғынған 

Жылға жанын қоярға жер таппай 

жанталасты. Тас бұлақтан жалынып 

жәрдем сұрады. 

— Үнем созар едің  ғ о й , бөліссеңші 

қайнарыңнан! — деп күңіренді. Бара-

бара екпіні бәсендеп мүлде сарқылды. 

Бұлақ бір қалыпты ағысынан 

танбады. Күміс үнді бәз қалпында еді. 

7. АМАЛСЫЗДЫҚ 

Шығар күнді мұңайыңқы қарсы 

алды. Ұйқы ашар әніне құлықсыз еді. 

— Қайырлы таң! — деді үй шатырына 

түнеп шыққан Ала мысық. — Қайдан 

жүрсің, сүйкімді құс? Сені де өзіне 

тартқан ғой шаһардың мәгіниті. 

— Қала дегені осы ма? - деді 

Қарлығаш мысықты бір түрлі іш 

тартып, — Өзің не қып жүрсің мұнда?! 

Ауыл мысығы тәріздісің. Көзіме жылы 

көріндің. 

— Дәл айтасың,— деді Ала мысық 

көңілденіп. — Ием осында көшіп кел-

ген. Үйді таба алмай қалып, қаңғыбас 

болып жүрмін. 

— Қиын екен жағдайың, — Қарлы-

ғаш оған аяушылық білдірді. Менің де 

тірлігім онша емес. Амалсыздан жүрмін 

мұнда. Ұя салған мекенімді өрт алды. 

Мүтін жаз бойы өртеңді елсіз дала. Аң-

құс мекенінен безді. Шөп атаулы енді 

қайтып өспестей боп күлге айналды. 

Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқалар да 

жалынға жұтылды. Енді-енді қара 

қанаттанып келе жатқан балапандары-

мызды құтқарып қаламын деп жүргенде 

сынарымды жалын жұтты. 

—Қалаға қалай тап болдың? 

— Күйік исі шығып қоңырсыған 

далада қорексіз қалдым ғой. 

— Мұнда қалай екен? 

— Өлместің күні. Бау-бақшалықты 

төңіректеймін,— деді Қарлығаш мұ-

найып, — Мына бір үйдің ауласы ағашты 

екен. Гүлдің неше түрі бар. Шыбын-

шіркейге өзек жалғап, бірді-екілі 

көбелек ұстап жеп, өлместін күнін 

кешіп... 

— Бұл — дөкейдін саяжайы,— деді 

мысық өзінше білгішсіп. — Қарау-

ылшысы бар үйді сыртынан бақылай-

мын. Мені тіке атады. Сені калай 

еркінсітіп қойды екен?! 

— Іш тартатын тәрізді. 

, — Оңда бағың жанайын деген 

екен,— деді Ала мысық кекесінмен, — 

Сенімен азайып көбеймес, тұрып қал 

осында. 

— Тұрмаймын қалада! —деді Қар-

лығаш шыр-пыр боп, — Еркін де бейбіт 

сағымы бұланытқан кең далаға не 

жетсін! 

Ала мысық тағалық түйсікпен 

жонын дүрдитті. 

— Мен қайбір жетісіп жүр дейсің? 

Ауылда үй-үйдің арасында тышқан 

аңдып баспалаған кайран мұңсыз да 

қамсыз күндерім-ай! Ұйықтамайды 

мұндағылар. Мазасыз шетінен. Ажыл-, 

гүріл, даң-дұңнан құлағым бітеліп 

қалады. Емін-еркін алаңсыз жүріп-тұру 

мүмкін емес. Әрлі-берлі зулаған желді 

аяқтың табанына жаншылып қалуың 

кәдік. Сан мысық ажал құшты. Рахым-

сыз және өздері. Аяғына оратылғанды 

шам көреді, тіке теуіп жібереді. 

Сыртқа саяжай қожайыны шықты. 

— Дөкей осы кісі,— деді мысық 

басыңқы үнмен, —Арыз-арманыңды 

айтып қал. 

— Тындай ма? 

— Тыңдамаса өзі білсін. 

— Дөкей кісі, мені көріп тұрмысың? 

— деп Қарлығаш нәзік үнін созды. — 

Байтақ даладан сая таппай қалдым, 

өртеніп жатыр. Жерді иесіз тастауға 

бола ма?! Адамдарды неге бір жерге 

жинай бересіздер? Ұйқысыздық дертіне 

шалдығып жүрмей ме? Біздер, қарлы-

ғаштар, ежелден адамдардың досымыз. 

Сендерге тілекшіміз. 

Дөкей жан-жағына қарағыштады. 

Биік дуалмен қоршалған сәнді үйдің 

дарбазасын күзеткен сақшыны 

шақырып алып: 

— Бір дыбыс шыққан тәрізді,— деді 

мұртын қопсытып, — Жансыз боп 

жүрмесін, байқашы. 

— Құс қой шиқылдаған,— деді 

сақшы бейбіт пішінде, — Қарлығаш емес 

пе? Адамдардын ең жақын досы. 

Дөкей басын шайқады. 

— Құс тұмауы өршіп тұрған жоқ емес 

пе? Үркітіп жібер! Әйтпесе, «тырс» 

дегізе сал. Осында бір қаңғыбас мысық 

жүр. Ұстап алып көзін жойыңдар 

бүгіннен қалдырмай. 

Қарлығаш мықтының тәрізінен 

сескенейін деді. Мысықты іздеп еді, 

жасырынып қалыпты. Енді не тұрыс 

бар? Іле қомдады қанатын. Лыпыған 

ұшқыр жылдамдықпен биіктей ұшып 

кете барған-ды. 

Даласына жетуге асығып еді. 

Орталық Қазақстан. - 2008. - 17 мамыр (№76-77) . - 8 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет